- •2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.
- •3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы
- •1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
- •2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
- •3.Джайнизм.
- •1. Джайнизмнің негізін салушы.
- •2.Шива құдайның негізгі функциясы.
- •3.Даосизм өркендеуі..
- •1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.
- •2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.
- •3.Тотемизм.
- •1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
- •2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
- •3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
- •1)Дінтануда діннің теориялары.
- •Магияны зерттеудің мақсаты.
- •Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.
- •Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.
- •1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.
- •2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.
- •3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
- •1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.
- •2.Уаһһабшылдық ілімі.
- •3.Дін психологиясының негізі.
- •1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.
- •2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.
- •3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.
- •Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.
- •1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері
- •2. Ислам дінінің пайда болуы.
- •3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі
- •1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
- •2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
- •3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
- •1.Саентологиядағы негізгі ұғымдар
- •2.Сатана шіркеуі мүшелерінің ұстану ережелері
- •3.Дінтануда анимизм теориясы алғаш рет кімнің еңбегінде жан-жақты талданды?
1. Джайнизмнің негізін салушы.
2.Шива құдайның негізгі функциясы.
3.Даосизм өркендеуі..
1. Джаинизмнің негiзiн қалаған кшатрий Махавира Вардхамана болып есептеледi, ол қазiргi замандық үндi Бихар штатының территориясында б.э. дейiнгi VI ғ. өмiр сүрген. Отыз жасқа дейiн ол қарапайым пенде өмiрiн кешкен: үйленген, бiр қызды болған, бiрақ содан кейiн бүкiл өзiнiң мүлкiн таратып тастап, дүниеден безiп кетедi және көптеген жылдары бойы ел кезiп жүредi. 12 жылдан кейiн пiрәдар және тақуа «жоғары бiлiмге» жетiп, Джинаға – «жеңушiге» (аса құрметтелетiн дiни ұстаздарға берiлетiн атақ) айналады. Тағы үш он жылдық бойы Джина, сондай-ақ Махавира («ұлы батыр») ел кезе жүрiп жаңа сенiмдi уағыздайды, оған көптеген шәкiрттерiн қаратады және ақырында “соңғы азаптан босатылу”, нирванаға қол жеткiзедi. Джаинистер Махавираның жиырма төртiншi тиртханкар (жол жасаушы) болғанына сенедi. Жиырма төрт тиртханкарлардың бiрiншiсi – Ришабха патша адамдар әлi санауды, жазуды, тамақ iстеудi бiлмейтiн кезде өмiр сүрген.. Ришабха адамдарға тамақ ішуден бастап, көптеген басқа нәрселерге үйрете отырып, болашақ дiнге негiз қалаған.Джайнистiк дiни әдебиет дiн оқытушыларының өмiр сүрген уақытына қарағанда, неғұрлым кейiнгi кезеңге жатады. Және джаинизм туралы алғашқы дәлелдер (Ашока патшаның жазбалары) мен жазбаша ереженiң алғашқы нұсқасы б.э. дейiнгi III ғ. пайда болды. Ал джайнизмнiң дiни-философиялық жүйесiнiң өзi б.э. дейiнгi I мыңжылдықтың ортасында қалыптасты. Осы кезеңiнде Үндiстанда Ведалардың беделiн және соған негiзделген ғұрыптық-әлеуметтiк нормаларды жоққа шығаратын көптеген ортодоксальдық емес ағымдар мен мектептер пайда болды. Ведалық-брахмандық дәстүрдiң дiни-философиялық мазмұнын түбегейлi өзгерткен идеялардың кешенi негiзiнде джайнизмнiң дiни жүйесi қалыптасты. Бұған қоса, бұрынғы дiннiң ғұрыптық жағын, дәстүрлi рәсiмдердiң көбiсiн жаңа iлiм өзiне қабылдады.
2. Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол – өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама формасында еркектік өмір жасаушы бастама ретінде табыну өте көп таралған.Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батылдық көрсеткендіктен, оны көбінесе қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен би құдайы да болып келеді. Бидің қозғалы-сындағы Шиваның төрт қолы оның құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін бейнелейді. Қастарының орта-сындағы үшінші көз де жоюшылық күшті білдіреді.Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. Соның бірі шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша шактидің көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде көптеген әйел құдайлар пайда болды. Солардың ішінде Дурға мен Калиге сыйынушылар өте көп.
3. Даосизм. б.э.д. VI-Vғ.ғ. калыптасқан бұл ілім «Дао дэ цзин» немесе «жол мен құт қағидасы» жазылғаннан кейін пайда болған. Бұл ілімнің негізін салушы Лао-цзы. Даосизмнің Конфуцийлықтан айырмашылығы - мұнда қоғамдық мәселелерге аз көңіл бөлінді. Даошыларда діни мистицизм басым болды. Бүл ілім бойынша дао принциптері бүкіл әлемдік сипатта болды. Сондай-ақ адамдардың мінез-құлқын белгіледі. Дао ілімі бойынша храмға кірген адам бірден қасиетті үш табынушысы Сан-цинді көреді. Бұл үштік түрінде. Екінші қатарда жоғары түрған Ю-хуан-шань-ди құдіретті құдай, әлемді жаратушы. Дао ілімі бойынша табиғат, адам, уақыт, кеңістік бэрі де өзгеріп отырады. Тек дао ғана тұрақты. Дао ешкімге тәуелді емес. Бұл ілім бойынша бүкіл ортаның қожайыны даомен үйлесіп дамуы тиіс. Дао ілімінің материалистік сипаты басым.
Емтихан билеті №7
1.Иегова куәгерлерінің Қазақстанға келуі және қызметі.
2.Алғашқы Иерусалим храмдары пайда болуы.
3.Діни жетекшіліктің түрлері.
Иегова куәгерлерінің Қазақстанға келуі және қызметі.
Республикамызда белсенді әрекет етіп жатқан діни ұйым - «Иегова куәгерлері», бұл діни ұйымның негізін ХІХ- ғасырда АҚШ-тың Питсбург қаласында (Пенсильвания штаты) Чарльз Тейз Рассель деген азамат қалаған. Қазақстанға Иегова куәгерлері ХІХ-ғасырдың аяғы ХХ- басында патшалық Ресей тұсында келген. Қазіргі таңда елімізде шамамен 105 бірлестігі мен оның 14,5 миллиондай мүшесі бар. Иегова куәгерлері Қазақстанды ресми түрде Қорған (орталығы Қостанай қаласы) және Шымкент деп екі аймаққа бөледі. Бүгінгі күнде еліміздің аумағында жиырма үш ғибадат орындары (Патшалық сарай) бар. Батыстағы діндестері көмек ретінде көп мөлшерде қаржы бөліп тұрады.
Иегова куәгерлері христиандардың протестанттық бағытының сектасы болып табылады. Бұлармен бірге ХІХ-ХХ-ғасырда протестантизмнің аясында «Христяндық ғылым», «Исаның шәкірттері», «7- күн Адвинтестері» секталары пайда болған. Барлық дәстүрлі діндер сияқты Иегова куәгерлері де жамандық істі есірткі қолданба, арақ- шарап ішуге тиым салып, жақсылықты уағыздайды. Бірақ кейде іс- әрекеттері уағыздарына кереғар шығып жатады. Мысалы, Исаны еске алу күні туралы: «Өлер алдындағы кеште Иса Мәсіх ашытқысыз пісірілген нан мен қызыл шарабы бар тостақанды елшілеріне беріп, шарапты ішіп, нанды жеу керектігін айтады. Сонымен қатар оларға: «Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! (Лұқа 22.19)»-деп шарап ішуді уағыздайды. Иеговалықтарда қазақ менталитетін бұзуға арналған идеялар мен уағыздар жетіп артылады. Олар бірін- бірі «бауырластар» деп атайды. Уағыздарында «Бауырластар үлкен- кішіңе қарамастан бір-біріңе «Сіз» деп емес «Сен» деп сөйлеңдер»-деп насихаттайды. Иегова тек өзіне ғана бас иіп, өзін барлығынан биік қоюға уағыздайды. Иегова үшін отбасыңнан бас тарта біл деген де қағида бар. Олар: Иеговаға кіргендерге қарсылық болады. Ата- ананның, туыстарыңның, бала-шағаңның қарсылығына қарамай, Киелі кітапты оқы, зертте. Иегованы бірінші кезекке қой. Отбасыңның қарсылығын жеңе білуің керек деп үгіттейді.
Алғашқы Иерусалим храмдары пайда болуы.
Иерусалим немесе әл-Құдыс (ивр. יְרוּשָׁלַיִם — Йерушалаим (ақп.); араб.: القُدس — әл-Құдс (ақп.), «Киелі». Тәурат пен Інжілде араб.: أورشليم Ұршалим; Исраелде ресми: араб.: أورشليم القدس Ұршалим-әл-Құдс (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңізі сушекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.
Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израил мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израил егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды.
Діни жетекшіліктің түрлері.
Дін ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға көмектеседі, біріктіреді, отанның тарихына мақтаныш сезімін ұялатады, өзінің халқына, оның мәдениетіне, салт - дәстүріне деген сүйіспеншілікті оятады. Бірақ, ол сонымен қоса жеке тұлғадағы ең төменгі сезімді: басқа дінге сенушілерге деген жеккөрушілікті, шовинизм мен ұлтшылдықты қоздыруы мүмкін. Шовинизм мен ұлтшылдықтың нағыз түрі национал - радикализм, фашизм, лаңкестік, адамдарға қастандық.
Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм кеңінен таралуда. Діни ұйымдардың басқа мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етуге әрекеті қауіпті сипат алып келеді.
Оның қауіптілігі сол, діни экстремистік ұйымдар қандай - да бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасайды және бұл істе өзінің қатарына жастарды тартады.
1. ҚР Конституциясының 5 бабында діни ұйымдар мен діндер жөнінде: «Мақсаты – конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың біртұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздігіне зиянын тигізуге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, қауымдастық және туыстық араздықты таратуға, сонымен бірге заңмен қарастырылмаған әскери құрамалар құруға бағытталған қоғамдық ұйымдарды құруға, әрекет етуіне тыйым салынады».
2. ҚР территориясында 250 - ге жуық шетел миссионерлері жұмыс жасайды. Олардың ішінде исламды немесе басқа дінді жамылып, өздерінің саяси немесе басқа да мақсаттарына жетуге тырысатындары да бар. Бұндай ұйымның жақтаушылары өздерінің қатарына жоғарғы оқу орны ғимараттарының немесе қоғамдық орындардың жанында үгіт қағаздарын, ал кейде есірткі тарата отырып жастарды тартады. Арналған тапсырмалар беріледі. Әр топтың жетекшілері Не себепті жастар, ал кейде оқыған, жасы толған адамдардың өзі осындай үгіттеулердің әсеріне түсіп қалады?
Емтихан билеті №8
