Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Современные комп.расч.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.75 Mб
Скачать

Тақырып:MathCad жүйесіндегі анимация.

Мақсаты: Mathcad жүйесіндегі анимация.

Кілттік сөздер: анимация, параметр, маркер.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

MathCAD бағдарламасының 6-нұсқасынан бастап анимация құру мүмкіндігі пайда болды. Оны құру үшін Insert менюінің Graph ішкі менюіндегі X-Y Plot бұйрығының көмегімен функция графигін құрамыз. Анимация үшін бүтін сандық параметрді FRAME (үнсіздік бойынша 0-ден 9-ға дейін) өзгертетін аралық беріледі.

Сіздің қандайда бір параметрдің өзгеру барысын бақылағыңыз келген график параметрі функцияны анықтауға кіруі қажет (мұнда сіз еркін түрде өз параметріңізді анықтауыңызға болады, тек онда Frame кадрлар счетчигі болуы тиіс).

Анимация құру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1) View менюінен Animate бұйрығын таңдаңыз. Сонда Animate сұхбат терезесі пайда болады.

2) Құрылған графикті маркерленген тікбұрышқа бекітіңіз.

3) FRAME (From және To өрістері) параметрінің ең төменгі және ең жоғарғы мәндерін беріңіз.

4) At өрісінде секундына жүргізілетін кадрлар санын беріңіз.

5) Animate батырмасын басыңыз. Сонда сұхбат терезеде анимациялық кадрларды көре аласыз.

6) Анимацияны жүргізу үшін пайда болған Playback (Проигрыватель, күйтабақ ойнатқыш) терезесіндегі Play батырмасына басыңыз.

7) Анимацияға өзгеріс енгізгіңіз келсе Playback терезесіндегі менюді ашу батырмасын басуды орындаңыз.

8) Save As бұйрығының көмегімен анимацияны .AVI кеңейтпесі бар файлда сақтауға болады.

Mathcad-құжатына анимацияны орнату Windows Explorer көмегімен жүргізіледі.

Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

1) Windows Explorer іске қосыңыз.

2) Windows Explorer терезесінде AVI-файл атына шертіңіз.

3) AVI-файлды сәйкесінше Mathcad-құжатына тасымалдаңыз.

4) Анимацияны графикалық аумаққа екі рет шерту арқылы жүргізуге болады.

Анимацияны AVI-файлмен сәйкесінше динамикалық байланысқан пиктограммаға екі рет шерту арқылы да жүргізуге болады. Мұндай пиктограмманы Mathcad-құжатында құру үшін төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

1. Insert менюінен Object бұйрығын таңдаңыз. 2. Создать из файла опциясын орнатыңыз. 3. Обзор батырмасының көмегімен қажетті AVI-файлды таңдаңыз.

4. Связь және В виде значка опцияларын таңдап, OK батырмасын басыңыз.

Анимациялық суреттерді құру барысында графиктерді автоматты түрде масштабтау опциясын сөндіріп, масштабты қолмен өзіміз беру опциясын таңдау керек. Масштабты автоматты түрде өзгерту іс жүзінде FRAME=1,2,3... және т.б. өзгерумен ғана анықталған, дискретті, секіртпесіз өзгеруі тиіс делінгенмен график өлшемінің секіртпелі өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  1. Анимация құру жолдары?

  2. Анимация терезесінің параметрлері?

Дәріс №11

Тақырып:MathCad жүйесіндегі символдық есептеулер

Мақсаты: Mathcad жүйесіндегі символдық есептеулерді шешіп үйрену.

Кілттік сөздер: символ, бұйрық, операция.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

MathCAD-тағы символдық процессордың мүмкіндіктері.

Компьютерлік алгебра жүйелері аналитикалық (символдық) есептеулерді орындау үшін анайы процессормен жабдықталған. Оның негізі — барлық формулалар және формулалық түрлендір-гіштер жиынтығын сақтайтын, олардың көмегімен аналитикалық есептеулер жүргізілетін ядро болып табылады. Ядрода формулалар қанша көп болса, символдық процессордың жұмысы соншалықты сенімді болады.

MathCAD жүйесінің символдық процессорының ядросы — Waterloo Maple фирмасының танымал Maple V символдық математика жүйесінің ядросынан барынша жеңілдетілген нұсқасы, өйткені MathCAD-ты шығарған MathSoft символдық математи-каның қолдану лицензиясын осы фирмадан алған болатын.

MathCAD жүйесіндегі символдық есептеулерді үш әдіспен іске қосуға болады:

1) Негізгі менюдегі Symbolics (Символика) ішкі меню бұйрықтарын қолдану арқылы.

2) Математикалық құрал-саймандар панеліндегі

батырмасы арқылы қосылатын Symbolic панелінің бұйрықтарын қолдану арқылы.

3) Math негізгі менюдегі Optimization позиция бұйрықтарын қолдану арқылы.

Symbolics менюінің бұйрықтары.

Символдық процессор жұмысына қатысты амалдар (операция) негізгі менюдің Symbolics (Символика) пози-циясындағы ішкі менюінде орналасады.

Символдық операциялар орындалуы үшін айтылымды ерекшелеп, бұл операциялар қайсы айтылыммен жүргізілуі керектігін процессорға көрсету қажет. Бірнеше операция үшін оларға тиісті айтылымды көрсетіп қана қоймай, символ-дық операция орындалып жатқан айнымалыны белгілеу керек.

Мұндай жағдайда айтылымның өзі белгіленбейді: егер енгізу маркері қандай да бір айтылымның айнымалысын ерекше-лесе, онда бұл айтылымда белгіленген айнымалының бар екенін көрсетеді.

Символдық операциялар ерекшелігіне қарай төрт бөлімге бөлінеді. Біріншіге көп қолданылатын операциялар жатады. Олар кешенді сандардан тұратын немесе кешенді түрде шешімі бар болатын айтылымдарда орындалады.

Ерекшеленген айтылымдармен орындалатын операциялар.

Оларға келесі операциялар жатады:

Evaluate (Вычислить, есептеу) - Ішкі менюден түрлендіру түрін таңдау арқылы айтылымды түрлендіру.

Simplify (Упростить, жеңілдету) – Ерекше-ленген айтылымды қосылғыштарды қысқырту, жалпы бөлгішке келтіру, негізгі тригонометриялық тепе теңдіктерді қолдану және т.б. операцияларын орындау арқылы жеңілдетеді.

Expand (Разложить по степеням, дәрежесі бойынша ажырату) - Айтылымдарды ашу [мысалы, (Х+ Y) • (Х- Y) үшін X2-У2 -ті аламыз]

Factor (Разложить на множители, көбейткіштерге ажырату) - Санды немесе айтылымды көбейткіштерге ажыратады [мысалы, Х2- У2 –тан (Х+ Y) • (Х- Y) аламыз] Collect (Разложить по подвыражению, ішкі айтылымдар бойынша ажырату) - Белгіленген айтылымға ұқсас, өзінің аргументімен жеке айнымалы немесе функция бола алатын қосылғыштарды жинау.

Polynomial Coefficients (Полиномиальные коэффициенты, полиномды коэффициенттер) - Берілген айнымалы бойынша полином коэффициенттерін осы айнымалы қолданылған айтылымға жақындатып табу.

Келесі символдық операциялар тобы осы операция орындалатын айнымалыларды көрсетуді талап ететін айтылымдармен орындалады. Ондай операцияларға мыналар жатады:

Solve (айнымалыға тиісті шешу, Решить относительно переменной) - Ерекшеленген айнымалы мәнін табу (ерекшеленген айнымалыға қатысты теңдеу немесе теңсіздікті шешу).

Түрлендіру операциялары

MathCAD 2000 PRO жүйесіндегі Symbol позициясында келесі мүмкіндіктерден ішкі меню құруға болатын түрлендіру операцияларының бөлімі бар:

Fourier Transform (Преобразование Фурье)— ерекшеленген айнымалыға тиісті тікелей Фурье түрлендіруін орындайды;

Inverse Fourier Transform (Обратное преобразование Фурье) — ерекшеленген айнымалыға тиісті кері Фурье түрлендіруін орындайды;

Laplace Transform (Преобразование Лапласа)— ерекшеленген айнымалыға тиісті тікелей Лаплас түрлендіруін орындайды; (нәтиже—s айнымалы-сымен функция);

Inverse Laplace Transform (Обратное преобразование Лапласа) — ерекшеленген айнымалыға тиісті кері Лаплас түрлендіруін орындайды (нәтиже — t айнымалысынан функция);

Бақылау сұрақтары:

  1. Символдық процессордың мүмкіндіктері?

  2. Ерекшеленген айтылымдармен орындалатын операциялар?

Дәріс №12