- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріспе
- •Mathcad математикалық пакеті, мүмкіндіктері мен құрылымы
- •Тақырып:mathcad жүйесіндегі негізгі жұмыстар.
- •Сурет 1.1 – Редакторлау терезесі және интерфейстің кейбір элементтері.
- •Сурет 1.3 – Форматтау панелінің қызметтері. Арифметикалық және логикалық операторлар
- •Кесте 2.1–Негізгі арифметикалық оператор-лар,олардың қызметіжәне жинақтау әдісі. Логикалық операторлар
- •Бөлімдер (блоктар) принципі. Есептеу реті
- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріс тілі. Деректер типтері.
- •Тақырып: MathCad жүйесінде деректерді енгізу және өңдеу.
- •Өлшем мәндерін енгізу
- •Тақырып:MathCad-ты жұмыс жасау үшін баптау
- •Қосынды және көбейтіндінің операторлары.
- •Given-Find блогы көмегімен теңдеулер жүйесін шешу.
- •Тақырып:MathCad-та векторлар және матрицалармен есептеулер жүргізу.
- •Матрицалық функциялар
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі график.
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі Үш өлшемді жазықтықтағы графика.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі анимация.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі символдық есептеулер
- •Тақырып:SmartMath символдық түрлендіру палитрасы.
Тақырып: MathCad жүйесінде деректерді енгізу және өңдеу.
Мақсаты: Mathcad жүйесінде деректерді еңгізу және өңдеу.
Кілттік сөздер: тұрақтылар, айнымалы, бірлік.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тұрақтылар және айнымалылар
Тұрақтылар (жүйелік айнымалылар)
MathCAD-та кейбір қосымша аттар тұрақтылар деп аталатын жүйелік айнымалылармен сақталған. Олар екі типке бөлінеді: кейбір арнайы математикалық символдардың мәнін сақтайтын математикалық және кейбір сандық алгоритмдерде қолданылатын жүйелік болып бөлінеді.
Математикалық тұрақтылар:
p= 3,14159... – Пи саны (Alt+Ctrl+P);
e = 2,71823... – натуралды логарифм негізі;
¥ = 10307 – «машиналық шексіздік» (Ctrl+Z);
% = 0,01 – пайыз (процент);
i, j – жалған бірлік (мнимая единица).
Жүйелік айнымалылар:
TOL = 0,001 – сандық әдістердің дәлсіздігі;
ORIGIN = 0 – векторлар және матрицалар индекстерінің бастапқы мәндері.
Бұл жүйелік айнымалылар MathCAD жүктелген-нен кейін көрсетілген мәнге ие болады. Бірақ олардың мәндерін бағдарламада қайта анықтауға болады.
Айнымалылар – бұл белгілі бір атқа ие және бағдарламада өзінің мәнін өзгерте алаты тіл элементі. MathCAD-та келесі типтегі айнымалылар қолданылады: қарапайым айнымалылар (немесе скалярлар), диапазондық айнымалылар (немесе дискретті айнымалылар), векторлар және матрицалар. MathCAD-тың соңғы нұсқаларында жолдық типтегі айнымалылар енгізілген – олардың мәні тырнақшаға алынған кез-келген символдар.
Айнымалыға мән беру үшін мына құрылымдық түр қолданылады:
1) <айнымалы аты> := <мән>;
2) <айнымалы аты> º <мәні>,
мұндағы <мән> – MathCAD рұқсат етілетін кез-келген мән, :=, º – меншіктеу операторлары (құрал-саймандар панелі көмегімен енгізіледі). Олар оңнан солға қарай жұмыс жасайды: алдымен мәндер есептеледі, сосын сәйкес айнымалылар осы мәндерді қабылдайды.
Айнымалы типі алдын-ала хабарланбайды. Ол меншіктеу операторынан кейінгі оң жақтағы мән типімен анықталады.
Бірінші әдіс жүйелік меншіктеуді анықтайды. Ал екінші әдіс ауқымды айнымалыларға жатады.
Өлшем бірлігі және мөлшерлік
MathCAD жүйесінде айнымалылар және функцияларға өлшем меншіктеуге болады. Ол инженерлік және физикалық есептерді жеңілдету үшін жасалған: көп жағдайларда ол мәндердің физикалық көрнекілігін көтереді және өлшем ережелерін бұзуға байланысты қателіктерді болдырмайды. Өлшем бірліктерін білдіретін барлық символдар сақталып қойылған және алдын ала анықталған мәндерге ие.
Негізгі және қосымша өлшем бірліктер.
Өлшем бірлігінің нақты жүйесін таңдау Math/Units меню пунктінде жүзеге асады. Үнсіздік бойынша СИ (SI) жүйесі ұсынылады. СИ жүйесі үшін негізгі өлшем бірліктері төмендегілер болып табылады:
m – ұзындық (метр);
kg – салмақ (килограмм);
s – уақыт (секунд);
K – Кельвин градусы;
C – қуат - заряд (кулон).
Негізгі өлшем бірліктерімен қатар қосымша өлшем бірліктерді қолдануға болады (кесте 2.3).
Кесте 2.3 – Кейбір қосымша өлшем бірліктер
Өлшем мәндерін енгізу
Мөлшерлікке ұзындықты меншіктеу үшін көбейту белгісі қойылады да сәйкесінше өлшем аты енгізіледі. Мысалы, Mass өлшемдік айнымалыны келесі түрде беруге болады: Mass:=75*kg
Қосымша өлшем бірліктерді енгізу үшін өлшемдер тізімін ашатын батырмасын қолданған немесе Insert/Unit командасын қолданған ыңғайлы.
Өлшем мәндерін шығару
Өлшем мәндерін шығаруда MathCAD-та автоматты түрде негізгі бірліктерді қолданады. Мысалы: Mass:=75kg
(kg өлшем бірлігінен кейін тікбұрышты маркер орналасқан – өлшем бірлігін енгізу нүктесі). Егер басқа өлшемдерде шығару қажет болса, онда енгізу нүктесіне қажетті өлшем бірлігін енгізу жеткілікті, мысалы: Mass=165.347lb, Mass=0.075 tonne
Бақылау сұрақтары:
Негізгі өлшем бірліктеріне қандай жатады?
Жүйелік айнымалылар дегеніміз не?
Дәріс №5
