Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Современные комп.расч.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.75 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Көлік және құрылыс» факультеті

«Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы

 

 

«5В072900 – Құрылыс» мамандығы үшін

«Құрылыстағы қазіргі заманауи компьютерлік есептеулер»

пәні бойынша

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

АҚТАУ, 2014 ж.

Дәріс №1

Тақырып: MathCad жүйесіне кіріспе

Мақсаты: Mathcad жүйесінің негізгі мәліметтерімен танысу.

Кілттік сөздер: Mathcad , пакет, жүйе, символ.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Есептеу техникасын қолдану барысында бағдарлама түрінде алгоритмдерді шешуді жүзеге асыру маселесі туындады. Мұндай мәселені шешу үшін әр жылы келесі тәсілдер қолданылды:

  • §   машиналық кодта бағдарламалау (Ассемблер сияқты тілді қоса алғанда);

  • §  жоғарғы деңгей тілдерінде бағдарламалау (объектілі-бағытталған бағдарламалауды қоса алғанда);

  • §   компьютерлік математика жүйелері.

Бағдарлама құру көп дайындықты және үлкен көлемдегі уақытты талап етеді. Сондықтан, өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап кең танымал, жоғары атаққа ие компьютерлік математика жүйелері [1] деп аталатын немесе математикалық пакеттер пайда болды.

Олардың ішінде ең танымалылары Maple, MatLab, Mathcad болып табылады. Оларға қысқаша тоқталатын болсақ:

Пакет Maple кең көлемдегі пайдаланушыларға бағытталған. Алгоритмнің тапсырмасын есептеу математикалық формулаларға сәйкес пакеттің кіріс тілдерін жазу арқылы жүзеге асырылады. Күрделі мәндерді енгізу барысында қиындықтар туындайды.

Пакет MatLab. MatLab – өте көнеден келе жатқан, мұқият тексеріліп өңделген, компьютерлік математика жүйелерінен тексерістен өткен, математикалық операцияларда қолданылған пакет. Қазіргі кезде MatLab мамандандырылған математикалық жүйелердің шегінен өткен, есептеуіш және графикалық бағдарламалық процессор болып табылады.

Пакет Mathcad. Mathcad – бұл визуалды бағытталған компьютерлік математика жүйесінің ең ыңғайлысы болып табылады. Онда мәтін және формулаларды өңдеу өте ыңғайлы сандық және символдық процессорлар бар. Пакетті үйрену өте жеңіл және нақты ғылыми инженерлік тапсырмаларда қолдану жұмысты алдеқайда жеңілдетеді.

түрдегі анықталған интегралды есептеу құжатының фрагментін компьютерлік математика жүйесінің әр түрінде қарастырайық:

Mathcad математикалық пакеті, мүмкіндіктері мен құрылымы

Mathcad пакетін математикалық әмбебап жүйелерге жатқызуға болады. Mathcad диплом, курстық жоба, диссертация, есептеу нәтижесін графиктер (анимация) түрінде ұсынатын мақалаларға сапалы мәтіндерді дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл пакетте құжаттарды Web-бетше форматында сақтауға да болады.

MathCAD пакетінің басқа заманауи математикалық пакеттерден ерекшелігі ол WYSIWYG (“What You See Is What You Get” – “Что видите, то и получите”) принціпіне сәйкес құрылған. Сондықтан ол қолданыста өте жеңіл, онда бірінші бағдарламаны жазу, оны трансляциялау, компиляторлау және орындауға жіберу сияқты өажеттіліктер жоқ.

Mathcad интегралданған, яғни компоненттері (текстік редактор, есептеу процессоры, символдық процессор) өзара байланысқан жүйені ұсынады.

MathCAD жүйесінің негізгі мүмкіндіктері:

  • Қарапайым есептеулерді орындау (үлкен калькулятор);

  • Компьютерлік бағдарламаларды алмастыратын күрделі есептеулерді орындау (жүйелерді, дифференциалдық және алгебралық теңдеулерді шешу);

  • Тармақталу, цикл, ішкі бағдарламалар және т.б. қолдану арқылы бағдарламалық модулдерді құру.

  • Символдық түрде берілген (туынды, интеграл және т.б.) мәндерін анықтау.

  • Әртүрлі жүйедегі координаттарда әртүрлі графиктерді тұрғызу.

  • Сапалы өңделген құжаттарды дайындау (комментарилер, суреттер қою мүмкіндігі бар);

  • Басқа өосымшалармен деректер алмасу (Excel, MATLAB және т.б.) немесе интернет арқылы алынған құжаттарды қолдану.

Mathcad пакетінің бағдарламалық терезесі

Mathcad іске қосу үшін "Пуск" батырмасын басып, Программы менюін ашыңыз, MathSoftApps менюінен Mathcad таңдаңыз. Сонда төмендегі терезе ашылады (1 сурет).

Сурет 1. Mathcad бағдарламасының терезесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Maple, MatLab, Mathcad пакеттерінің айырмашылықтары қандай?

  2. Негізгі меню кандай бөліктерден тұрады?

  3. Бағдарламаның негізгі терезесі қандай менюлерден тұрады?

  4. Math (Математика) бөлімі қандай қызметтер атқарады?

Дәріс №2