Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері

“Кришна Санасы” қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері.

1989 жылы Алматының суретшілер дайындайтын училищесінің студенттерінің арасында Ташкенттен келген екі суретші Кришна Санасы туралы лекциялар ұйымдастырып, вайшнавизмнің негізгі идеяларын тарата бастайды. Бұл идеяларды қазақ жастары тез қабылдап 1990 жылы Алматыда “Кришна Санасы” Қоғамының орталығы ашылады . 1996 жылы бұл орталық діни ұйым ретінде тіркеуден өтеді. Содан бері уақыт ішінде Қазақстанда қоғамның бірнеше ірі храмдары және шеткері облыстарда орталықтары жұмыс жүрізуде.Кришна Санасы Қоғамы Қазақстандағы миссионерлік жұмыстарын табысты жүргізіп келеді, себебі қоғамды басқа елдердегі сияқты қатал бақылау, негізсіз қудалау жағдайлары мүлде кездескен жоқ.“Кришна Санасы” қоғамы таза діни ұйымға жатады. Қоғам ешқандай саяси мақсат қоймайды және де ешқандай саяси өкімет істеріне араласпайды. Қазақстан Конституциясы бойынша талап етілетін Отан қорғау, ұлттық мүддені көздейтін әрекеттерді кришнаиттер толық мойынсұнғанымен, қоғамның басшылыққа алатын философиясы бойынша ұлт, нәсіл, Отан, патриотизм деген ұғымдар жоққа шығарылады. Олар үшін адамның нәсілі, ұлты, діни көзқарастарының маңызы жоқ, барлық адам табиғатынан Құдайдың мәңгілік құлы болып жаралған деген көзқарасты басшылыққа алады Қазіргі кезде Кришна Санасы қоғамның мүшелерінің барлығына жуығы кітап сатумен айналысады. “Өмірдің асы”, “Мына адамдарға мүмкіндік беріңдер”, “Өмірге қайта оралу” сияқты қайырымдылық бағдарламаларға арналып қайыр-садақа жинайды. Қоғам діни кітаптар, ғимараттар, діни әдет-ғұрыпқа қажетті тағы да басқа заттармен діндарларды қаматамасыз ету мақсатымен коммерциялық жұмыспен де айналысадыҚоғам Қазастанның мәдени және рухани өміріндегі өз рөлін әр кез көрсетуге тырысып отырады. Апта сайын храмдарында дәріс өткізіп, вегетериандық дастархан ұйымдастырады. Келем деушілердің бәріне есік ашық, сонымен қоса әрбір қоғам мүшесі өзімен бірге қонақ әкеліп, өзінің рухани үйімен басқалардың танысуына мүмкіндік жасайды. Көп адамның осы қоғамға келуі осылай басталған десе болады.

Кришнаға берілгендер Ш. Прабһупаданың кітаптарын оқу арқылы өздерінің діни дәстүрлерін жасайды. Кришна Санасына мүше болу үшін адам Кришнаға қызмет етуді бастауы керек. Қызметтің ең бірінші түрі Шри Чайтанйа ұсынған һаре Кришна маһа-мантрасын (ұлы дұға) оқу. Һаре Кришна маһа-мантрасын оқудың қатаң ережелері жоқ. Кез-келген уақытта – үйде, жұмыста, аулада, автобустың ішінде, ат үстінде тіпті машина жүргізіп келе жатып та қайталай беруге болады. Кришна Санасына келген адам өз көзқарасына сай келетіндермен ғана араласқаны жөн деп есептейді. Бұл оған рухани күш береді. Қоршаған орта, айналадығының бәрі адамға зор әсер етеді, сондықтан рухани өмірге ұмтылмайтын адамдармен көп араласудың қажеті жоқ, деген кеңес беріледі. Кришна Санасы қоғамына мүше болар алдындағы үш-төрт жыл өмірін осылайша өткізеді. Барлық талаптарды орындай алатынына нақтылы көзі жеткенде ол адам өзіне рухани ұстаз таңдап алып, жаңадан өзіне рухани есім алады. Рухани ұстаздың батасын алғаннан кейін ғана адам өзін қоғамның мүшесі санап, бүкіл өмірін, рухани ұстаздың бағыт беруімен Кришнаға беріліп қызмет етуге арнайды.Қазақстанда “Кришна Санасының” дамуында қоғамның президентінің рөлі қандай деген сұраққа берілгендердің 70%-зы қоғам президентіне “жақсы ұйымдастырушы” деп баға береді. 12,5% берілгендер қоғам мелерін бақылап, басқарып отырушы деп есептейді, 12,5% - қоғам президенті құрметті адам десе, 2,5% - басқа біреудің ісіне араласушы деп президенттің басшылығын жоққа шығарады. 2,5% адам президент туралы ештеңе айта алмаған.“Кришна Санасының”Қазақстандағы қызметіне байланысты да көп алаңдаушылықтар, тіпті ашық қарсы күресуге шақырған көзқарастар бар. Жалпы қазақстандықтар Ресей баспасында шыққан кітаптардан, газет-журналдардан кришнаизм туралы толық хабардар. Онда кришнаизм туралы жақсы және теріс көзқарастардың тең түсетіндігін көруге болады. Көпшілік қауымның қолына осылардың қайсысының түсетіні әрине белгісіз. “Кришна Санасы” қоғамы Қазақстанда пайда болып, заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізе бастағаннан кейін Қазақстан газет-журналдарының беттерінен де кришнаизмді адамдардың қабылдауының бірден-бір себебі олардың алдауға түсуі деген ой қорытындыланады. Кришнаизм “ұлтты адастырып, ұрпағымызды аздырып, жолдан тайдыратын ағым бұл”дейді Қ. Ысқақұлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]