- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
Қазіргі заман лингвистикасында тіл екі парадигманың негізінде зерттеліп келеді. Оның біріншісі – структурацентристік парадигма да, ал екіншісі – антропоцентристік парадигма. Жалпы тіл білімінде және жекелеген тілдерді зерттеуде антропоцентристік парадигма бүгінгі таңда басымдыққа ие болып отыр. Лингвистика ғылымында антропоцентристік парадигма ең алдымен, тілді тұтынушы адамды әрі тілдің шынайы иесі – этносты, ұлтты, халықты алдыңғы қатарға қояды. Структурацентристік зерттеулерде тілдің ішкі құрылымына басты назар аударылып келген-ді. Алайда структурацентристік парадигманың тіл біліміндегі жеткен жетістіктерін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқыда структурацентристік парадигма белең алып, кейіннен антропоцентризмнің өріс алуы – қоғам мен адамзаттың дамуынан, уақыт сұранысынан туған мәселелер. Сондықтан тіл білімінде структурацентризмнің жетіспейтін жағын антропоцентризм өз тарапынан толықтырып отырады. Тіл – адамзаттың қоғамдық сипатын анықтайтын басты белгі. Адам баласының танымы мен түйсігі, сана-сезімі, ақыл-ойы тілден тыс дүние емес. Лингвистика – ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. секілді құбылыстарды өзара бірлікте қарастырады. Қазіргі заманғы лингвистикадағы когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, қолданбалы лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, т.б. тәрізді жаңа бағыттар – антропоцентристік парадигманың (этнолингвистика) жемісі.
Концепт және ұғым мәселесі
Концепт – тіл білімінде антропоцентристік бағыттың негізінде туындаған лингвофилософиялық бірлік. «Үлкен ағылшын-орыс сөздігінде» «conseptus» сөзі «ұғым, идея», сонымен қатар «жалпы түсінік» дегенді білдіреді [42,335б.]. Ресей лингвистикасында концепт термині ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап көрініс берсе, біздің елімізде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында дербес зерттеу нысанына айналды. «Сonseptus» сөзінің мағынасы латынша «ой-түсінік» дегендердің баламасы болып табылады [43,215б.]. Өкінішке орай бүгінгі таңда концепт термині туралы мәселе көптеп көтерілгенімен қазақ тіл біліміндегі «Қазақша-орысша» немесе «Қазақша лингвистикалық түсіндірме» сөздіктерде, «Қазақ тілі» энциоклопедиясында бұл термин ескерусіз келеді. «Латынша және орысша сөздікте» «концепт» деген терминді бірінші рет тахуа философ Ансельм (1033-1109 ж.ж) пайдаланған. Бұл термин латынша conceptio – 1) Байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем деген тәрізді мағыналарды білдіреді [45]. Тіл мен ойлау мәселесі ресейлік тіл білімінде біршама зерттелген. Негізінен бұл салада Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьев, В.Н.Телия, А.Н.Соболевский, Д.С.Лихачев, В.В.Воробьев, В.А.Маслова, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.Айрапетян, В.В.Колесов, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкая, М.Минский, т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырыла келіп, «концепт» терминінің теориялық негізі қаланды. Лингвистикадағы концептке қатысы бар мәселе «ұғым» және «ұғымдық категория». Ұғымдық категориялар жеке сөздерден гөрі жалпы сөздердің ірі топтарына қатысты мағыналық бөліктер ретінде қарастырылып жүр. Ұғымдық категория грамматикалық категорияға қарағанда сөздің айшықты көрінісіне тәуелсіз қарастырылады. Ұғымдық категориялар – әлем тілдеріне түгелдей дерлік қатысы бар әмбебап құбылыс. «Концепт» және «ұғым» терминдері бір жағынан, сөздің мазмұн межесінің түрлі даму кезеңін бейнелесе, екінші жағынан, оның әр түрлі қызметін көрсетеді. «Концепт», «ұғымнан» тек қана сөздің таяныш боларлық ментальды түсінігімен қатар, әмбебап мәдени түсінік ретінде де ажыратылады.
Метафизикалық концепт ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежедегі құштарлықтарды дамытатын ментальды мазмұн. Метафизикалық концептілер перспективтік, сенсорлық, қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды танытады. Мысалы: өмір, жан, махаббат.
Ұлттық-мәдени концепт ұлттық танымда ғана жан жақты ақпаратымен жүйелеп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін мәдени концептілерді айтамыз. Мыс: ауыл, көш, қарақазан, домбыра.
Эмоционалды концептілер кейбір ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоцияларды аффенттік көңіл күй арқылы, ішкі сезімі арқылы берілетін концептілер. М: қуаныш, қайғы, күйініш сүйініш.Адам сезімімен бірге жүреді. Қазақ тіліндегі күрделі эмоцияларды білдіретін «қуаныш» және «қайғы» концептілері – тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі концептілер болып табылады. Адамзаттың ішкі жан дүниесінің көрінісі тілде «әлемнің аңғал бейнесін» (наивная картина мира) көрсетеді. Осыған орай адамның ішкі өмірін, негізінен эмоционалды жағын да тіл өзінің арнайы құралдары және әдістері арқылы талдайды. «Эмоция (франц. emation, лат. enoveo – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіргендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым- қатынасы негізінде пайда болатын көңіл- күй... Эмоцияның жоғары түрі адамның іс- әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялары жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс- әрекетіне азды- көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үмітсіздену, үрейлену және т.б. жатады» [38, 247б]. Қуаныш және қайғы эмоционалды көңіл- күйге жатады. Эмоционалды концептілерді талдау көбіне когнитивті психологтар еңбектерінде кездеседі. Эмоционалды концептілер «классикалық түрде талқылана алмайды» деген пікір де бар. «Алайда осындай пікір эмоцияға дәлме-дәл анықтама берілмегендіктен туындап отыр» – дейді Ортони, Клор, Фосс сияқты ғалымдар. «Көңіл-күй (настроение, самочувствие) – индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй» [38, 116].
