- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
ХХІ ғасырда тіл табиғатына деген көзқарас жаңаша сипат ала бастады. Өткен ХХ ғасырдағы тілді өз ішінде қарастыру мәселесі жеткіліксіз болып, жаңа сатыға теориялық-танымдық әдістеме көтерілді. Онда негізінен тілді ой-санамен, мәдениетпен, адамның қарапайым тұрмыстық өмірімен бірлестікте қарау қажеттігі туындады. Жаңа ғасыр тудырған аталған қажеттілік лингвистикада жаңа ғылыми бағыт – антропоцентристік парадигманың қалыптасуына ықпал етті. Бұл бағыт тілді зерттеуде адаммен байланысын алдыңғы қатарға шығарды. Онда негізінен «адам болмысын тіл арқылы немесе керісінше тілді адам арқылы анықтау» атты анықтама басшылыққа алынады. Тіл біліліміндегі жаңа ғасырдағы зерттеулер жаңа бағытта жаңаша сипат алғанымен, оның бастау көзі өткен ғасыр зерттеулерінде жатқандығы тіл білімі тарихындағы қазан лингвистикалық ектебінің зерттеулерінен көруге болады. Қазан лингвистикалық мектебінің өкілі Бодуэн де Куртенэнің тілдік бірліктерді зерттеуде тілдің сыртқы және ішкі формаларының сабақтастығына [11] баса назар аударуынан жүйеліқұрылымдық парадигмамен антропоцентризмнің өзара сабақтастығын көруге болады. Онда негізінен тіл тек қатынас құралы, ой алмасудың тетігі емес, этностың мәдени болмысын (рухани және материалдық) қарастыратын антропоцентристік бағытпен қатынасқа түседі. Ал тіл біліміндегі антропоцентристік парадигма тілді адам болмысымен өзара сабақтастықта қарастыруды басшылыққа алады. Яғни, адам әлемінің тіл арқылы рухани болмысын көрсету болып табылады. Тілді антропоцентристік бағытта зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде (Л.Леви-Брюль, Б.Малиновский, К.Леви-Стросс, Ю.Н.Караулов,В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, Д.С.Лихачев, В.А.Маслова, т.б.) тілді рухпен, адамның шығармашылық интелектуалдық мүмкіндігімен байланыстырады. А.А.Потебняның түсіндіруінше «тіл – ойды туғызушы тетік, сондықтан сөз заттың тура таңбасы емес, оның адам санасында тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейне» [12] болып табылады
.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
Жалпы ХІХ ғасырда ғылым атаулы дүниеге келсе, сол кезеңмен іргелес тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигмасы салыстырмалы-тарихи парадигма дүниеге келіп, тілді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісін қалыптастырды. Салыстырмалы-тарихи бағыт тіл ерекшелігі мен болмысын өзара бір-бірімен салыстыру үрдісін қарастырды. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи парадигманы Ф.Бопп, А.Мейе, Р.Раск, т.б. ғалымдар қарастырды. Қазақ тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс аясында зерттеу мәселелері түркологиялық маштабта, салыстырмалы-салғастырмалы (туыстас тілдер және генетикалық жақындығы жоқ тілдермен салыстыру арқылы) әдістер негізінде қарастырылу үстінде.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі — тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И.Ю. Скалигер (1540 — 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г.В. Лейбниц, М.В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф.И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал — Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л.Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 — 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В.Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф.Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я.Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А.Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады. Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф.Диц, Ф.Миглошич, А.А. Потебня, Г.Пауль, К.Бругман, Б.Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т.б. еңбектері негізінде дамыды. И.К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У.Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф.Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды. 20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А.Мейе, А.А. Шахматов, т.б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т.б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М.Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбеков, М.Оразов, т.б. ғалымдар еңбектері жарық көрген.
