- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріспе
- •Mathcad математикалық пакеті, мүмкіндіктері мен құрылымы
- •Тақырып:mathcad жүйесіндегі негізгі жұмыстар.
- •Сурет 1.1 – Редакторлау терезесі және интерфейстің кейбір элементтері.
- •Сурет 1.3 – Форматтау панелінің қызметтері. Арифметикалық және логикалық операторлар
- •Кесте 2.1–Негізгі арифметикалық оператор-лар,олардың қызметіжәне жинақтау әдісі. Логикалық операторлар
- •Бөлімдер (блоктар) принципі. Есептеу реті
- •Тақырып: MathCad жүйесіне кіріс тілі. Деректер типтері.
- •Тақырып: MathCad жүйесінде деректерді енгізу және өңдеу.
- •Өлшем мәндерін енгізу
- •Тақырып:MathCad-ты жұмыс жасау үшін баптау
- •Қосынды және көбейтіндінің операторлары.
- •Given-Find блогы көмегімен теңдеулер жүйесін шешу.
- •Тақырып:MathCad-та векторлар және матрицалармен есептеулер жүргізу.
- •Матрицалық функциялар
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі график.
- •Тақырып: MathCad жүйесіндегі Үш өлшемді жазықтықтағы графика.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі анимация.
- •Тақырып:MathCad жүйесіндегі символдық есептеулер
- •Тақырып:SmartMath символдық түрлендіру палитрасы.
Тақырып:SmartMath символдық түрлендіру палитрасы.
Мақсаты: Mathcad жүйесіндегі символдық түрлендіру палитрасымен танысу.
Кілттік сөздер: палитра, операция, директива.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
SmartMath жүйесінің жұмысы
MathCAD жүйесінің 4.0 нұсқасынан бастап есептеуді жеңілдететін жаңа құрал — SmartMath пайда болды. Бұл мүмкіндігінше есептеуді жеделдететін физикалық эксперттік жүйе. SmartMath жүйесін іске қосқанда сандық операциялар процессоры формулалық блокта есептеуге кіріспес бұрын символдық процессор бастапқы формулаларды жеңілдетіп немесе басқа түрлендіру жасай алама деп сұрайды. Егер ол мүмкін болса, онда есептеу жеңілдетілген формула бойынша жүргізіледі.
SmartMath жүйесінің есептеуді жеңілдетуден басқа екінші маңызды жұмысы символдық есептеулерді визуализациялау және түрлендіру болып табылады.
SmartMath жүйесі символдық операциялар ядросын негізгі менюдегі Symbolics позициясында орналасқан ішкі менюдегі символдық есептеуге қарағанда барынша толықтай қолданады және олардың орындалуына қойылатын кейбір шектеулерді алып тастайды. Мысалы: түрлендіруші айтылымдарда пайдаланушы функциясын қолдану мүмкін.
Тағы маңыздысы SmartMath жүйесімен орындалатын символдық түрлендірулер нәтижесі бастапқы символдық деректерді өзгерту барысында автоматты түрде өзгереді.
SmartMath жүйесі негізінен символдық есептеулерде сызықтық бағдарламаларды жүзеге асыратын MathCAD бағдарламалық құралдарының бөлігі болып табылады.
Символдық шығарудың операторлары
Алғашқыда символдық түрлендіру нәтижелерін визуалдау үшін арнайы символ – ұзартылған горизонталь стрелка ® енгізілген болатын. Оны Ctrl+. (нүкте) пернелерін басу арқылы немесе математикалық символдар палитрасынан (қатынастар және символдық операцияларды енгізу үшін) шақыруға болады. Бұл белгінің шаблоны мынадай: , мұндағы қара тікбұрыштың орнына символдық түрлендіру жасалатын бастапқы айтылым енгізіледі.
Көрсетілген символды символдық енгізудің қарапайым операторы деп қарастыруға болады. Егер бастапқы айтылымды беріп және онымен бірге курсорды формула блогынан шығарсақ, онда жүйе оның символдық түрлендіру нәтижесін стрелкадан кейін орнатып береді. Бұл SmartMath жүйесімен жұмыс жасаудың бірінші этапы болып табылады.
MathCAD 7.0 PRO жүйесінен бастап тағы да бір – символдық енгізудің кеңейтілген операторы енгізілген. Ол Ctrl+Shift+. (нүкте) пернелерін басу немесе символдық операциялар палитрасынан таңдау арқылы беріледі. Бұл оператор түріне ие. Шаблонның бірінші тікбұрышына бастапқы айтылымы, ал екіншісіне символдық түрлендіру директивалары енгізіледі. Ал директивалар сәйкесінше кілтік сөздерді енгізу немесе символдық операциялар палитрасынан таңдау арқылы беріледі.
SmartMath жүйесі директиваларының (бұйрықтарының) құрамы және оларды қолдану.
® стрелкасын енгізу барысында айтылымнан кейін Simplify (Упростить) операциясы орындалады.
Орындалып отырған операцияны қажет болғанда Math құрал-саймандар панеліндегі батырмасымен шақырылатын Symbolic панелінде орналасқан кілттік сөздер көмегімен өзгертуге болады.
Кілттік сөздерді тек кіші әріптермен жазу керек (Modifier — бірінші әріпі бас әріптен басталуы керек). SmartMath жүйесінің блоктары келесі айрықша қасиеттерге ие:
Операциялардың жақсы визуалды көрінісін береді;
Опция және параметрлерін беру үшін шаблондарға ие;
Пайдаланушы функциясымен жұмысты қамтамасыз етеді;
Формуладан формулаға деректерді жіберуді қамтамасыз етеді;
Бірден бірнеше директиваларды қолдануға мүмкіндік беретін кеңейтпені береді;
Бағдарламалық блоктар құрастырушысымен ұқсас құрастырушыға ие.
Бақылау сұрақтары:
SmartMath жүйесі дегеніміз не?
Символдық операторлар түрлері?
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Дьяконов В.П. MathCAD: Учебный курс/ В.П. Дьяконов.- СПб: Питер, 2000-482с.
2. Дьяконов В.П. Математическая система V R3/R4/R5/ Дьяконов В.П – М.: Солон, 1998.-381с.
3. Воскобойников Ю.Е. Программирование в математическом пакете MathCAD./ Ю.Е.Воскобойников, Т.Н.Воскобойникова. - Новосибирск: Изд-во НГАСУ, 1999.-32с.
4. Кирьянов Д.В. Самоучитель MathCAD 2001/ Кирьянов Д.В .- СПб.: БХВ-Петербург, 2002-459с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Очков В.Ф. Советы пользователям MathCAD/ В.Ф.Очков-М.: Изд-во МЭИ, 2001-196с.
2. Демидович В.П. Основы вычислительной математики / В.П. Демидович, И.А. Марон – М.: Наука, 1970-486с.
