Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать
  1. Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.

Қазіргі кезде бұл діни ағым әлемнің 160 елінде бар. 150 Ұлттық және 20 мыңнан астам Жергілікті Рухани Мәжілістері қызмет етеді. Бахаи әдебиеттерін 25 баспахана 800-ден астам тілде шығарып отыр. Бахаилердің Табыну үйлері Вильметте (АҚШ), Франкфурт-Майн (Германия), Сидней (Австралия), Кампала (Уганда), Панама, Апиа (Батыс Самоа), Дели (Үндістан) қалаларында орналасқан. Орталық басқару органдары болып табылатын «Бүкіләлемдік Әділет Үйі» Хайфада (Израил) орналасқан

Қазақстан келу тарихы 1938-39 жылдары кейбір Азия республикалары мен Кавказ аймақтарынан бахаи сеніміндегі адамдарды Қазақ Совет Социалистік Республикасының қалалары мен елдімекендеріне жер аударуы, Әзірбайжан, Түркменістан, Өзбекстандағы көптеген бахаи жанұялары Петропавл, Ертіс, Павлодар және басқа қалаларға орналастырылуымен басталады.

Алматыдағы бахаи ұйымы, өздерінің тараптарынан берілетін мәлімет бойынша 1975 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бұл ұйымның құрамында сол бұрынғы жер аударылып келген бахаи жанұялары және солардан туған балалары болды. Тікелей осы ұйымның негізінде Қазақстан тарихындағы алғашқы бахаилердің Жергілікті Рухани Мәжілісі 1990 жылы Алматыда сайланған.

1992 жылы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында бұл ағымның жергілікті Рухани Кеңестері ашылды. Олар Алматыдағы Жергілікті Рухани Мәжіліс тарапынан бақыланып, басқарылып келеді. Араб тілі курстары, Құраннан сауат ашу секілді жалған курстар ашып, жастарды тартып, оларға өздерінің діни ілімдерін сіңіреді. Жастардан құралған бұл топтар өз ұйымдарымен қоса қала ішінде де концерттер, әр түрлі іс-шаралар өткізіп, жиналған халыққа біртұтас бір діндегі, ұлтқа бөлінбейтін, бір тілде сөйлейтін, ортақ экономикасы бар мемлекет құру туралы өз идеяларын таратады. Қазіргі кездегі бұл ұйым өз қатарларын жаңа адамдармен толықтырып келуде. Өйткені ислам діні туралы мағлұматы аз, діни сауаты төмен адамдар бахаи жолындағыларды ислам дінімен шатастырып алады.

Бахаилер өздерінің сырт елдердегі діндестерімен тығыз қарым-қатынаста. Әр түрлі ғылыми конференцияларға, әлеуметтік іс-шараларға қатысу, жағдайы төмендерге қол ұшын беру, қайырымдылық іс-шаралар өткізу, көпшілікке концерттер беру, әр түрлі курстар (компьютер, ағылшын) бахаилердің діни ілімді насихаттауда басшылыққа алатын негізгі әдістері болып табылады.

2011 жылғы қаңтар айына берілген мәлімет бойынша, бахаи сенімінің 20 діни бірлестігі қызмет еткен.

2012 жылдың 25 қазанында аяқталған қайта тіркеуден кейін олардың саны 6-ға дейін қысқарды.

  1. Ғылыми дінтанудың негізін салушы кім.

Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларымен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылым.

Дінтану ғылымы алғашында философия, тарих және дін ілімі ықпалымен дамыған. Ал қазіргі уақытта дінтану ғылымы зерттеу тақырыбына байланысты түрлі ғылыми пәндер кешені ретінде танылады.

Кез келген ғылым даму сатысында өз тарихына үңіледі. Дінтану ғылымы да бұл ерекшеліктерден тысқары қалмаған. Әрбір ғылым өз тарихынан ажырамауы керек, бұл зерттеушілерге пікір мен ақпараттар алмасуға мүмкіндік береді. Кейбір зерттеушілер дінтану ғылымы қазіргі кезеңдегі өзекті сұрақтарға нақты жауап бере алмайды деп санаса, кейбір ғалымдар бұл пікірмен келіспейтіндігін білдіреді.

Шығу тегі ежелгі философия өкілдерімен байланысты басқа ғылыми пәндермен салыстыра келе, дінтану ғылымының қалыптасуын 1870 жылдың 19 ақпанымен сәйкестеген жөн. Оның негізін қалаушы Фридрих Макс Мюллер – Лондон королдік институтында әлемдік діндер негіздерін салыстырмалы түрде зерттеуге бағытталған дінтанулық дәрісті оқыған ғалым. Кейінірек бұл дәріс атақты «Дін туралы ғылымға кіріспе» еңбегіне енген.

Макс Мюллер діндермен тереңірек танысу мақсатында жаңа ғылым құруды жөн санаған. Ол кезеңде теориялауды ғана емес, каталог жасауды, арнайы анықтамалар құруды талап ететін эмпирикалық материалдар молынан жинақталған болатын. Сонымен қатар, дінтану сол кезеңдерде «әлемнің бейнесін анық сипаттайтындай» болғанымен, сол «бейнені» дұрыс тәртіппен орнықтыру құралы болмады. Сол себепті, бұл міндетті жүзеге асыру академиялық талаптармен жүйелеу қажеттілігін туындатты.

3. «Кришна Санасы» қоғамы. Қоғамның сенімі.

Қазақстанда «Кришна санасы» қоғамы ресми түрде 1994 жылы тіркелген. Шағын кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Алайда онда құлшылық жасауға мүмкіндік болмаған соң, 1999 жылы қаладан 25 шақырым жерде орналасқан, көлемі 47 гектар болатын ферма сатып алды.

"Кришна санасы" қауымы тойға жиналып отыр.

Фермада құлшылыққа арналған храм, үлкен алмалы бақ пен оншақты сиырға арналған малқора орналасқан.

Ферманың маңын әдемі көл мен қоғам мүшелері тұратын оншақты шағын үйлер қоршаған.

Кришнаиттердің негізгі құлшықтары, оның ішінде үйлену тойлары осы фермада өтеді, ал әр жексенбі сайын тегін ас беріледі.

Кришнаиттер дінді «өздерінің өмірі» деп қабылдайды. «Құдайдың бар екеніне, оның әрдайым жәрдемдесетініне шынайы сенетін әр бір адам оған құлшылық етуі керек» дейді қоғам өкілдері.

- Құдай - барлығымызға бір. Тек оның аттары көп. Біз өз уағыздарымызда «егер сен Құдайға шынайы сенсең, оның айтқанын орындап, құлшылық етуің қажет» дейміз. Кімдікі жақсы, кімдікі жаман деген жоқ. Мәселен Үндістанда 33 миллион жарты Құдай (Полу Боги) бар. Халық олардың барлығына бірдей құлшылық етеді. Біздің дініміздің негізі қалыптасқан Үндістанды біз өте жақсы көреміз, өйткені онда барлық діндерге төзімділік бар. Үндістанда мешіт, шіркеу мен храмдар өте көп. Ол жақта сенің кімге сенетінің емес, жалпы діни сенімің болғанына мән беріледі, - дейді Галина Голаус.

Кришнаиттер төрт «реттеуші принципке» сенеді. Алғашқысы - олар ет, жұмыртқа және балық жемейді, яғни олардың барлығы - вегетариандар. Екіншіден, құмар ойындарға рұқсат жоқ. Үшіншіден, темекі, арақ, есірткі сынды заттарды да қабылдамайды. Төртіншісі - үйленгенге дейін жыныстық қатынасқа рұқсат жоқ.

23 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]