Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.

2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.

3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.

1.Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мұхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жасқа дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мұхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мұхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанұясына алады.12 жасынан бастап Абу-Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хувайлиданың қызы Хадиджа (жесір әйел) Мұхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиджаның тауарларын сатып, үлкен олжамен қайтканы үшін, оның адалдығы үшін, Хадиджа Мұхаммедке тұрмысқа шығуына ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мұхаммедтің 25, ал Хадиджаның 40 жасқа толған кездері болатын. Осындай жастык айырмашылыққа қарамай, олар бақытты өмір сүреді. Хадиджа болса Мұхаммедке 6 бала: екі үл, төрт қыз туады. Өкінішке орай, Фатимадан басқа балалары Мұхаммедтің тірі кезінде өледі. Хадиджа Мұхаммедтің тек әйелі ғана болған жоқ, ол ең жақын дос болса Хадиджаны сүйгенінен және сыйлағанынан, оның тірі кезінде басқа әйел алған жоқ.Мұхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.

2.Уаххаби өкілдерінің алдарына қойған мақсаттары,көзқарастары және қозғалыс-әрекеттері арқылы діни,қоғамдық және саяси мәнге ие ағым екендігін көруге болады.Олар тарихта доктриналары мен мақсаттары тұрғысынан“ Алланы бірлеушілер” (муаххид - дун), пайғамбардың жолындағылар (салафиуун) немесе уаххабтың жолындағылар (уаххабиун) деген атпен белгілі. Бұл ағымның қалыптасуына сол дәуірдің қоғамдық, экономикалық,діни және саяси жағдайлары себеп болды.Ағымды негіздеген Мұхаммед Ибн Абдулуаххаб XVIII ғасырдың орталарында Орталық Арабстанда Нежд және ал-Хаса аймақтарында қозғалыс жетекшісі болды.Бұл ағым негізінен араб ұлтшылдығын,Осман империясынан азат болу идеясын ту етіп көтерді. Бұл аймақта ешқандай империяның ықпалы болмады.Уаххабилік ілімі жеке-жеке тайпалардан құралған арабтардың басын қосып,бір идеологияға біріктіру, ұлт жарату, ортақ мүдде, ұлттық мемлекет құруға негізделді.Уаххаби қоғамдағы құбылыстар мен діни,философиялық мәселелерді терең талдамайды, біржақты тұжырым, үкім береді. Олар үшін Құран мен Суннадан кейін Ибн Таймийа мен Ибн Жаузийа еңбектері негіз ретінде қабылданады.Бірақ бұл ғалымдарды да дұрыс түсініп, меңгере алмағандары белгілі.Абдулуаххаб “дінді тазалау”, яғни пайғамбар заманына оралу мақсатымен өз ағымын, қозғалысын ұйымдастырды. Оның ойынша, тек бәдәуи арабтар емес, барлық мұсылмандар таза ислам доктринасынан алыстаған болып есептеледі. Таухид жүйесіне қауіп төнді. Таухидті дұрыс түсінбеуімізден, ұмытуымыздан саяси, экономикалық, этикалық бодандықтамыз деп түсіндірді. Пайғамбар қабірін зияраттың өзі таухид теориясына қарама-қайшы келеді.Уаххабилер үшін пайғамбардың, әулиелердің қабірлерін зиярат ету, Аллаға жеткізуші кұрал (тауассул) Аллаға серік қосу болып есептеледі (ширк). Олар өте қағидашыл. Мысалы, “бас ауруға анальгин ем” десеңіз, бұл сөз Аллаға серік қосу (ширк) болып есептеледі. “Иасауидей әулиенің құрметі үшін мына дұғамды қабыл қыл” десең діннен безгенсің (мушриксің) дейді.

3. Бахаи сенімі (ағыл. ВаһаЧ Ғаііһ, орыс. Вера Бахаи) - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817-1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің казіргі уақытта соңғысы болып саналады.Бахаи (немесе Баһаи) сенімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан,әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып,әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Бахаи сенімін ұстануда. Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.Бахаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Кұдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.Бахаи сенімін ұстанушылар Қазақстанға Орта Азия және Кавказдан ең алғаш 1938-1939 жылдардағы кеңестік қуғын-сүргінмен аяқ тіреген. Олар Қызылжар, Кереку, Ертіс бойы және Алматы облыстарында шоғырланған болатын.

№22 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]