Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

2. Ислам дінінің пайда болуы.

Исламның пайда болуы және таралуы; Ислам дінінің қалыптасуы. Ислам әлемінің ғалымдары Ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен бейбітшілік және татулық діні. Адам Атадан Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған діндер – ислам діні болатын. Ислам діні исламға дейінгі діндерге адамдар тарапынан енгізілген бұрмалаушылық пен жаңсақтықтарды түзеткен.Ислам пайғамбары. Аллаһ елшісі әз-Мұхаммед 570 жылы сәуір айының 20-жұлдызында Мекке қалас-ында дүниеге келген. Аллаһ елшісінің әкесі – Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп бақтыру салты болатын. Хазірет Пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралады. Дүниеге көзін ашпай әкесінен айырылған әз-Мұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң, атасы Әбді-Мүталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы Абуталіптің қолына келді. Мұхаммед (с.а.у.) Құрайыш тайпасынан болатын. Әшім және оның баласы Абдумуталіп Қағбаның шырақшылары беделді, абыройлы адамдар еді. Әз-Мұхаммед (с.а.у) 25 жасында Құрайыш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадишаға үйленеді.

Аллаһ елшісі жайында Тәурат пен Інжілде айтылған. Мұхаммед Пайғамбар бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзатқа жіберілген ақырзаман Пайғамбары. Мұхаммед Пайғамбар Аллаһтың сөзі Құран-Кәрімді адамзатқа түсіндіріп насихаттады. 610 жылы қасиетті рамазан айының Қадір түнінде Құран-Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбрейіл періште арқылы уахи етіліп, Мұхаммедке пайғамбарлық жолы ашылды. Бұл – ислам өркениеті мен мәдениетінің бастауы ретінде адамзат тарихының ең маңызды белесі болатын. 622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясрибке («Мәдинәт ун-Нәби - Пайғамбар қаласы») көшіп барады. Мәдина қаласының Ауыс және Хазраж рулары ансарлар (көмекшілер) мухажирлерді (көшіп келушілер) құшақ жайып қарсы алды. Хижра – мұсылман күнтізбесінің басталуы, әлемнің мұсылман елдерінде осы Хижра күнтізбесі қолданылады.

Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарлардың мөрі Аллаһ елшісінің өсиеттерін, сөздерін, сахабалар (Пайғамбарымызбен серіктес болған мұсылмандар) табиғиндер (сахабаларды көргендер) болашақ ұрпақтарға жеткізді.

3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи күштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану, балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның рөлі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу, су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжбүрлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі. Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар, сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға, байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отырғандыктан, олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы рөлі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтардың рөлі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар, әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы рөлін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Емтихан билеті №24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]