- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Дәріс сұрақтары:
Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
Кәсіпорынның түрлері.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
Өндіріс типтері
Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
Экономика деп қолда бар шектеулі ресурстарды барынша тиімді пайдалануды айтады. Кез келген елдің экономикасы ұлттық шекара шеңберінде өзара байланысты салаларды біріктіретін кешенді білдіреді. Қандай да бір экономиканың негізін өндіріс құрайды. Өндірісте экономикалық өнім өндіріледі. Атап айтқанда, кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыстар жасалады, қызмет көрсетіледі, яғни тұтынудың негізі жасалып, ұлттық байлық көбейтіледі.
Экономиканың барлық кезеңдерiндегi негiзгi буын кәсiпорын болып табылады. Осы кәсiпорында өнiм өндiрiледi, жұмыскер өндiрiс-құрал-жабдықтарымен тығыз байланыста болады.
Кәсiпорын деп пайда алу және оны көбейту мақсатында бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердi өндiрумен, өткiзумен айналысатын заңды түрде құрылған дербес шаруашылық субъект немесе заңды тұлғаларды айтады.
Кәсіпорынның басты мақсаты барынша жоғары пайда алу және жоғары пайдалылыққа жету. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорын алдына төмендегідей міндеттер қойылады:
сұранысқа сай және қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жоғары сапалы өнім шығырып, қызмет көрсету және оны жүйелі түрде жаңартып отыруы қажет;
өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану;
кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын жасау және жағдайлардың өзгеруіне қарай түзетулер енгізу;
өндіріске, еңбекті ұйымдастыруға және басқаруға алдыңғы қатарлы жағалықтарды енгізіп отыру;
өзінің жұмыскерлерінің жағдайын жасау, олардың біліктілігін арттыру, еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жоғары деңгейде ұстуы қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорынның атқаратын қызметтері мыналар:
өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару,
кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру кәсiпорында ұтымды техникалы-технологиялық жүйе құру мақсатында болады. Бұл сенiмдi әрi тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк жабдықтар мен технология, жұмыскерлердiң реттелiнген техникалы-ұйымдастырылған өзара байланыстарын айту,а болады.
Еңбектi ғылыми ұйымдастыру –ұжымда дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары өнiмдi, тиiмдi шығармашылық еңбек ету үшiн жағдайлар жасау бойынша шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi ғылыми ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi кәсiпорынның техникалы-технологиялық жағдайға, оның қаржылық және экономикалық активтерiмен шектелген.
Басқаруды ғылыми ұйымдастыру –бұл кәсiпорынның материалдық кiшi жүйесi мен адам ресурсына мақсатты түрде әсер етуiн қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық және гуманитарлық жүйе. Ол моральдық-технологиялық, экономикалық әсер алу мақсатында жоғары айтылғандардың өзара байланысуына ықпал етедi.
Кәсіпорынның түрлері.
Қазақстанда “Меншік туралы” заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.
Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:
Салалық құрылымына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және басқа салалар кәсіпорындары.
Ұйымдастыру формаларына байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік, фермерлік, жанұялық, жалқы (жеке) және басқа. Шаруашылық іс-әрекеттерінің түріне байланысты;
Құқықтық жағдайына байланысты;
Меншік жағдайына баймланысты;
Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі:
