Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_SABIROVA_K_1241_siporyn_ekonomikasy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.57 Кб
Скачать

Мемлекеттік;

Кооперативтік;

Ұжымдық;

Жеке;

Жеке сектор. Қазақстанда жеке сектор мынадай бөлімдерден тұрады:

Жеке кәсіпкерлік;

Толық серіктестік;

Коммандиттік серіктестік;

Жауапкершілігі шектеулі қоғам;

Қосымша жауапкершілікті серіктестік;

Ашық акционерлік қоғам;

Өндіріс кооперативітері.

Жекеше кәсіпорын - жеке меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын. Жеке кәсіпорын азаматық иүлкінен,алынған табыстан,несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.

Толық серіктестік - бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі,онда қатысушылардың бәріне мүлкімен ынтымақты жауапкершілік жіктеледі.Қатысушылардың жарналық үлестері,алынған табыстары мен басқа да заңды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ үлестік меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі.Толық серіктестікке қатысушылар заңды ұйым құқығын сақтайды.Жарғылық қоры минималды есеп коэффицент 25 өлшемінен кем болмауы керек.

Коммандиттік серіктестік- сауда немесе коммерциялық қоғамның бір түрі,оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп қатерді өзінің барлық мүлкімен толық мойнына алушыларға және коммандистерге және кәсіпорынға жұмсалғаны үшін ғана жауап беруші және пайдадағы үлесін ғана алушы салымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш).

Жауапкершілігі шектеулі қоғам- фирма қызметіне қатысушы адамдардың бірлестігі,бұл бірлестікке қатысушылардың әрқайсысының фирманың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі оның барлық қатысушылары үшін әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне бірдей еселенген қатынаста қосқан үлесімен шектеледі.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам –қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты міндеттемелерге жауап беретін қоғам.

Акционерлік қоғам – жарғы қоры кәсіпорын,оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде,акцияларды шығарып,сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акциаларының құнымен шектеледі.

Ашық акционерлік қоғам – акциялары бағалы қағаз нарығында олардың белгілеген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік кәсіпорын.

Жабық акционерлік қоғам – акциялары тек құрылтайшылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.

Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.

  1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар

Кәсіпорынның құрылымы негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, қызмет етуші және қосалқы бөлімдерден тұрады. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процғсс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 түрі болады:

  1. негізгі;

  2. көмекші;

  3. қосалқы және т.б.

Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасмалдау, түсіру).

Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:

  • негізгі;

  • көмекші;

  • қосалқы.

Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:

  • заттай;

  • техналогиялық;

  • аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса білгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Техналогиялық құрылым қолданғанда техналогиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төменделуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, техналогиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасмалдардың көлемінің азаюына,өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.

3. Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлар мен оны дамыту жолдары

Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:

  • кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататынлығы;

  • шығарылған өнімнің номенклатурасы;

  • оның консрукциялық ерекшеліктері;

  • қолданылған материялдар;

  • шикі заттар және оларды өңдеу түрлері;

  • өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;

  • өнім сапасына қойылатын талаптар;

  • өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;

  • технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;

  • өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;

  • өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.

Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.

Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

  • негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;

  • кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;

  • өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты ) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;

  • техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • өндірістің тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде еңгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]