- •2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.
- •3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы
- •1.Шумерлік пантеондағы басты құдай.
- •2.Иегова куәгерлерінің діни ұстанымдары.
- •3.Джайнизм.
- •1. Джайнизмнің негізін салушы.
- •2.Шива құдайның негізгі функциясы.
- •3.Даосизм өркендеуі..
- •1.Иегова куәгерлерінің рухани әкімшілік орталығы, құрылымдық өзгешелігі.
- •2.Жаңа Апостол шіркеуінің құрылымы және қызметі.
- •3.Тотемизм.
- •1.Тәкфир және Хижра Жамағатының радикалды сипаттағы,лаңкестік ағым ретінде.
- •2. Христиан ғылымы қоғамы,рәміздері,басылымдары.
- •3. Магия мен ғылым эволюциялық процестің кезеңдері.
- •1)Дінтануда діннің теориялары.
- •Магияны зерттеудің мақсаты.
- •Христиан ғылымы қоғамы тарихы және құрылымдық ұйымдасуы.
- •Тәкфир жамағатының Қазақстанда таралуы.
- •1.Құдай мен әлемнің, материалды мен идеалды мәннің бірлігі туралы ілім.
- •2.Қазіргі «сопылар» ұстанымы.
- •3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
- •1. Шынайы дін моральдық дін теориясы.
- •2.Уаһһабшылдық ілімі.
- •3.Дін психологиясының негізі.
- •1.Мұхаммед: өмірі мен қайраткерлігі.
- •2.Уаһһабшышылдық діни ұстанымдары және ерекшеліктері.
- •3. Бахаи сенімінің негізін салушы және таралу аумағы.
- •Бахаилердің Қазақстандағы қызметі.
- •1)"Кришна санасы" қозғалысының Қазақстандағы даму ерекшеліктері
- •2. Ислам дінінің пайда болуы.
- •3) Ежелгі Египетте егін шаруашылығының құдайдың беделі
- •1. Қай құдайдың алдында өлген египеттіктер өз-өздерін ақтау сөзі.
- •2. Кришна – қай құдайдың түрленуі.
- •3.Саентолоия шіркеуі, негізін қалаушы
- •1.Саентологиядағы негізгі ұғымдар
- •2.Сатана шіркеуі мүшелерінің ұстану ережелері
- •3.Дінтануда анимизм теориясы алғаш рет кімнің еңбегінде жан-жақты талданды?
3. Әлем адам өзіне бағындыра алатын материя идеясы
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.
Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.
Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.
Емтихан билеті №16
1. Ойшылдардың қайсысы дінді сенім мен ғұрыптардың толық жүйесі.
2. Сопылық ілімі.
3. Ежелгі египеттіктер перғауын бейнесі.
Ойшылдардың қайсысы дінді сенім мен ғұрыптардың толық жүйесі
Дін сеніммен тығыз байланысты. Діни сенім тылсым күшті, әлде бір қасиеттілікті мойындауға негізделеді. Бұл тылсым күш, қасиеттілік дүниеден тыс (трансцендентті), алайда ол дүниелік құбылыстар мен үрдерістерге ықпал етіп отырады, дүниеде, қоғамда, жеке адамның тағдыры да түптеп келгенде осы тылсымға тәуелді Діни әрекеттің ажырамас құрамдас бөлігі – әдет-ғұрыптар. Әдет-ғұрыптар әлеуметтік қауымдастықта бекітіліп, дәстүр сипатына ие болған, белгілі бір идеялар мен түсініктерді, мұрат-мақсаттарды рәміздейтін стереотипті іс-қимылдар жиынтығы. Әдет-ғұрыптар ғибадаттардан ерте қалыптасқан болса керек. Дегенмен, әдет-ғұрыптардың бастауында әлде бір тылсым күшке деген сенім жатады. Осы сенімге негізделген әдет-ғұрыптар уақыт өте ғибадат немесе құлшылыққа айналады. Ойшылдардың пайымдауынша адамзат тарихындағы алғашқы ғұрыптар жерлеу рәсіміне қатысты қалыптасады. Көне мәдениеттерде адамзат қауымдастықтары жерлеу рәсіміне өте үлкен мән берген және мұқият тиянақтылықпен атқарған. Сеййид Хусейн Наср атты түркі ғалымы: «Әдет-ғұрып» сөзі уаһи жолымен адамдарға білдірілген қасиетті, әрі осы иләһи хабарлардың адамзат тарихы бойынша тоқтамастан ашыла беруі мағынасында қолданылады. Ғұрып - Иләһи хабар, әрі Негізге жақындататын үздіксіздік мағынада дей келе Аллаға ғашықтық ақиқатына жалғаған тұп-тура байланыс құралы ретінде сипаттайды. Сөйтіп ол ойын ары қарай былайша Сопылық ілімі.
Сопылық ілімі.
Сопылық – кісінің көкірек сарайын мансапқорлық пен атаққұлдық, дүниеқұмарлық пен рияшылдық, өзімшілдік пен тәкаппарлық, көрсеқызарлық пен қызғаныш секілді рухани дерттен емдеп, жүрегін Алладан басқа барлық нәрседен тазартып, шынайы ықыласқа жетелейтін, тұла бойын барша жаман қылықтардан арылтып, көркем қасиеттермен безендіретін тәрбие ошағы һәм рухани емхана Сопылық Алла елшісінің (С.А.У.) заманында ережелері мен тәсілдері бекітілген жеке ғылым ретінде қалыптаспаған болатын. Себебі, бұған қажеттілік жоқ еді. Алғашқы ғасырдың адамдары Алла елшісінің заманына жақын болғандықтан, табиғи түрде жүректерін тек Аллаға арнаған, құлшылығы көп, дүниенің сән-салтанатына алданбаған шынайы тақуа жандар болатын. Исламдағы сопылық ілімінің мән-маңызы мен оның әу бастағы негіздері жайлы сөз қозғаймыз. Сопылықтың ерекшелігі сол – оны бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес. Сондықтан мұсылман ғалымдары оған түрлі қырынан келіп түсініктеме беруге тырысқан. Мысалы, Зәкәрия әл-Ансари (һ.929 жылы қайтыс болған): «Сопылық мәңгілік бақытқа жету мақсатында нәпсіні тәрбиелеудің жай-жапсарын үйрететін, мінез-құлықты көркейтетін, кісінің ішкі жан дүние мен сыртқы жаратылысты қатар меңгертетін ілім» деп анықтама берген [1]. Имам әл-Жүнәйд (һ.297 жылы қайтыс болған): «Сопылық деп күллі жақсы мінездерді пайдаланып, барлық нашар мінездерді тәрк етуді айтамыз» деп анықтама берген [2]. Ахмад ибн Ажиба былай деген: «Сопылық мүліктердің жалғыз иесінің құзырына апаратын жолдарды үйрететін, ішкі жан дүниені кесірлі мінездерден тазартатын және оны әр алуан асыл құндылықтармен безендіретін ілім. Оның бастауы – ілім, ортасы – әрекет, соңы – Алланың сыйы»
Ежелгі египеттіктер перғауын бейнесі.
Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады.
Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Перғауын, фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты. Алла оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Фараон Зулаутад деп те аталады. Ол зәулім мұнара, пирамида сияқты мәңгілік берік ғимараттардың иесі деген мағынаны білдіреді. Құранда Перғауын өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның айтқанына сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді. Дінге сенетіндерді қудалайды. Мұса мен оның қандастары Мысырды тастап кетпек болғанда, соңынан әскер алып қуады. Бірақ теңіз көтеріліп, топан судың астында қалады. Тек жантәсілім сәтте ғана тәубасына келеді. Сол үшін Алла оны толқынның күшімен жағаға серпіп шығарады.
№17 билет
1. Ежелгі Египетте Ніл өзенінің құдайы.
Мысыр(Египет) - өте ежелгі өркениеттердің бірі. Мысырдың басты өзені - Ніл. Ежелгі мысырлықтардың өмірі көп ретте осы ұлы дарияға тәуелді болды. Олар Нілдің тасуы аспандағы жұлдыздардың орналасуымен байланысты екенін байқады. Мысырлықтар жерде және аспандағы құдайлар өмір сүреді, жер бетіндегі оқиғалар солардың ықпалында деп ойлады.
Сол құдайлардың бірі Хапи. Хапи – Ніл құдайы және ежелгі мысыр мифологиясындағы егіннің киесі саналған. Хапи жыл сайынғы Нілдің тасуын және егіннің дұрыс шығуын бейнелеген. Хапиді «Жалғыз ағын» , «Балықтар мен құстардың, батпақтардың құдайы», кейде «дәнді-дақыл әкелетін өзен» деп те атаған. Хапиді ірі денелі, үлкен қарны бар, терісі көк түсті ер адам ретінде бейнелеген. Ніл тасып, жерге ылғал береді, ал жер құнарланып өсімдіктер мен дәндә-дақылдардың өсіреді, астықтың мол болуы Ніл құдайы Хапидің арқасы сондықтан ол кейде «құдайлардың әкесі» мейірімді әке ретінде бейнеленеді.
Хапи сөзі Ніл өзеніненалынған. Ніл бастау алатын Му-Хапи және Хер –Хапи екі ағыны бірігіп, бір арнаға Нілге келіп құйады. Осындағы екі ағыннан Хапи пайда болды.
Хапи жер құдайы Гербпен және астық құдайы Непермен дос болған. Хапиді Египеттің аумағына байланысты әр түрлі сипаттаған. Мысалы, Төменгі Египетте оны паирус және құрбақа суретімен бейнелеген. Себебі сол аймақтан құрбақа көп болған және аймақтың өзі папирус суретімен бейнеленген. Ал Жоғарғы Египет аумағында Хапи лотус гүлімен және қолтырауын суреттерімен бейнеленеді. Ежелгі Мысырлықтар Хапи Ніл өзені бастау алатын Асуна аймағына жақын жерде орналасқан үңгірде тұрады деп ойлаған. Және сол жерге барып жыл сайын құрбандық шалып ас беретін болған.
2. «Сопылардың» діни ұстанымдары.
Сопылық шынайы түрде Құран-Кәрім мен сүннет негізінде ұстану – Аллаһ Тағаланың бұйрықтары мен тыйымдарын бұлжытпай орындау шариғи заңдарды ұстану. Аскеттік өмір салтын ұстану, о дүниенің қамын жеу, Жаратушыны махаббат пен ғашықтықпен сүю, діни мәселелерді сабырлылықпен, сақтықпен шешу, шүкіршілік ету, тәубе ету, адалдық, әділеттілік, дүниеге қызықпаушылық жолын таңдау, ихсан дәрежесіне жету. Аллаһтың әулие құлдары шариғат ілімін жетік меңгереді.
Сахабалар мен табиғиндер ұстанған сопылық жолы ислам шариғаты үкімдерін орындау және өмір салтын ұстану жолы. Аллаһ елшісінің жанынан шықпай, Мәдена қаласындағы пайғамбар мешіті жанына паналаған үйсіз- күйсіз сахабалар «Әһлу- Суффә» деп аталады. Саяси билік үшін тартыс кезінде тақуа кісілер саяси тартысқа, дүниелік істерге араласпай оқшау тыныш өмірді таңдады.
Сопылық діннен жеңіл жол іздеу, парыздарға немқұрайлы қарау, дүниелік мақсаттар үшін топ құру емес, Сопылық ұстанымы – Аллаһты үнемі еске алу, нәпсімен күрес, ғибадатты ықыласпен орындау, ыждаһаттылық және сабырлылықпен амал ету.
Сопылық мақамдардан тұрады. Құлшылық етуші, тақуа. Бұл мектептердің өзіне тән әдісі, жолы және мақсаттары бар. Сопылықтың ортақ ұстанымдары – Аллаһ Тағаланы сүю және Пайғамбарды(с.а.с) сүю. Тақуалық, дүниеге қызықпау, Аллаһқа риза болу. Тариқат жолына түсуші Шариғат заңдарына бағынып, дүниелік күйбең тіршіліктен бас тартып, өзін Жаратушыға арнағанын қабыл алады, Жаратушыға еркін бойұсынып, бүкіл ойы мен іс-әрекетін Жаратушыға бағыттайды. Сонымен қатар өзінің бүкіл болмысы мен өмірін Жаратушының қалауына береді. Осылайша сопы Ақиқатқа толық сіңіп кетеді.
3. Дін табиғаттың қаһарлы күштерінің теориясы.
Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті. Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады. Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде олар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, айдың тұтылуы, судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады. Ш. Уәлиханов «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Өзі қыр‑сырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді. Адамдар ең алғашында табиғаттың тылсым күшінен қорққан. Найзағай ойнап, күн күркірегеннен , су тасқынынан, жауыннан жалпы айтқанда табиғатта болатын түрлі құбылыстардан қорққандықтан оларға табынып оның артында қандай да бір күш бар екеніне сенген. Және оларға арнап құрбандық шалған, табынған.
Емтихан билеті №18
