Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Современные комп.расч.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.75 Mб
Скачать

Тақырып: MathCad жүйесіне кіріс тілі. Деректер типтері.

Мақсаты: Mathcad жүйесінің кіріс тілімен, деректер типімен танысу.

Кілттік сөздер: деректер типі, мәтін, идентификатор.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Бөлімдер (блоктар) принципі. Есептеу реті

MathCAD жүйесінде есептің толықтай математикалық суреттелуін құжат деп айтамыз. Құжат жеке бөліктерден – блоктардан (аудан немесе өңірлерден) тұрады.

Блоктар үш типтен тұруы мүмкін: мәтіндік; есептеу; графикалық.

Әрбір блок экраннан кейбір тікбұрышты ауданнан тұратын (оның контурын менюден View/Regions командасын орындай отырып көруге болады) орынды алады.

Мәтіндік блок - жұмысты жеңілдету үшін және құжатқа түсініктеме беру үшін қажетті түсіндірме (комментарии) және басқа да мәтіндік хабарламалардан тұрады. MathCAD оларды «ескермейді» (Insert/Math Region командасымен мәтінге қойылған математикалық элементтерден басқасын).

Есептеу блогы – математикалық мәндерден тұрады (формулалар, теңдеулер және т.с.с.).

Графикалық блок. Онда графикалық түрдегі нәтижелер көрсетіледі.

MathCAD- та хаттың европалық стилі қолданылады: солдан оңға қарай және жоғарыдан төменге қарай. Блоктарды есептеу реті осы стилге сай болуы тиіс, есептеу және графикалық блоктар құжатта өздері орындалған рет бойынша орналасулары керек. Блоктар бірінің үстіне бірі жүктелмеуі тиіс. Облыстарды реттеу үшін Format менюіндегі Separate regions (областарды бөлу) Align regions (областардың орналасу тапсырмасы) командасы қолданылады.

Мәтінді енгізу және редакторлау

MathCAD жүйесінде әртүрлі мәтіндік хабарламаларды немесе коментарилерді құру және редакторлауға мүмкіндік беретін өзінің мәтіндік редакторы бар. Мәтіннің ішінде мәтінді редакторлаудың стандартты әдістерді пайдалануға болады.

Мәтіндік блокты құру.

Мәтіндік блок құру үшін төмендегі этаптарды жасау қажет:

  • Курсорды экранның талабына сай жеріне орналастыру керек;

  • Insert/Text Region (немесе сөзін енгізу) командасын таңдау – курсор тұрған жерде мәтіндік рамка пайда болады;

  • Қажетті мәтінді енгізу қажет. Мәтінді енгізу бойынша мәтіндік рамка үлкейе бастайды. Келесі жолға өту үшін (егер сөйлем аяқталмаса) Enter басу керек. Мәтіндік блоктан шығу үшін мәтіндік рамкадан өзге жерге шерту жеткілікті.

Алфавит, идентификаторлар және сандар.

Алфавит

MathCAD кіріс тілінің алфавиті төмендегілерден тұрады:

  • латынның кіші және бас әріптерінен;

  • гректің кіші және бас әріптерінен;

  • араб цифрларынан;

  • арнайы белгілерден (:=, %, .. және т.с.с.);

  • операторлардан;

  • жүйелік айнымалылардан;

  • қосымша функция аттарынан.

Пернетақтада жоқ символдар және операторларды оған сәйкес құрал-саймандар панелінің көмегімен енгізуге болады. Мысалы, грек символдарын енгізу Greek панелін қолдану арқылы орындалады. Көп қолданылатын операторлар және қосымша функциялар Calculator панелінде жинақталған, қалған функцияларды Insert/Function меню командалары арқылы енгізуге болады.

Идентификаторлар

Айнымалылар және функция аттары идентификатор деп аталады.

Идентификаторлар кез-келген ұзындықта болуы мүмкін, бірегей және әріппен (үлкен және кіші әріптермен, әртүрлі болуы мүмкін) басталуы керек.

Идентификаторларға мысалы:

x, X, My_value, P12, l.

Сонымен қатар MathCAD қаріптерді ажыратады. Мысалы, A және A (қалың шрифт) әртүрлі символ ретінде қарастырады. Бұл әртүрлі шрифт типтерінде жазылған символдар үшін де қолданылады.

Сандар типтері

Жүйе санмен басталатын кез-келген мәнді сан деп түсінеді. Сандар нақты және кешенді (комплексный) болуы мүмкін. Сандар форматын өзгерту Format/Result командасы арқылы орындалады.

Нақты сандар. MathCAD ондық, екілік, сегіздік және оналтылық нақты сандармен жұмыс жасайды. Мысал сурет 2.1 көрсетілген.

Ондық сандар мәндері 10-307 (машиналық нөл) ... 10307 (машиналық шексіздік) аралығында өзгеруі мүмкін. Сурет 2.1–әртүрлі санау жүйесіндегі сандарды қолдану. Сандарды әртүрлі әдістермен жазуға болады, мысалы: 123.456; 0.123·103; 123456·10-3.

Кешенді сандар. Кешенді сандар кез-келген нақты санды жалған бірлік і-ге көбейту арқылы алынатын нақты дәрежедегі түбір және нақты сандардың қосындысы болып табылады. Анықтама бойынша і=-1 деп шамалауға болады. Кешенді сандармен жұмыс жасау үшін арналған арнайы функциялар және операторлар бар.

Сурет 2.1 – Әртүрлі санау жүйесіндегі сандарды қолдану.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бағдарламадағы стандартты функцияларды атаңыз?

  2. Сандар типтеріне мысал келтіріңіз.

Дәріс №4