Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_SABIROVA_K_1241_siporyn_ekonomikasy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.57 Кб
Скачать

1 тақырып. Тақырып Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының сипаттамасы мемлекетт

2 тақырып. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде

3 тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

4 тақырып. Негізгі капитал

5 тақырып. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстары

6тақырып. Айналым капиталы.

7 тақырып. Еңбек ресурстары

8 тақырып. Еңбек ақы төлеу

9 тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

10 тақырып. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны

11 тақырып Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.

12 тақырып. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

13 тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі.

14 тақырып. Кәсіпорын қаржысы

1-тақырып (2 сағат).

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Дәріс сұрақтары

1. ҚР экономикасының даму жағдайы.

2. ҚР экономикасының салалық құрылымы

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері

1. Қр экономикасының даму жағдайы

Қазақстан ТМД елдері арасында өндіріс деңгейін алға қоюға тырысқан алғашқы ел. 1999 ж бастап соңғы жылдары елімізде экономикалық және әлеуметтік даму тұрақты қарқында дамып келеді: ЖІӨ көрсеткіштері, нақты табыс пен тұрғындардың еңбек ақысы, өсіп, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

10 жыл бұрын ЖІӨ елімізде жан басына шаққанда 700$ болған болса, 2005 ж ол 3000$ жетті, ал 2010ж 5800$ АҚШ доллары есебінде болады деп жоспарлануда.

ҚР қаржы жүйесінің басты прогрессивті белгілірінің бірі х/а экспорт. Қазақстан инвестиция алып оны игеруде ТМД елдері арасында алда келеді. Оның бұл көрсеткішке жетуіне біздің облысымыз да өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні Атырау облысы республикамыздағы ең ірі өнеркәсіптік-аграрлық аймақ болып табылады. Республикадағы ЖІӨ-де облыс үлесі 1998 ж 3,4%-дан 2008 ж 5,2% өсті.

ЖІӨ көлемінде өнеркәсіп -22%, құрылыс- 14%, транспорт пен байланыс – 11% құрайды.

1999-2005ж аралығында экономикалық өсудің жоғары қарқыны байқалады. Бұл уақытта жиынтық ЖІӨ республикада 50%-ға өсіп, Қазақстанның экономикалық даму қарқыны бойынша лидерлердің біріне айналуына мүмкіндік береді.

Қазақстан экономикасы жылына 8,9 % өсті, бұл ТМД елдері және Шығыс Европа елдеріне ( РФ – 7,1%, Украина -5,3%, Венгрия-4,4%, Румания -3%, Польша-2,7 ) қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан экономикасының құрылымы қазіргі уақытта нарықтың құрылымға жақындап келеді.

Функционалдық мәнінде экономиканы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы өзара байланыстағы күрделі жүйе ретінде қарастыруға болады.

ҚР сыртқы экономикалық дамуы деңгеиі оның халықаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық байланыстарға түсуін қажет етеді. Еліміздің х/а еңбек бөлінісіне қатысуы өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да СЭБ ерекше көңіл бөлу қажет.

Қазақстандағы СЭБ мынадай халық шаруашылық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

  1. Экономикалық дамуды интенсивтілендіру мен оның тиімділігін көтеруге;

  2. Өндіріс сапасын жақсартуға, өнеркәсіптің прогрессивті технологиялық және экономикалық қатынастағы салаларының өсу қарқынының жеделдеуіне, сонымен бірге халық шаруашылық құрымын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Қазақстанда әлемдік экономикалық одақтастыққа ену үшін қажетті алғышарттардың бәрі бар: шикізаттық, өнеркәсіптік, алыл шаруашылық, кадр потенциялы мен еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы.

Қазақстан әлемде 130 астам елмен байланыс жасайды. Қазақстан экспортының 40% астам ЕО ( Европалық Одақтастық ) елдеріне бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан экспорты құрылымдық шикізатпен толығуы алаңдаушылық туғызып отыр, ол әлемдік сауда тенденцияларына сай емес. Шикізат бағыты Қазақстанды әлемдік нарыққта қолайсыз жағдайда ұстап отыр

Сонымен бірге облыс минералды өнімдер сатып алады- 40%, машина құрал-жабдықтары мен транпорт құралдары -30%, металлургиялық өнімдер -10%, химия өнеркәсібі өнімдірі- 8 %.

Нәтижесінде импорттан экспорт басым бола отырып, 2003 ж сыртқы сауда балансының сальдосы қосылғаны байқалады. 2005 ж ол 307,4 млн. көлемінде болып, 2004 ж мен салыстырғанда ол 86 млн. –ға өскен.

1993ж біздің облыс экономикасына 745,7 млрд. тг. инвестиция тартылған. Негізгі үлесті Қарашығанақ алады. 2003 ж инвестиция көлемінің едәуір азайғаны байқалады. Бұл Қарашығанақ жобасының 2 этапының аяқталуымен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]