- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріспе
- •Mathcad математикалық пакеті, мүмкіндіктері мен құрылымы
- •Тақырып:mathcad жүйесіндегі негізгі жұмыстар.
- •Сурет 1.1 – Редакторлау терезесі және интерфейстің кейбір элементтері.
- •Сурет 1.3 – Форматтау панелінің қызметтері. Арифметикалық және логикалық операторлар
- •Кесте 2.1–Негізгі арифметикалық оператор-лар,олардың қызметіжәне жинақтау әдісі. Логикалық операторлар
- •Бөлімдер (блоктар) принципі. Есептеу реті
- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріс тілі. Деректер типтері.
- •Тақырып: MathCad жүйесінде деректерді енгізу және өңдеу.
- •Өлшем мәндерін енгізу
- •Тақырып:MathCad-ты жұмыс жасау үшін баптау
- •Қосынды және көбейтіндінің операторлары.
- •Given-Find блогы көмегімен теңдеулер жүйесін шешу.
- •Тақырып:MathCad-та векторлар және матрицалармен есептеулер жүргізу.
- •Матрицалық функциялар
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі график.
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі Үш өлшемді жазықтықтағы графика.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі анимация.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі символдық есептеулер
- •Тақырып:SmartMath символдық түрлендіру палитрасы.
Тақырып:mathcad жүйесіндегі негізгі жұмыстар.
Мақсаты: Mathcad жүйесінде жұмыс жасап үйрену.
Кілттік сөздер: форматтау, оператор, блок.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Пайдаланушы интерфейсінің негізі
MathCAD жүйесін іске қосқанда заставка пайда болып сосын қосымшаның негізгі терезесі ашылады (сурет 1.1).
Сурет 1.1 – Редакторлау терезесі және интерфейстің кейбір элементтері.
Жоғарғы қатар – тақырып қатары. Ол жүктелген немесе енгізілген құжат атын көрсетеді. Екінші қатар негізгі меню позицияларынан тұрады. Олардың қызметтері:
File – файлдармен, Internet желісімен және электронды почтамен жұмыс;
Edit – құжаттарды редакторлау;
View – шолу әдісін өзгерту және интерфейс элементтерін қосу/сөндіру;
Insert – объектілер және олардың шаблондарын (графиктерді қосқанда) қоюды орнату;
Format – объектілер форматын (параметрлерін) өзгерту;
Tools – есептеу процесстерін басқару;
Symbolic – символдық процессор операцияларын таңдау;
Window – жүйе терезелерін басқару;
Help – жүйе туралы деректер қорының анықтамалығымен жұмыс.
Негізгі менюдің төменінде стандартты құрал-саймандар панелі орналасқан (сурет 1.2).
1 – Жаңа құжат 8 – Операцияны кері қайтару
2 – Құжатты ашу 9 – Горизонтал бойынша теңестіру
3 – Құжатты сақтау 10 – Вертикал бойынша теңестіру
4 – Құжатты баспаға беру 11 – Функция қою
5 – Буферге өткізу 12 – Өлшемін қою
6 – Буферге көшіру 13 – Анықтама
7 – Буферден қою
Сурет 1.2 – Стандарты құрал-саймандар панеліндегі батырмалардың қызметтері.
Мәтіндік коментарилерді теңестіру, шрифтердің типін және өлшемін таңдау үшін форматтау панелі сурет 1.3 көрсетілген.
Сурет 1.3 – Форматтау панелінің қызметтері. Арифметикалық және логикалық операторлар
Операторлар – бұл математикалық мәндерді құруға мүмкіндік беретін тіл элементі. Оларға арифметика-лық операциялар символдары, қосындыны есептеу белгілері, көбейтінді (произведение), туынды, интегралдар және т.б. жатады. Операнділерді (операциялар жүргізілетін параметрлерді) көрсет-кеннен кейін оған сәйкес операторлар орындалады. Мысалы:
2
+3=5
Қосынды Шығарушы
оператор оператор
Арифметикалық операторлар
Бұл кластың операторлары сандық ұзындықтармен әртүрлі арифметикалық әрекеттер орындау және математикалық мәндерді құрастыру үшін арналған. Төменде негізгі арифметикалық операторлардың тізімі келтірілген (кесте 2.1).
Кесте 2.1–Негізгі арифметикалық оператор-лар,олардың қызметіжәне жинақтау әдісі. Логикалық операторлар
MathCAD жүйесінің бағдарламалау тілінің көпшілігінен ерекшелігі мұнда логикалық типтегі айнымалылар болмайды. Бірақ математикалық мәндерде логикалық операторларды қолдануға болады. Оған қатынас (салыстыру) операторлары жатады (кесте 2.2).
Кесте 2.2 – Логикалық операторлар, олардың қызметтері.
Бөлімдер (блоктар) принципі. Есептеу реті
MathCAD жүйесінде есептің толықтай математикалық суреттелуін құжат деп айтамыз. Құжат жеке бөліктерден – блоктардан (аудан немесе өңірлерден) тұрады.
Блоктар үш типтен тұруы мүмкін: мәтіндік; есептеу; графикалық.
Әрбір блок экраннан кейбір тікбұрышты ауданнан тұратын (оның контурын менюден View/Regions командасын орындай отырып көруге болады) орынды алады.
Мәтіндік блок - жұмысты жеңілдету үшін және құжатқа түсініктеме беру үшін қажетті түсіндірме (комментарии) және басқа да мәтіндік хабарламалардан тұрады. MathCAD оларды «ескермейді» (Insert/Math Region командасымен мәтінге қойылған математикалық элементтерден басқасын).
Есептеу блогы – математикалық мәндерден тұрады (формулалар, теңдеулер және т.с.с.).
Графикалық блок. Онда графикалық түрдегі нәтижелер көрсетіледі.
MathCAD- та хаттың европалық стилі қолданылады: солдан оңға қарай және жоғарыдан төменге қарай. Блоктарды есептеу реті осы стилге сай болуы тиіс, есептеу және графикалық блоктар құжатта өздері орындалған рет бойынша орналасулары керек. Блоктар бірінің үстіне бірі жүктелмеуі тиіс. Облыстарды реттеу үшін Format менюіндегі Separate regions (областарды бөлу) Align regions (областардың орналасу тапсырмасы) командасы қолданылады.
Мәтінді енгізу және редакторлау
MathCAD жүйесінде әртүрлі мәтіндік хабарламаларды немесе коментарилерді құру және редакторлауға мүмкіндік беретін өзінің мәтіндік редакторы бар. Мәтіннің ішінде мәтінді редакторлаудың стандартты әдістерді пайдалануға болады.
Мәтіндік блокты құру.
Мәтіндік блок құру үшін төмендегі этаптарды жасау қажет:
Курсорды экранның талабына сай жеріне орналастыру кеоек;
Insert/Text Region (немесе сөзін енгізу) командасын таңдау – курсор тұрған жерде мәтіндік рамка пайда болады;
Қажетті мәтінді енгізу қажет. Мәтінді енгізу бойынша мәтіндік рамка үлкейе бастайды. Келесі жолға өту үшін (егер сөйлем аяқталмаса) Enter басу керек. Мәтіндік блоктан шығу үшін мәтіндік рамкадан өзге жерге шерту жеткілікті.
Бақылау сұрақтары:
Арифметикалық операторлар түрі?
Логикалық операторлар түрі?
Дәріс №3
