Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dintanu_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.04 Кб
Скачать

1 билет

  1. Латын тілінен аударғанда « religare» термині.

  2. «Монотеизм».

  3. Жаңа діни ағымдардың синкреттік сипаты.

  1. Дін- латынша religio – шарапаттылық , тақуалық, қасиеттілік, табыну құралы. Сенім түріндегі тиісті тәртіп және ерекше әрекетке табыну, өмір сүруші құдайларға, қасиеттілікке болмаса жоғары жаратушы өмір сүрушіге негізделген дүниеге көзқрас немесе дүниетанымдылық.

  1. Монотеизм ( грекше μονος — бір, θεος — Құдай) - тек бір ғана Құдай – Аллах Тағала  бар екендігіне негізделген сенім; осы доктринаға негізделген сенімнің діни жүйелері. Маңызды әлемдік діндер ішінде тек Яхуди, Мәсіхшілік және Ислам монотеистік болып табылады және шығу тегі бір. Бірақ бұл түсінік мағынасында ғана, өйткені шын мәнінде бірде-бір дін монотеистік негізде құрылмайды. Монотеизм діндердің даму тарихында өте кеш пайда болды. Рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы және ертедегі мемлекеттердің қалыптасу дәуірінде жеке тайпалардың құдайлары бір "пантеонға" (бір дін құдайларының жиналған жері) бірігіп, ең күшті тайпаның құдайы әдетте бірінші орында тұрды. Кейде бұл құдайдың абыздары оны бірден- бір жалғыз, немесе бас құдайға (мыс., вавилондық Мардук) айналдыуға тырысты.Б.з.б 1-мың жылдықтың ортасы мен 2-жартысында қатал Монотеизм Арабияда б.з-дың 7 ғасырында енгізіліп, мұсылман діні догмаларының негізін қалады.

  1. Жаңа діни ағымдарға (Дәстүрлі емес діндерге) жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ діндер жатады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамдағы негізгі діндерге қарсы. Көптеген пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қарсы болып келеді. Жаңа діни ағымдар жиі дәстүрлі емес немесе альтернативті діндер деп атайды.

Жаңа діни ағымдардың пайда болу себептеріне қарай, зерттеушілер оларды саяси,

дүниетанымдық, жеке әлеуметтік үдерістермен байланыстырады. Оларға бірінші кезекте теріс көңіл-күйдің бастауы болған адамзаттың ғаламдық мәселелерін жатқызады. Жаңа діндер, жалпы дін сияқты, бұлдыр-компенсаторлықты, дүниетанымды, реттеуші, коммуникативтік қызметін орындайды. Дәстүрлі емес діндер бұлдыр пішінде қажеттілік қарым-қатынаста, жанасушылықта, рухани жақындық арқылы өмірдің төл бейнесін қалпына келтіруге тырысады. Олардың біреулері өзін мемлекетке және қоғамға қарама - қарсы қояды. Оның таратылуының басты аспабы белсенді миссионерлік қызмет болып табылады. Дәстүрлі емес діннің басым көпшілігі жасөспірімдерді қамтуға тырысады. Негізгі миссионерлік жұмыс өткізілетін әлеуметтік топ ретінде жастар болады. Дәстүрлі емес діндерде жасөспірімдерді біртүрлі құпия инициациясының жүйесі, экзотикалық, төтеншелік тартады.

Неохристиандық бірлестіктер. Олар өзінің христиандыққа мұраға деген бағдарлауын мәлімдейді, алайда оның түсіндірмесі үшін дәстүрлі христиандық тән емес сызбалар пайдаланылады, шығыс діндердің элементтері қамтылынады, ақыр заманнын тез жақындауында тірек пайда болады. Оларға ТМД - да таралған келесі ұйымдарды жатқызуға болады: «Бірлестіктің халықаралық шіркеуі», «Құдай балалары», «Соңғы Өсиеттің шіркеуі» (Виссарион шіркеуі), «Богородтық туыстық», «Ақ туыстық» және т.б.

«Игова куәгерлері» - ұйымның негізі қалаған Чарльз Тейз Рассел. Ол 1878 ж. Питсбургте өзінің шіркеуін құрды. 1884 жү Расселдің құрылған шіркеуі негізінде «Күзет мұнараның, Інжілдің және трактаттардың қоғамы» ұйымдастырылды, ал 1931 жылдан бастап бұл ұйым «Иегова куәгерлері» деп аталынады. Қазақстан территориясында «Иегова куәгерлері» ілімнің таралуы мен қауымдардың құрылуы ХХ ғ. 40-50 жж. болды.

Иегова куәгерлерінің ілімі протестантимзнен пайда болды, бірақ негізгі христиандық түсіндірмелер өзінің жеке түсіндірмесіне ие болды. Олардың іліміне сәйкес біртұтас Құдайдың есімі – Иегова болды. Ұйымның мүшелері Троицаны, яғни Құдайдың үш тұрғыда тіршілік етуін (Құдай-ата, Құдай-бала және қасиетті рух тұрғысында) қабылдамайды. Олар Иисус Христосты Құдайдың бірден-бір ипостасі емес, ал Құдайдың ең алғашқы жаратылуы, қасиетті адам Михаил Архангелмен теңестірілетін оның ең жоғарғы туындысы деп түсінеді. Иисус крестке емес, бағанаға керілген деп Иегова куәгерлері есептейді, соныдқтан діни таңба ретінде кресті пайдаланбайды. Икона мен крестке табынуды олар пұтқа табынушылық деп санайды.

Неоориенталистік ағымдар (бағыттаушы сөзінен - шығыс). Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Әдетте, шығыс діни ағымдар көп қайта жасалынады және батыс елдері үшін өте ыңғайлы түрінде болады. Неоориенталисттік ағымдарға «Кришна санасы қоғамы», «Брахма Кумарис», «Трансцендеталды медитация», «Аум Синрике» сияқтты ұйымдар жатады. Олардың қызметінде медитацияны қоса, әртүрлі психологиялық техникалардың көмегімен адамның ішкі мүмкіндіктерін ашуға негізгі акцент жасалынады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.

Шайтандық топтар. Оларға «Шайтан шіркеуі», әзәзіл культін және ең зұлымды антигумандық бірлестіктердің басқа түрлерін жатқызуға болады. Олар өздерін зұлымдықты таратушылар және христиандықтың антиподы деп санайды. Қазіргі заманғы сатанизм көбінесе антихристиандық бағыттағы секталардың және ағымдардан тұрады. Олардың жалпы белгісі моральді белсенді түрде қабылдамау және Құдай «тираниясымен» күрес жүргізетін қарсылас ретінде шайтан образын идеалдандыру болып табылады. Негізінен шайтандық секталар дін мен моральдік құдыретінен бас тартатын жастарға сүйенеді. Көбінесе жастардың мұндай секталарға енудің бірден-бір себебі – ол тылсымға деген енуінің құштарлық және есірткінің қызығына түсу. Сатана символикасы жиі кезде қазіргі заманғы жастар арасындағы субмәдениетпен және рок-музыканың өкілдерімен пайдаланылады. Кейбір кезде сатанисттер интеллектуалдық клуб ретінде жасырынады. Жасөспірімдерді сиқырлы күштің, бассыздықтың, күш культінің болуы тартады.

Саентологиялық ілім. Бұл атау ағылшын сөзі science – ғылым деген сөзден пайда болды. Осы ілім әртүрлі «ғарыштық діндерді» (бір үлгідегі өкіл і– Рон Хаббардтың «Саентология шіркеуі») біріктіреді. Оның «Дианетика: рухани денсаулықтың замануаи ғылымы» атты кітабы 1950 жылы баспаға шығып, саентология дамуының басы ретінде болды. Қазіргі таңда «Саентология шіркеуі» қатаң иерархиясы бар бүкіл әлем бойынша кең таралған және бизнеспен, саясатпен, мәдениетпен қоса, өмірдің барлық салаларын қамтитын ұйым болып табылады. Саентологиямен «Нарконон», «Криминон», «Хаббардтың гуманитарлық орталығы», «Дианетика» қоғамы және т.б. сияқты ұйымдар тығыз байланысты. Саентологияның негізгі ілімі ретінде дианетика (ойлау туралы ғылым) болады. Онда елестеуші түрде ғылымның жетістіктері психоанализ тәжірибесімен, ғылыми фантастиканың басқа планеталарға рухтардың келуі) және шығыс діндерінің (қайта туулыу идеясы) элементтері біріктірілген. «Саентология шіркеуімен» өткізілетін диагностикалық және терапевтік тәжірибе бүкіл әлемнің медициналық мекемлер жағынан өте қатаң сынға алынатынын атап өту қажет.

Оккультизм және емдеулік культтер. Мұнда мистикалық ілімдер, магия, теософия, спиритизм, астрология, сиқырлық, емшілік және т.б. ілімдер туралы айтылған. Қазақстанда «Алля Аят», «Ата жолы» деген ағымдар кең таралған.

«Алля Аят» «Алля Аят» қозғалыстың негізін ХХ ғ. 90-шы жылдарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылының тұрғыны Фархат Абдуллаев ( көбінесе Фархат-ата ретінде белгілі) және оның әйелі Нина салған.

Ұйым өзін «мақсатталған дін, ғибадат» ретінде, Фархата ата ілімін оқытуға қатысқандарға барлық ауру-сырқаттардан айығу жағынан көрсете білді. Секталар мен тәжірибеленетін бұл ідіс 3 негізден тұрады. «өмір формуласының айтылуы, «Эткен чайының қолданылуы. (чай құрамы тұз және сүттен тұрады).,бұл чайдың қасиеттілігі сондай, өзінде үлкен әнергетикалық, күш қуатқа толы сипаты бар сияқты.

Қазақстанда бастау алған «Алля Аят» қозғалысы көптеген ТМД елдерінде танымал болды. Секта Новосибирск қаласында «Звезда селенной» деген журнал шығарып тұрды. Осы журналдағы мәліметтерге қарағанда «Алля Аят» емдеушілері ауыр халмен психикалық ауруларға душар болған. Зерттеушілердің айтуынша Фархат Ата әдістері адамға психалогиялық және физикалық денсаулығына әсер етеді. Ал табиғатта жоқ күшке сенетін және ғылымға қарсы әдісімен ерекшеленеді. Соттың шешімі бойынша Аллея Аят ұйымының әрекеті Қазақстанда заңсыз деп табылады. Ал өзінен кейінгілерге мәнгілік ғұмырды уәде еткен.Фархат-атаның өзі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

Емтихан билеті №2.

1.Қазақстандағы діни ұйымдардың қызметін реттестіретін мемлекеттік ұйымдар.

2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.

3.Қазақстанда методистік қауымның таралуы.

1.Қазақстандағы діни ұйымдардың қызметін реттестіретін мемлекеттік ұйымдар.

Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстандағы діни сенушілердің 95% мұсылмандар мен православтықтардан құралған. Республикада барлығы 4362 діни бірлестіктер, оның ішінде 2640 мұсылмандық, 296 православтық, 85 католиктік, 1264 протестанттық, 28 иудейлік, 44 дәстүрлі емес, 5 буддистік, тіркелген. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның 2010-2020 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының бес негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді. Көп дінді Қазақстандағы қазіргі діни жағдай күрделі әрі үдемелі, үнемі сандық және сапалық өзгерістер болып жатады. Дәстүрлі діндер, ислам және христиандық, қазақстандық қоғамның қалыптасуында мәдениетті құраушы маңызды факторлардың бірі болды. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр. Дәстүрлі емес діни ұйымдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары кеңінен етек жая бастады және Қазақстандағы діни көпжақтылықтың жаңа факторына айналды. Қазақстан қоғамында дәстүрлі емес діндердің бой көрсетуі және қызметінің қауіпті тенденцияны байқатып отырғандығы объективті ғылыми зерттеулерді талап етеді.

2. «Құдай балалары» сектасының діни ұстанымдары.

Құдай балалары Христиандық бағыттардың ішінде осы діннің атын жамылған түрлі діни секталар бар. Осындай діни ұйымдар өз ілімдерінің қайнар көзі ретінде Інжілге сүйенеді және өз ұйымдарының шығу тегін тікелей әулие апостолдармен байланыстырады. Бұл ұйымдардың басшылары өздерін пайғамбар немесе Масих деп атайды. Бұл діни ұйымдардың махаббат жанұясы «Құдай балалары», «Тәуелсіз миссионерлік қауымдардың одағы» деген атпен белгілі. «Құдай балалары» сектасы өз атын бірнеше рет өзгертті. Алғашқыда «Махаббат жанұясы», кейін «Жанұя» деген ресми атау алды. Бұл сектаның тағы бір атауы «Жанұя Христиандық миссиясы». Бұл секта жалған евангелшіл, оккульттік, апокалиптисттік бағытта. Сектаның штаб пәтері Цюрих қаласында орналасқан. Бұл ұйымның өмірлік басты ұстанымы жалпыға арналған сүйіспеншілік. Секта мүшелері жаңа есімдер алып, әрекет жасайды. Жаңа есім бұл жасырын әрекет етудің құралы. Сырт көздер үшін бір есім, ал секта үшін екінші есім алу дәстүрі сақталды. Берг өзінің Абрахим деген бір рухтан аян алатындығын жариялады. Бергтің сөзі бойынша, Абрахим цыган патшасы болған. Ал қазір аспан әлемінде өмір сүреді. Оған Абрахим пайғамбарлық өсиетін берген. Абрахимнен басқа бүкіл қозғалыстың қамқоршысы Абнер атты рух болған. Алғашқыда Абнер Бергтің қауыпсіздік қызметінің бастығы болған. Ол қайтыс болғаннан кейін Берг Абнердің аспан әлеміндегі қасиетті күштердің күзет қызметін басқаратындығын және жоғарыдан Бергті тіл-көзден сақтап отырғандығын жариялады. Енді Абнер аспан әлеміндегі барлық кеңестер мен соттардағы «Құдай балаларының» өкілі болып қызмет жасайтындығын айтты. Берг Мартин Лютер, Иоанн Грозный, Мерилин Монро сынды о дүниелік болған адамдармен қарып-қатынас жасағандығын айтып мақтанды. Берг өзін ерекше орнын атап көрсетуден жалықпады. ОлМоисей сынды өз халқының басшысы, ал Давид сынды құдай халқының пайғамбары сияқты екендігін үнемі ескертіп отырды. «Құдай балалары» сектасының ілімінде ақырзаман туралы ілім басты орын алады. 1968 жылы ол пұтқа табынушылардың уақытының аяқталғанын жариялады. Енді ежелгі Израиль қоғамы «Құдай балалары» арқылы қалпына келу уақыты басталғанын жариялаған секта басшысы үлкен адасушылықтар уақыты келгендігін және Армагеддонға дайындық басталғандығын айтты. Осыдан кейін шынайы христиандар қудаланып, бұкіл әлем антихристқа құлшылық етеді, ал 1993 жылы әулиелер аспанға көтеріліп, Иисустың мың жылдық патшалығы басталады деп жария етілді. Секта мүшелері күніне 8-10 сағат Інжіл мәтінін жаттаумен шұғылданады. Секта мүшелері эмоционалды және психологиялық тұрғыдан өңдеуден өтеді. Жанұя (семья) культінің негізін салушы және жетекшісі – Мозе Дэвид Бракут Берг (1919-1994). Ол 40 жасына дейін Евангелияның уағызшысы болған. Ол өзінің «Құдай балалары» атты шіркеуін құрған соң ғана танымал бола бастады. Бұл 20 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысы болатын. Сектаның әрбір мүшесі күн сайын 6-10 сағат көшеде сауда жасауға мідетті болды. Сектаның әрбір мүшесі бір аптада 2000 кітапша сатуға тиіс болатын. «Құдай балалары» сектасына кіру үшін адамдар жұмысын және оқуын тастауға, секта атына мүлкін, қаржысын және мұрасын да қалдыруға тиіс болатын. Берг қайтыс болған соң секта жетекшісі оның зайыбы – Мария болды. «Құдай балалары» - жалған христиандық культі 1967-1968 жылдары оңтүстік Калифорнияда (АҚШ) құрылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]