Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы

Методизм (методистік шіркеу) – АҚШ-та, Англияда тараған протестанттық шіркеу. XVIII ғ. Англикандық шіркеуден діни жазбаларда жүйелілік пен әдістемелікті қолдануды талап ету арқылы бөлініп шыққан. Методисттер діни төзімділік пен мойынсұнушылықты уағыздайды. Оның жиындары Методистедің Құдайға құлшылықтары 1766 ж. бастап колонияларда жүргізіле бастады. Методизмнің дін оқыту ережелері 25 қағида түрінде баяндалған, бұл (Джон Уэслидің ағылшындық сенім символы туралы 39 мақаладан жасағаны) қысқарған түрінде ұсынылды. Методистер үш бірдей құдайға сенеді және сенім сұрақтарында жәнепрактикалық өмірде Інжілді жоғарғы бедел ретінде көреді. Олар күнә нақтылығын мақұлдайды және сонымен қатар кешірім мүмкіншілігі мен өтелудің мүмкіншілігіне де сенеді. Уэсли алдын ала анықтау кальвинистік ілімді мойындамады және методистер оның артынан адамдардың барлығы бірдей құтқарылуы мүмкін деп есептейді және олар өздерінің құтқарылу фактілері туралы білу жағдайында деп есептейді. Методистер сонымен қатар адам толық христиандық жетілуге ұмтыла отырып – сенім, өкіну және қасиеттілік арқылы – рақатта өсе алады деп сенеді, бүкіл ғұмырға созылған бұл процесті Уэсли киелендіру деп атады. Методисттер шоқыну құпияшылдығын және Құдайлық Кештерді, (Евхаристиенің) Қасиетті Причастиені мойындайды. Әдетте нәрестелерді шоқындырады, бірақ шоқындыру ер жеткен жасқа дейін қалдырылуы мүмкін. Шоқындыру құю арқылы немесе бүрку арқылы іске асады, бірақ жалпыға ортақ бүрку болып келеді. Шоқынған балалар шіркеу статистикасымен шіркеудің толық құқықты мүшелері ретінде саналмайды. Методизм қоғамы «сыныптардан» тұрады, әр сыныпта 12-20 адамнан бар, «сыныптар» жалбарыну, уағыздарды және т.б. тыңдау үшін тұрақты түрде жиналып отырады. Методистер қоғамы суперинтенданттар басқаратын (АҚШ-та суперинтендантттардға епископтың титулы берілген, сондықтан американдық методистер шіркеуі епископтық деп аталады) аймақтық ұйымдарға бағынады. Методистік шіркеудің ең жоғарғы органы ол – жыл сайынғы конференция. 1881 жылы Дүние жүзілік методистік кеңес құрылды, 10 жылда 1 рет Дүние жүзілік методистік конференцияны шақыратын.

Емтихан билеті №3

1.Баптизмде Құдай туралы ілімінің идеясы.

2. Жетінші күн адвентистері,діннің негізін салушы және ілімдік негіздері.

3. «Мифология» ұғымы.

1. Баптизмде Құдай туралы ілімінің идеясы.

Баптистер – христиандық протестанттық діни ағым. Баптистердің пікірінше, шынайы Шіркеу - шіркеулік иерархияны қажетсінбейтін дінге сенушілерден түрады. Шіркеудің мемлекеттен болінуін талап етеді. Жалпы, баптистер қатып қалған діни наным-сенімдерден аулақ, өз идеологиялық негізін Евангелиядан алады. Оларға қатаң моральдық принциптер тән, мысалы.: темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады. Англиядан кейін АҚШ бүл дінді таратудың әлемдік орталығы болып табылады

2. Жетінші күн адвентистері,діннің негізін салушы және ілімдік негіздері.

Жетінші күн адвентистері дегеніміз ― бұл қалыптасқан шіркеулердің ілімдерімен келіспейтін, сондай ― ақ сенім мен өмірдің жалғыз ғана ережесі болып табылатын Киелі Жазбаға сүйенетін шіркеу. Ол Мәсіх Исаның екінші рет жер бетіне келетініне сенеді және Киелі Кітапта берілген Құдайдың он заңын, оның ішінде заңның тыныштық күні ретінде адамзатқа берілген «сенбі күнін естен шығармаңдар» деген бабын мойындайды (Мысырдан көшу Исход 20: 8-11). Жетінші күн адвентистері адвентистік қозғалыстың ішіндегі ең ірі өздігінен құрылған бірікке ұйым болып табылады. Барлық әлем бойынша оның құрамында 16 миллион адам бар.

Жетінші күн адвентистері Мәсіх Исаның Құдайдың рухани Ұлы екеніне және Оның мәңгілік болғанына, сондай – ақ бола беретіне сенеді. Оның Мариям қыздан туғанын, жер бетінде күнәсіз өмір сүргенін және адамзатты мәңгілік ажалдан құтқарып қалу үшін Өз өмірін қиып, қанын төккенін мойындайды. Сонымен қоса адвентистер Мәсіхтің қайта тіріліп, көкке көтерілгенін және аспанда Ұлы Алғашқы Діни Қызметкер ретінде Өз қызметін атқарып жатқанын мойындайды және Оның жерге қайтып келуін күтуде. Адвентистер Мәсіхтің мың жылдық патшалығы туылмастан бұрын Оның екінші рет жер бетіне келуінің жеке мінездемесі барын атап айтады. Олар ақыр заман туралы Киелі Кітаптағы аянның міне–міне орындалатына сенеді. Мәсіх қай уақытта екені белгісіз қайтып келіп мың жылдық патшалығын құрады. Жоғарыда сөз болып отырған ақыр заманның алдында шіркеулерде рухани сыйлар қайта қалпына келеді, оның ішінде пайғамбарлық сый.

Жетінші күн адвентистері барлық әлем бойынша 4000 мыңнан астам оқу орындарын қаражатпен қамтиді, сол сияқты олар ауруханалар мен емделу орындарында, тәрбиелеу үйлері мен кәрілер үйлерінде жұмыс жасайды және қайырымдылық ұжымдарында киім және тамақ таратумен айналысады.

Жетінші күн адвентистері барлық жер шарында тұратын адамдарға Исаның (Ғайсаның) Ізгі хабарын уағыздайды. Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі әлем бойынша 220 мемлекетте қызмет жасайды. Оның құрамына Құдайға құлшылық жасайтын 16 миллион мүшелері мен қонақтары бар 50 000 қауым кіреді. Қазақстанда Жетінші Күн Адвентистері өткен ғасырдың басында пайда болды. 1902 жылы алғашқы адвентистік қауымдар Өскеменде, Семейде, Ақмола аймағының Рождественка ауылында, Қостанай аймағында пайда болды. 2002 жылы Қазақстандағы Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі өзінің жүз жылдық мерей тойын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда 72 шіркеу, оның мүшелігінде тұрған 4000 адам және бірнеше мыңдаған қонақтары бар.

3. «Мифология» ұғымы.

Мифология ұғымына келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей гректің mifos – аңыз, ертегі және logos- ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебеп формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік пен субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік-тарихи типтеріне мифология мен дін жатады. Мифология термині екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі – белгілі бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың көне дүниетанымының көрінісі саналатын мифтер жүйесі, екіншісі – мифтер мен мифтік дүниетанымды, оның өнер түрлерімен басқа да қоғамдық сана формаларына әсерін зерттейтін ғылым саласы. Мифтегі оқиғалар мифтік дәуірде болып өткен. Мифтік дәуірде барлық заттар мен құбылыстар пайда болып, осы күнгі түр-түсі, ерекшелігін иеленгендіктен бұл уақыт қасиетті уақыт деп түсінілген. Мифтік сана бойынша заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі теңестіріле байланыстырылған.

Миф — ата-бабалардың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалами, оның жеке дүниелері, сол ғаламның алғашқы пенделерінің өмірі хақындағы түсініктері. Олардың қатарына аспан, жер, су дүниесі мен жер асты, осылардың тұрғындары, яки тәңірлер мен тәңіриелер, құбыжықтар мен перілер, дәулер, жасампаз батырлар мен ел терушілер, ілкі адамдар, ғажайып мақұлықтар мен заттар, т.б. жатады. Мифология дегеніміз — солар туралы аңыз-әңгімелердің жиынтығы және ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы — аталмыш аңыздарды, олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді. Миф — адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, сондықтан қазақ мифологиясын меңгеру қазақ психологиясындағы, әдет-ғұрпындағы, мәдениеті мен әдебиетіндегі, тарихындағы әлі күнге шейін түсініксіз ақтаңдақ болып отырған тұстарына түгел болмаса да белгілі мөлшерде жаңаша қарауға көмектесе алады. Қазақ халқы - көшпелі халық, оның көшпелі тұрмыс-салтын тастағаны күні кеше ғана. Бұл қазақ мәдениетінің негізі — көшпелі мұра, салт, ғұрып, сенім, рәсім мен ауыз әдебиеті сияқтылар кешенінен тұрады деген сөз. Ал қазақ мәдениеті дегеніміздің өзі осы көшпелі мәдениеттің ғасырлық - территориялық соңғы қорытындысы, қазақ үшін бұлар экзотика бола алмайды, өйткені ол - өмір. Қазақ мифологиясы — бүгінгі қазақ халқын жасауға қатысқан бірнеше мыңжылдық көшпелі ру-тайпалардың "орташа" алынған өздері, дүние-ғалам, өмір туралы түсініктерінің, ежелгі танымдарының бірыңғай жүйесі. Қазақта айқын, "мөлдір сипатты" мифология жоқ. Ол ауыз әдебиеті мұраларының — жырлар мен дастандардың, әртүрлі шежіре аңыздардың, ертегілердің, жұмбақ пен мақал-мәтелдің, фразеологизм мен діни әфсаналардың астарында, сондай-ақ қазақ тілінің сөздік қорының қойнауында жасырынып жатыр.

Емтихан билеті №4

1. Қазақстандағы евангелдік христиан-баптистер.

2. Зороастризмнің пайда болуы.

3. Иегова куәгерлерінің ілімдік негіздері.

1. Қазақстандағы евангелдік христиан-баптистер.

Қазақстандағы протестанттар Евангелдік христиан-баптист және Лютеран деген екі бөліктен тұрады. Баптистер елімізді ХІХ ғасырдан мекендеп келеді, қазір ұзын-саны 11 мың адам шамасында. 218 шіркеуі бар.

Кеңес үкіметінің ыдырауына таман Қазақстанда 109 евангелді христиан-баптисттер қауымы тіркелген еді, бұл мұсылман мешіттерінен екі есе көп көрсеткіш. ХХ ғ. 90-ж. лютерандар, меннониттер көрсеткіші төмендеді, бұл осы діни сенімдерді ұстанатын неміс және өзге де ұлттардың Ресей, Германия секілді тарихи отандарына көшуі себеп болды.

Қазіргі кезде баптисттердің арасында орыс, украин, белорус, казақтар мен корелер көптеп кездеседі. Осы себепті, дінге сенушілердің басым бөлігін құраған немістердің тарихи отандарына оралуына қарамастан қауым саны өсіп отырды. Мұны статистикадан да көруге болады: егер 1993 ж. 129 баптисттік бірлестік жұмыс істесе, 2002 ж. – 281, 2007 ж. – 290 бірлестік жұмыс істеді.

2. Зороастризмнің пайда болуы.

Заратуштрашылдықзороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.

Зардұштшылық – отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестадаайтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.

Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Заратуштрашылдық ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.

Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегімаздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілндеөзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

3. Иегова куәгерлерінің ілімдік негіздері.

Алғашында өздерін «Інжілді зерттеушілер» деп атаған олар тек 1931 жылы ғана қазіргі атауға ие болып, әлемнің өзге де елдеріне тез тарай бастады. Бұл «құдай ұйымына» мүшелікке өту, олардың пікірінше, - Иегова Құдайының таңдаулысы атану. Былайша айтқанда, сені Ол қалады, сондықтан сен осы ортаға келдің. Қауым мүшелеріне қойылатын басты талаптардың бірі – ұйымға адал болу. Мәселен, өткізілетін жиналыстарына міндетті түрде қатысу, өмірлік жұбайыңды қауым мүшелері қатарынан таңдау, ұйымынан шығып кеткен адаммен, мейлі ол туысқаның болса да, байланысыңды түбегейлі үзу, қауым бастығына өзіңнің тұрмыс жағдайың жөнінде ештеңені қалдырмай есеп беріп отыру – бұлар ұйымға мүше болған адамның бұлжымас міндеті. «Иегова куәгерлері» өздерін христианбыз деп есептейді. Алайда, Ресейдің көптеген шіркеу басылары бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, «Иегова куәгерлері» ілімінде жүргендерге өз ұйымына қатысты айтылған сынды қабылдауға, басқа христиан храмдарына кіруге тыйым салынған. Ендеше, олардың қай жері христиан? Інжілді өзгертіп, өздерінің мақсат-мүдделеріне сай тәржімелеп алған «Иегова куәгерлерін» АҚШ-та «рухани қарақшылар» деп атайды екен. Біздіңше, осы атауды қолданған бәрінен дұрыс сияқты. Өйткені, аталмыш секта мүшелерінің айтқан сөздері мен ұстанымдарынан адамды жалғыз Жаратушыға табындырудың емес, қаныпезер қарақшылықтың белгісі айқын көрінетіні рас.

Емтихан билеті №5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]