Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476.67 Кб
Скачать

48 Тілдің мұрагерлік қызметі

Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі: коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым –қатынас жасап, бірін –бірі түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі –көркем шығарма тіліне тән, адам баласына тән образ арқылы ерекше әсер етедн,ләззат сыйлайтын, эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші қызметіне ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол –тілдің ғасырлар бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті.

49)))))) Тілдің танымдық қызметі

Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың өзекті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі. Таным негіздерін, оның өзге құбылыстармен байланысын зерттейтін ғылымның өзі әр түрлі салаларға жіктелетіндіктен, аталмыш ұғымның аясы да ғылыми тұрғыдан әркелкі түсіндіріліп келеді. Когнитивтік лингвистика – ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы – адамзаттық когниция. Когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымында адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген. Психолингвистикамен тығыз байланыста бола отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [1]. Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады [2]. Өзіміз байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс «тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады». Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Бұл жайында Б.Қасым: «Қоршаған ортаны түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол адамның белгілі тәжірибесіне, қабілетіне біліміне, ерекшелігіне байланысты», — деген еді . Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа, құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше, өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады. Қазіргі лингвистикада когнитивті бағытқа сай нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: 1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы. 2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер. 3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу. 4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу. 5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері. Сонымен, когнитивтік тіл білімі тілдік құбылыстар арқылы концептуалдық жүйені де зерттейді. Концепт сөздерінің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. А.Исламның айтуынша «әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр қоғамдық даму кезеңдерге сәйкес тіл және мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып-түсінуде өзгерістер болғанымен, негізгі дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [3].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]