Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.

2.Уаһһабшылдық ілімі.

3.Дін психологиясының негізі.

1. Мораль — қоғамдық сананың бір формасы. Дінқұқықөнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті — адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.

2. Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабтың діни көзқарастары «Китабу таухид» «Таухид кітабы» және «Кәшфуш Шухубат» «Күмәнді нәрселерді ашу» деген еңбектерде баяндалған. Бұл еңбектер Аллаһқа серік қосу (ширк) және кейіннен пайда болған жаңа амалдар (бидғаттар) жөнінде жазылған. Мұхаммед ибн Абдул Уаһһабтың діни ілімі сунниттік ханбалиттік мазһабқа және сәләфилік қағидаттарға негізделген. Абдул Уаһһабтың негізгі ұстанымы мұсылмандарды мөлдір таза исламға шақыру. Абдул Уаһһабтың ілімі үш қағидатқа негізделеді:1.Таухид – Бір құдайға сиыну;2.Дінге қосылған түрлі жаңашылдықтан (бидға) бас тарту;3.Шариғатты қатаң ұстану.Жоғарыда атап өткеніміздей, Абдул Уаһһабтың дү-ниетанымына қалыптасуына сәләфилік ұстаным ықпал етті. Сәләфилік сөзі сәләф әс-сәлихин «бұрынғы тақуалар» дегенді білдіреді. Сәләфилік – Пайғамбарымыздың сахабалары және табиғиндердің, сонымен қатар тақуа имамдардың тұсындағы мөлдір исламды қайта жаңғырту, исламды түрлі жаңашылдықтардан тазалау.

3. Дін психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақдозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаздұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:1) Дін психологиясының жалпы теориясы діни сананың мазмұны мен құрылымын, діни сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани өміріндегі діннің психологиялық функцияларын зерттейді;2) дифференциалдық психология нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұстанатымдардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады;3) діни топтардың психологиясы діни қауымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерттейді;4) діни табынушылық психологиясы діни ғұрыптардың адам психикасына әсер-ықпалын зерделейді;5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетанымды қалыптастырудьгң принциптерін талдап-белгілейді.

Емтихан билеті №19

1.Уаһһабшышылтың қалыптасуы және негізін салушы.

Ислам дінінің тарихында уаһһабилік деп аталған діни-саяси ағым ХVІІІ ғасырда яғни 1703-1792 жылдары өмір сүрген Тамим тайпасынан шыққан шейх Мұхаммет ибн Абдул Уаһһабтың есімімен байланысты. Оның ата-бабасы бағдаттық дін ғалымы Мұхаммет ибн Ханбал (780-855) негізін қалаған ханбалиттік мәзһабты ұстанған

Жоғарыда атап өткеніміздей, Абдул Уаһһабтың дүниетанымына қалыптасуына сәләфилік ұстаным ықпал етті. Сәләфилік сөзі сәләф әс-сәлихин «бұрынғы тақуалар» дегенді білдіреді. Сәләфилік Пайғамбарымыздың сахабалары және табиғиндердің, сонымен қатар тақуа имамдардың тұсындағы мөлдір исламды қайта жаңғырту, исламды түрлі жаңашылдықтардан тазалау.

Сәләфилік тарихында елеулі із қалдырған көрнекті ойшыл, фикх ғалымы Әбу әл-Аббас Тахиуддин Ахмед ибн Әбд әл-Халим ибн Таймия (1263-1328) болды. Ол Харран қаласында дүниеге келген. Имам Ахмед ибн-Ханбал мәзһабы негізінде діни білімін алды. ибн-Таймияның шәкірттері мен жолын ұстанушылар қатарында ибн әл-Каййим әл-Жаузия, хафиз аз-Захаби, Мұхаммет ибн-Абдул Уаһһаб болды.

Уаһһабшылдық бұрынғы КСРО елдеріне 1990 жылдары кіре бастады. Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуына шет елдің дін уағызшылары, уаһһабшылдық діни түсінігіндегі әдебиеттер, араб елдерінде оқып жатқан студенттер және қажылық парызын орындаушылар арасында осы ағым өкілдерінің идеологиялық үгіт-насихаты, осы ағымды қолдайтын халықаралық ислами ұйымдардың қаржылай көмектері көп рөлін атқарды. Сауд Арабиясында діни білім алған жастарды дүниетанымдық және психологиялық өңдеуден өтеді. Жастарға Уаһһаб іліміндегі әдебиеттер, аудио және видео жазбалар беріледі. Уаһһаб ілімін ұстанушылардың дені Сауд Арабиясында оқып келген жастар болып отыр. Олар дастарханға бата жасау және қасиетті деп саналатын кесене мазарларға зиярат ету және мәулітті атап өту, музыка тыңдау, Оңтүстік аймақтардағы келіннің атасы мен енесіне, жасы үлкендерге сәлем салу дәстүрін,беташар,дұрыс емес деп санайды. Қазақ елі үшін ынтымақ, бірлік пен татулықтың төзімділік пен түсіністіктің негізі-ата-бабаларымыз ұстанған ислам діні.Елімізде экстремистік бағыттағы “Хизб-ут-тахрир-әл-ислами” (“Ислам азат ету партиясы”) ұйымының заңға қайшы әрекетері жұртшылықтың наразылығын тудырды.. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеолгиялық күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдар мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Экстремистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат.

2. Бахаилердің діни ұстанымы,ілімі.

Бахаилер өздерін дербес бір дін деп санап, ешқандай ағымнан шықпағанын айтады. В.Н.Никитин, В.Л. Обухов атты ғалымдар Бахаи діни ілімін алтыға бөліп қарастырған:

– Құдай жайлы ілім;

– Қасиетті кітаптар жайлы ілім;

– Пайғамбар жайлы ілім;

– Рух жайлы ілім;

– Ақырет жайлы ілім;

– Бахаи ұйымына кіру ерекшеліктері

Бахаилердің пайымдауынша, Алла болмысы мен сипаттары тұрғысынан дара, жалғыз, теңдессіз, басы мен соңы жоқ, өзгермейді. Құдай өзін пайғамбарлар арқылы танытады және оларда көрініс табады. Сондықтан пайғамбармен сөйлескен жан Құдаймен сөйлескендей болады. Баб пен бахаулла өздерін пайғамбар деп жариялаған әрі өздерінде құдайдың көрініс тапқанын айтқан еді. Бахаулла Алланың көрінуі әрдайым жалғаса береді деген пікірде. Бабқа қонған сияқты өзінен кейінде бұл миссия жалғаса беретін көрінеді. Сол себепті бахаулланың шәкірттері «1852 жылы Алла баханың тәніне өтті. Баха нағыз тәңір еді» деп сенеді. Тәңірдің есімдері көп. Соның ішінде ең ұлығы «баха» (жарық, нұр даңқ).

Олар үшін жүзден аса қасиетті кітап бар. Өз басшыларының кітаптары және өзге діннің кітаптары болып бөлінеді. Соның ішінде Баб пен Бахаулланың кітаптары құдайдан келген қасиетті кітап ретінде саналады. Абдулбаһа, Шоги Эффендінің еңбектері де екінші дәрежелі қасиетті жазбаларға жатады.

Бахаи сенімі бойынша, пайғамбарларға «нәби» және «расул» деумен қатар «мәзаһир илаһия» (Тәңірлік көрініс) деген есім беріледі. Тәңір құлдарына көріну үшін пайғамбарларға мұқтаж деп күпірлік етеді. Бахаулланың пікіріне қарағанда, пайғамбарларда екі қасиет бар: адамдық қасиет – ішеді, жейді, ұйықтайды, өледі дегендей, ал тәңірлік қасиет – онымен сөйлескенде тәңірмен сөйлескендей, оған сәжде етсең, құдайға сәжде еткендей болады-мыс. Олар үшін Ислам діні соңғы дін емес, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) соңғы пайғамбар емес. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) расулдердің емес, нәбилердің соңғысы. Өйткені Аллаһтың «мурсилік» (елші жіберу) сипаты аяқталмаған деп Құран аятына қарсы келуде.

Олардың сенімі бойынша, адам өлген соң рух тәннен айырылады. Рух тәнді қажет етпейді, бірақ тәнге өмір сүру үшін рух қажет. Нағыз жетілген тәннің өзі рухсыз өмір сүре алмайды. Материалдық өмір шектеулі, ал жанның шегі жоқ деуде. Рух мәселесінде Ислам дінінің сеніміне аса қайшы келетін тұсы жоқ десек те болады.

Ақырет сеніміне келсек, жұмақ пен тозақ белгілі орын емес, жағдай болып табылады. Жұмақ бұл құдайға жақын болу, ал одан алыстау – тозақ. Бұл жағдайлар осы өмірде және оның артынан келетін арғы өмірде де жалғасын табады. Жұмақ – кемелдік жағдайы, ал тозақ – кемелсіздік, жетілмегендік жағдай. Жұмақ құдай еркімен тілектес болу, тозақ мұндай келісімнің болмауы екен. Әрине, Исламның ақыретке иман сеніміне мүлде қайшы болғандықтан бұлай сенген адам діннен шығады, кәпір болады.

3. Қазіргі діндердің фетишизммен байланысы.

Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады.

Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) – жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңізшілері ХУ ғасырда тапқан, содан кейін фетишизмнің бірқатар баламалары әлемнің көптеген аймақтарында табылады . Фетишизм пұтқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с.-дан айқын көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің қуаты бар деп саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдыреттің символына айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім қалыптасады.

Енді фетишизм элементтерінің қазақ халқы арасындағы түрлеріне қысқаша шолу жасайық: 1) қазақ халқы малдың алғашқы төлдеген кезіндегі алғашқы уызын өздері ішпейді. Мәнісі аруақтарға арнау. Фетиштік ырымның бірі - кәрі жілік, оны күндіз малшының түнде күзетшінің қызметін атқарады деген сенімнен туған. Жас нәрестенің бесігіне әр түрлі: үкінің қауырсынын, қасқырдың, арыстанның т.б. жыртқыш аңдардың терісін тағады. Бұл ырымның мақсаты баланы әр түрлі "жын-шайтандардан" сақтайды деген сенімге саяды. Қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да "әулие" саналатын мазарларды көреміз. Бұл кейбір зерттеушілердің пікірінше фетиштік сенімнің мұсылман дінінің келуімен байланысты өзгерген түрі болуы мүмкін. Дүниежүзінің барша халықтарында талисман, амулет аталынып жүрген "көз тию", "тіл тиюден" сақтайтын түрін қазақтарда тұмар деп атаған. Мұнда "қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді" (Левшин). деген пікір орынды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі . Фетишизм ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Сонымен бірге, тұмардың өзі бірнеше дәуірді басынан кешіргенін байқауға болады. Алғашында тұмар ретінде өз тотемдерінің бір мүшесі не терісі т.б. болса, кейіннен мұсылмандықтың енуіне байланысты тұмарға құраннан аяттар жазып салатын болған.

№20-билет

1. Анимизм

2. Зороастризмдегі Ариманан құдайының негізгі қызметі

3. Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуы

1. Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магиятотемизмфетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақы түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рух жан.

Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады.

Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.

2. Заратуштрашылдықзороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.

Зардұштшылық – отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Маздаұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.

Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Заратуштрашылдық ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.[1]

Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

3. Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуы

Қазіргі кезде Уаһһаб ілімін ұстанушылар мұсылман елдерінде, батыс Еуропа, Африка, Азия, Ресей және Азия елдерінде  де кездеседі..  Қазіргі кезде уаһһабшылдық діни  ұстанымнан  гөрі, саяси ағымға көбірек келіңкірейді. Уаһһабшылдық  Мысыр, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш  елдеріне де таралған.  Мұхаммет Абдул Уаһһаб ілімі  Сауд Арабиясының ресми идеологиясы болып табылады. 

Уаһһабшылдық  бұрынғы КСРО елдеріне 1990 жылдары кіре бастады. Қазақстанда уаһһабшылдықтың таралуына  шет елдің дін уағызшылары, уаһһабшылдық  діни түсінігіндегі әдебиеттер, араб елдерінде оқып жатқан студенттер және қажылық  парызын орындаушылар арасында осы ағым өкілдерінің идеологиялық үгіт-насихаты, осы ағымды қолдайтын халықаралық ислами  ұйымдардың қаржылай көмектері көп рөлін атқарды. Сауд Арабиясында діни білім алған жастарды дүниетанымдық және психологиялық өңдеуден өтеді. Жастарға Уаһһаб іліміндегі әдебиеттер, аудио және видео жазбалар беріледі. Уаһһаб ілімін ұстанушылардың дені Сауд Арабиясында оқып келген жастар болып отыр. Олар дастарханға  бата жасау және қасиетті  деп саналатын кесене мазарларға зиярат ету және мәулітті атап өту, музыка тыңдау, келіннің атасы мен енесіне, жасы үлкендерге сәлем салу дәстүрін,беташар,дұрыс емес деп санайды. Қазақ елі үшін ынтымақ, бірлік пен татулықтың төзімділік пен түсіністіктің негізі-ата-бабаларымыз ұстанған ислам діні. Елімізде экстремистік бағыттағы “Хизб-ут-тахрир-әл-ислами” (“Ислам азат ету партиясы”) ұйымының заңға қайшы әрекетері  жұртшылықтың наразылығын тудырды.. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеолгиялық  күрес, идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдар мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Экстремистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат.

Емтихан билеті №21

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]