Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_SABIROVA_K_1241_siporyn_ekonomikasy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.57 Кб
Скачать

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Дәріс сұрақтары:

1. Инвестицияның мәні мен түрлері.

2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.

4. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау.

5. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.

6. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты.

1. Инвестицияның мәні мен түрлері.

Инвестиция – ел ішіндегі және шетелдегі пайда (табыс) алу мақсатындағы және оң әлеуметтік әсер алу үшін капитал (күрделі қаржы) салымы.

Инвестиция ақшалай қаражат, мақсатты банк салымдары, пай, акция, басқа да бағалы қағаздар түрінде, несие, борыш, кепіл, технология, жер, ғимарат, қондырғы, машина, лицензия, тоавр белгісі, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық, интелектілік бағалық түрінде болуы мүмкін.

Инвестицияның қаржылық анықтамасы – табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынған активтердің барлық түрі. Экономикалық жағынан анықтамасы – негізгі капиталды жасау, кеңейту, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға және осы өзгерістермен байланысты айналым капиталына кеткен шығындар.

Инвестиция жұмсай отырып, белгіленген нәтиже алатын ресурс.

Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде,ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде “инвестиция” мен “инновация” түсініктері негізгі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа немесе жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.

Сонымен, өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың жаңа қамтамасыз етлуін айтымыз.

Ал инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл.- investments)-“күрделі қаржы салу”деген ұғымды білдіреді.Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында “күрделі қаржы салу” ұғымына қарағанда кең, мағыналы ұғым.

Инвестиция нақты және портфельді немеме қоржынды инвестиция болып бөлінеді. Нақты инвестиция бірінші жағдайда – инвестор өзінің өндіріс көлемін кеңейтуге- өндірістік негізгі және айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда- инвестор құнды бағалы қағаздар үлесін дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды. Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік және өндірістік емес деп жіктеуге болады.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттерден, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты арнайы және техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі бакілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асрудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибе мұндай инвестициялардың түрлері:

  • табиғи активтерге инвестициялар;

  • ақша активтеріне инвестициялар;

  • материалдық емес активтерге инвестициялар:

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]