Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_SABIROVA_K_1241_siporyn_ekonomikasy.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
814 Кб
Скачать
☆

2. Қр экономикасының салалық құрылымы

Қазақстан экономикалық материалдық базасын күделі салалар кешені құрайды. Мұнда өнеркәсіп негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіп материалдық өндірістің басты және жетекші саласы. Өнеркәсіп (әсіресе, ауыр индустрия ) экономикадағы ұдайы өндірісті ұлғайтудың негізі болып табылады. Ауыр индустрия озық технологиялар мен өнеркәсіптің өндірістің барлық сплаларын, ауыл шаруашылық транспорт, байланыс, құрылыс, сауданы жабдықтайды.

Өнеркәсіптің дамуы өндіргіш күштерді рационалды орналастыруға, еліміздің экономакалық аймақтарының дамуына, табиғи ресурстарды мақсатты пайдалануға алып келеді. Өнеркәсіп еліміздің қорғанысын күшейтудің негізі болып табылады, себебі ол қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы барлық техника түрлерін шығарады.

Экономикалық бекітуіне қарай өндірістік өнеркәсіп 2 топқа бөлінеді:

  • Өндіріс құрал-жабдықтардан шығарушы салалар ( «А» тобы )

  • Тұтыну заттарын өндіруші өнеркәсіп ( «Б» тобы).

Республикада маңызды салалардың бірі мұнай айдау, оның үлесі өнеркәсіптік өндірісте -5% құрайды.

Мұнайды өндеу кеңінен үш аймақта шоғырланған:

ОҚО (43%) , Атырау облысы (28%) және Павлодар (25%),2000-2004 ж орташа 1 жылға өндіріс өсімі республикада 8,7%.

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің өндірісі бойынша облысымыз республикада 1 орын алады 130,5%.

Өндіріс көлемінде ең үлкен үлесті тау кен өндірісі алады (86%). Бұл салада физикалық көлем индексі 133,8%. газ өндірісі есебінен болды.

Даму бағыттары біріншіден газ өндіруші өнеркәсіп пен машина жасау кәсіпорындары өсінуі байланысты.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

Кәсіпкерлік іс-әрекет пен ел экономикасы дамуы белгілі бір деңгейде мемлекеттік саясатқа байланысты. Өзінің іс-әрекетімен мемлекет бұл процестерді жеделдетуі немесе мүлдем тоқтатып тастауы мүмкін.

Нарықтық экономика қолайлы артықшылықтарына қарамастан, барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді тұтас қоғам мен әр адам мүддесіне қарай автоматты реттей алмайды. Ол табыстың әлеуметтік әділ бөлінуін қамтамасыз ете алмайды, еңбек құқығын кепілдендірмейді, қоршаған ортаны қорғауды көздемейді, қоғамның аз қамтылған тұрғындарына жәрдем ете алмайды.

Жеке бизнес қоғам мен мемлекеттік үшін өте қажетті, бірақ жоғарғы табыс әкелмейтін салалар мен жобаларға капитал салуға мүдделі емес. Нарықтық экономика және басқа да өзекті мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан да кез-келген елде экономика қалыпты дамуы үшін мемлекет сәйкес жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.

Мемлекет негізгі мынадай қызметтерді атқаруы қажет.

    1. Құқықтық негіз жасау. Мемлекеттік меншік құқығын анықтаушы, кәсіпкерлік іс-әрекетті реттеуші, өнім сапасын қамтамасыз етуші заңдарды жасап қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік субъектілер арасында қатынастарды реттеуші заңды ойын ережесін бекітеді.

    2. Елдегі құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекет әр азамат, тұтас қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Егер де мемлекет өзінің бұл қызметін тиісінше атқармайтын болса, елде қылмыстық жағдай дамуына мүмкіндік береді, мафия, коррупция, жемқорлық, сыбайластық және т.б. негативті жағдайлар кәсіпкерлік іс-әрекет, жалпы экономика дамуына кедергі болады.

    3. Экономиканы тұрақтандыру. Тұрақтандыру дегеніміз – экономиканың тұрақты дамуы, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оптималды ұстап тұру. Мысалы: Жалпы Ұлттық өнім(ЖҰӨ) көлемі, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі, бюджет тапшылығы және т.б.

Экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін мемлекет сәйкес фискальды, қаржы-несие, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу арқылы қолдағы бар барлық рычагтар мен әдістерді пайдалану қажет. Тек қана инфляцияның өзінің мынадай кері әсері бар:

- ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендету, бұл төлем балансы тапшылығы, өнеркәсіп өндірісі төмендеуі, жұмыссыздық өсуіне алып келеді;

- ақшаның шет елге кетуі, әсіресе шет ел валютасы;

- валюта девальвациясы, ол импорттық тауарлар бағасы өсуіне алып келеді;

- азаматтар жинақ қорларының құнсыздануы;

- инвестициялық белсенділікті төмендету;

4. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

Мемлекет белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі керек. Мұның мәні барлық жұмыс істеушілерге ең төмен еңбекақыны, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны, зейнетақыны және т.б. аз қамтылған азаматтарға көмекті қамтамасыз ету.

5. Бәсекені қорғау. Нарықтық экономикада бәсеке ең негізгі реттеуші құрал болып табылады. Ол экономиканы барлық сферасындағы прогресс негізі. Бәсеке жағдайында сатып алушылар-қожайын, нарық қызметшісі. Монополия жағдайында бұл күрт өзгереді де, сатып алушылардың қызметіне айналады.

6. Шаруашылық заңдылықты жасау, қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, салық салу, банк жүйесін құру. Бұл қызметтерін орындау үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтары мен әдістерін пайдаланады.

Мемлекет экономикаға, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар болған жағдайда араласады. Олар позитивті немесе негативті болуы мүмкін. Мемлекеттің экономикаға араласу жағдайларына мыналар жатады: ұлтық қауіпсіздік талаптары, қоғамдағы әлеуметтік қиындықтар, экономикадағы негативті құбылыстар(өндіріс құлдырауы, инфляция, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, бюджет тапшылығы, әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілетсіздігі, инвестициялық құлдырау), қоршаған ортаның ластануы.

Жағдайлары мен алғышарттарын білу мемлекет араласуына толық шарт емес, ол сонымен бірге мемлекет сапалық жағдайын бағалайтын критерий, белгілерін білуі керек.

Жұмыссыздық. Бұл нарықтық экономиканың бөлінбес элементі. Оның жұмыс күні деңгейінің 4-6 болуы қалыпты саналады, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болып есептеледі. Табиғи фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жатады. Бұл жұмыссыздық тиімді жұмыс іздеумен, маусымдық үзіліспен, мамандыққа деген сұраныс өзгеруімен сипатталады. Сондықтан мемлекет мұндай жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен асқанда ғана реттеуі қажет.

Инфляция. Инфляция дегеніміз – тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ол жұмыссыздықтан да күрделі құбылыс. Тауарлар мен қызметерге баға әрқашан тұрақты болмағандықтан да, инфляция әлемнің барлық еліне тән. Сондықтан да белгілі бір деңгейге дейін ол өте қауіпті емес. Мемлекеттің қолданатын шаралары инфляция деңгейіне байланысты болады. Инфляцияның 2 типін көрсетуге болады: сұраныс инфляциясы; өндіріс шығындары өсуімен немесе жиынтық ұсыныс төмендеуімен байланысты инфляция.

Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығы дегеніміз – мемлекет шығындарының оның табысынан артып кетуі. Мұның белгісі ретінде жалпы ұлттық өнімдегі тапшылық үлесі алынады.

3. Мемлекет өзінің қызметін орындау мен экономиканы реттеуде әкімшілік(тікелей) және экономикалық(жанама) әдістерді пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің әлемдік тәжірибесі экономиканы реформалауда (кризис) дағдарыс жағдайында мемлекет ролі төмендейтінін көрсетті. Кез-келген жағдайда мемлекет кәсіпкерлік іс-әрекетке әсер етуде басты ережені ұстануы керек нарықтық негізді бұзып алмауы қажет. Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудегі экономикалық әдістер әкімшілік әдіске қарағанда неғұрлым тиімді келеді. Экономиканы реттеудегі мемлекеттің негізгі рычагтары мыналар: салықтар, табыс пен ресурстарды қайта бөлу, баға қалыптастыру, мемлекеттік іс-әрекет, несие-қаржылық механизмдер т.б.

Егер де экономикалық әдістер өз нәтижесін бермеген жағдайда мемлекет әкімшілік әдістерді қолдануға мәжбүр болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей әкімшілік әдістерді мына облыстарда қолдану тиімді:

- табиғи мемлекеттік монополия (негіздік ғылым, қорғаныс және т.б.)

- қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды пайдалану;

- сертификаттау, стандарттау, метрология;

- әлеуметтік саясат: кепілдендірілген төменгі еңбекақы; жұмыссыздыққа жәрдемақы және т.б.

- сыртқы экономикалық іс-әрекеттер (экспортты лицензиялау мен несиелендіру, импортты мемлекеттік бақылау);

Мемлекеттің фискальдық саясаты.Мемлекеттің фискальдық саясаты дегеніміз – экономиканы тұрақтандырып дамыту мақсатымен мемлекеттік бюджетпен салық салуды реттеу.

Өндіріс құлдырауы кезінде жиынтық сұранысты арттыру үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүргізу шығындарын арттырады. Экономиканы көтеру үшін мемлекет тұрғындар мен кәсіпорындарға салықты азайту арқылы әсер етеді. Бұл жағдайда тұрғындардың тұтыну бұйымдарына сұранысы артады, кәсіпорындар қаржысының негізгі бөлігін инвестицияға жұмсайды, нәтижесінде экономика тұрақтанады.

Мемлекеттік шығындардың төмендеуі кей жағдайларда мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі, бұл инфляциялық процестерді тежейді.

Мемлекеттің фискальдық саясаты ең біріншіден экономикалық ауытқуларды реттеуге бағытталған.

Қаржы-несие саясаты. Қаржы-несие саясаты дегеніміз – мемлекеттің банк процентін,ақша массасын мақсатты басқару. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасы мен проценттік ставкаға әсер етеді, ал олар тұтынушы мен инвестициялық сұранысқа әсер етеді.

Қаржы-несие саясатын жүргізуде Қазақстанның орталық банкі басты роль атқарады. Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарай проценттік ставканы реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беру мүмкіндігін молайтады немесе кемітеді.

Мемлекет экономика өсуімен инфляцияға құнды қағаздарды сату мен сатып алу арқылы әсер етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясат мемлекетпен бірге және байланысты жүргізілуі керек. Сонда ғана ол ел экономикасы мен кәсіпкерлік іс-әрекетке тиімді әсер етеді.

Ғылыми-техникалық саясат. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету экономиканы көтеру мен елімізді қуатты-индустриалды мемлекетке айналдырудың маңызды факторы. Мысалы, Жапонияның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы позицияға шығуы аз мерзім ішінде осы ҒТП негізделген мақсаттық мемлекеттік саясатты жүргізуге байланысты.

Мемлекеттің бірыңғай ғылыми-техникалық саясаты дегеніміз – ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін, оның нәтижелерін халық шаруашылығына енгізуге бағытталған шаралар жүйесі.

Қазіргі уақытта қоғам мойындаған ғылым мен техника дамуының мынадай бағыттары бар: өндірісті кешенді автоматтандыру, халық шаруашылығын электрлендіру, жаңа материалдар мен олардың өндірісінің технологиясын жасау, биотехнология, атом энергетикасы және т.б. Бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу үшін мемлекет негізінен мынадай құралдарды пайдаланады: білім беру мен академиялық ғылым сферасын мүмкіндігінше қаржыландыру, прогрессивті амортизациялық және инвестициялық саясаты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]