- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигманың негізгі көзқарастары этнографиялық тіл білімі, психологиялық тіл білімі, ХХ ғасыр тіл білімін зерттеушілердің (лингвистикалық мектептер) еңбектерінде баяндалады. ХХІ ғасыр лингвистика ғылымында тіл тек қатынас құралы болумен ғана шектелмей, тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіші (категориясы) ретінде қарастыратын жаңа қарқынды бағыт қалыптасты. Бұл тұжырымның іргетасын белгілі лингвофилософ В.Гумбольдт қалады. Одан кейін ғалымның идеясын А.Потебня, И.Гердер, Г.Штейнталь, М.Хайдегер, Д.Уитни, Д.У.Пауэлл, Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, т.б. секілді ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Тілді адам, қоғам, таным мәселелелерімен сабақтастықта қарастыру барысында негізінен адам өзінің адами болмысы мен рухани-материалдық қажеттіліктерін өтейтін концепттілік аясын қалыптастыру үшін ақпаратты тілдік арна негізінде алады.
Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Лингвистика ғылымындағы антропоцентристік парадигма кеңестік немесе ресейлік тіл білімінде алғашында біраз қарсылыққа ұшырағанымен кейіннен ғылыми айналымда ерекше қолға алынды. Тілді рухпен, тілдік тұлғаның шығармашылық қызметімен, қоғаммен, ұлтпен байланыстыра зерттеу мәселесі бойынша А.А.Потебня, Ю.Н.Караулов, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, Н.Толстой, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костоморов, К.Юнг, А.Н.Леонтьев, Д.С.Лихачев, В.В.Воробев, В.А.Маслова т.б. секілді ғалымдардың еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, социлогиялық, мәдениеттанымдық, когнитологиялық аспектілер лингвистикамен өзара сабақтастықта қарастырылды.
Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Қазақ лингвистикасында антропоцентристік бағыттың алғашқы нышандары қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалымдар А.Байтұрсынұлы [22], Қ.Жұбанов [23], С.Аманжолов [24], І.Кеңесбаев [25] еңбектерінде өз алдына жеке мәселе болып қарастырылмағанымен, тіл мен ойлау, тіл онтологиясы, тіл мен ойлау арасындағы сабақтастық мәселесіне қатысты сөз болды. Қазақ тіл біліміндегі антропоцентризм бағытындағы кейбір лингвистикалық концепт тәрізді терминдер мен ұғымдар антропоцентризм аясындағы лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, т.б. ғылым салаларында қарастырылып жүр. ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында антропоцентризм бағыты қазақ тіл біліміне лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, паралингвистика, қолданбалы лингвистика, этнолингвистика, т.б. тәрізді бірнеше ғылыми пәндердің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт аясындағы тіл мен таным бірлестігі, ойлау мен тілдің сабақтастығы, сөз құдіреті (сөз-магиясы), тілдің танымдық қасиетімен қатар қарым-қатынас құралы болу қызметі олардың тілдік қолданыстағы әр түрлі сөз образдары арқылы жұмсалуы деген мәселені әр қырынан келіп қарастырған еңбектер жарық көре бастады. Атап айтсақ, А.Қайдардың «Халық даналығы», «Тысяча метких и образных выражений», Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді», «Сөз құдыреті», Е.Жанпейсовтің «Этнокультурная лексика казахского языка», Ә.Ахметовтың «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас», Ж.Манкееваның «Заттық мәдени лексикасы» мен «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері», Н.Уәлиевтің «Фразеология және тілдік норма», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері», А.Салқынбайдың «Тіл және мәдениет», Г.Қажыгалиеваның «Культурологический аспект в работе над художественным текстом», Г.Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы», Қ.Ғабитханұлының «Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі», Б.Тілеубердиевтің «Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері», Э.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы», т.б. ғалымдардың еңбектері қазақ тілін жаңа бағыттармен сабақтастыра зерттейді.
