- •2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.
- •3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы
- •1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
- •2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
- •3.Джайнизм.
- •1. Джайнизмнің негізін салушы.
- •2.Шива құдайның негізгі функциясы.
- •3.Даосизм өркендеуі..
- •1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.
- •2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.
- •3.Тотемизм.
- •1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
- •2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
- •3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
- •1)Дінтануда діннің теориялары.
- •Магияны зерттеудің мақсаты.
- •Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.
- •Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.
- •1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.
- •2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.
- •3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
- •1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.
- •2.Уаһһабшылдық ілімі.
- •3.Дін психологиясының негізі.
- •1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.
- •2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.
- •3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.
- •Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.
- •1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері
- •2. Ислам дінінің пайда болуы.
- •3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі
- •1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
- •2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
- •3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
- •1.Саентологиядағы негізгі ұғымдар
- •2.Сатана шіркеуі мүшелерінің ұстану ережелері
- •3.Дінтануда анимизм теориясы алғаш рет кімнің еңбегінде жан-жақты талданды?
1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
1.Ежелгі Египет діні туралы «Өлілер кітабында» біршама деректер бар. Бұл кітапта басқа да деректер мол.Онда мумия туралы, о дүние туралы, қайтыс болғандарды жерлеуде айтылатын өлеңдер, әндер туралы нұсқаулар бар. Өлген адамдарды соттау жөнінде арнайы тарау бар. Сотты өлілердің Құдайы Осирис жүргізеді. Ежелгі Египетте көп құдайлық орын алған. Ежелгі египеттіктер құдайлар мен жындар әрекеттесе алады деп түсінді. Сонымен қатар Египетте әртүрлі жануарларға табыну орын алды. Әсіресе, қолтырауынға табыну орын алды. Бұқаға табыну, жер жырту мен ер адамның күшіне табыну ретінде пайда болды. Қасиетті Апис бұқасына табыну көп кездесті. Ең жоғарғы құдай ретінде күн құдайы Ра танылды. Сондай-құдайлардың әртүрлі аттары да болды. Атон — күн ең жоғарғы жалғыз құдай. Исида - ұлы ана құдай. Тот - ай кұдайы. Себек - су қүдайы, т.б.Фараондар Ра кұдайдың ұлы немесе құдайдың өзі деп танылды. Фараонға табыну орын алды. Пирамидалар Фараондардың мәңгілік өмір сүретін қабірі ретінде салынды.Ежелғі Египетте абыздар үлкен рөл атқарды. Қасиетті табыну орындарында жоғарғы абыздар табыну рәсімін жүргізді. Абыздар Фараонға жақын адамдар болды. Олар сол кездеғі білімдерді терең меңгерді.Александр Македонский Египетті жаулап алды. Ол - Египеттегі Александрия каласын салдырушы. Осы калада әлемнің жеті кереметінің бірі «Александрия маяғын» тұрғызды. Египеттіктер А. Македонскийге кұдай ретінде табынды. Абыздар оны фараон және Амон құдайдың ұлы деп жариялады.
2.Кришна санасы қоғамының негізін индиялық монах А.Ч.Бхактиведантта Свами (кейінірек Шри Прабхупада 1896-1978 ж.) қалаған. Ол 1965-66 жылы Нью-Йоркта халықаралық кришна қоғамын салғанын жариялады. Біршама кітаптар жазды. Оның ілімі бойынша Құдай - Жоғарғы жан-жақты дамыған Тіршілік иесі - Жаратушы Шри Кришна болып табылады. Ол 3 аспектіде: Брахман (Жеке тұлғалық белгісі жоқ барлық жерге енетін рух);Параматма (Әрбір тіршілік иесінің жүрегінде және атомның кез келген туындысында болатын Жоғарғы жан); Вхагабан (Қудайдың Жоғарғы жеке тұлғасы - Параматма және Вхагабанның негізгі қайнар көзі).1970 жылдан бастап Бхактиведанта Бук Траст баспасы Прабхупаданың кітаптарын 40 тілде таратады. Қазір таңда дүниежүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары, орталықтары бар.Кришна Санасы қоғамы Америка елдері мен Батыс Еуропа елдерінде өз жүмыстарын біраз жолға қойған соң, Прабхупада Кеңес Одағына да Кришна Санасын жеткізуді ойлайды. Нәтижесінде 1988 жылы «Кришна санасының Мәскеу қоғамы» заңды түрде тіркеледі. Кришнайттардың түсінігі бойынша тірі жан иесінің екі түрі болады: кшара және акшара.Акшара мәңгілік еркіндікте және Жоғарғы жасаушының рухани патшалығында тұрады. Ал кшара болса материалдық өмірде тұрады және ол материалдық табиғаттың әрекеттерімен байланысты.
3.Негізін қалаушы – Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Соғыс жылдарынан соң Хаббард белгілі сатанист Алис-тер Кроули негізін салған сатанистік секталардың бірінің іс-әрекетіне белсенді ат салысты. Хаббард жалған діни жүйелерді қалыптастыру идеяларының көбін осы кісіден алған. Хаббардтың ұлының мәлімдеуінше, ол өзінің «ғылыми аяндарын» наркотиктік масаю жағдайында ашқан. 1950 жылы Хаббард «Дианетика: рух саулығы жайлы заманауи iлiм» атты кiтап шығарады. Кiтапта адамның психологиясы зерттелiп, рухани байлыққа қалай қол жеткiзу мәселесi қарастырылады. Хаббардтың түсiндiруiнше, грекшеден алынған «дианетика» атауы «жан арқылы» немесе «ес арқылы» деген мағынаны бiлдiредi, яғни, «ақыл-ес туралы ғылым». Хаббард кiтаптың алғы сөзiнде: «Дианетиканың пайда болуын адам баласының отты ойлап тапқандағы жетiстiгiмен ғана шендестiруге болады. Бұл — адамзат тарихындағы ұлы жаңалық» деп жазады. Дианетика қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Үш айдың iшiнде кiтаптың 100 мың данасы сатылып кеттi. Табыс-тан табысқа жете отырып, Хаббард АҚШ-тың түкпiр-түкпiрiнде дианетикалық орталықтар мен институттар құрады. Оған халықты көптеп тартып, тасы өрге домалайды. Қазіргі кезде «Саентология шіркеуін» Давид Мэс-квидж басқарады, орталығы - Лос-Анджелесте, діни басқармасы - Клируотерде (Флорида штаты), негізгі еуропалық орталығы – Копенгагенде. Саентологиялық орталықтар мен ұйымдар ТМД елдерінде де ашылған, соның қатарына Алматы қаласындағы орталықты да жатқызуға болады.
25-билет
