- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
Этностың дуалистік тұжырымдамасын Ю.В.Бромлей ұсынған. Оның пікірінше, тар мағынада этнос өзінің бірлігін және басқалардан айырмашылығын түсінетін, өздік санасы мен өзіндік атауы бар, тарихи территорияда қалыптасқан тұрақты және ортақ мәдениеті-психикасының ерекшеліктеріне ие адамдардың ұрпақтар аралық қалыпты жиынтығы. Мұны «этникос» деп атаған. Ал, кең мағынада (этникостың бөлігі ретіндегі) этнос бір мемлекеттің шегінде өмір сүретін этно-әлеуметтік организм болып табылады.
Адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастықтарының пайда болуы мен алмасып отыруының негізінде материалдық игіліктерді өндіру әдісі жатады деген қағиданы толығымен терістеуге болмас. Бұл ретте Ю.В.Бромлей жаңа этностардың пайда болуы тиісті қоғамдық экономикалық формациялар алмасуының кезеңдеріне тұспа-тұс келеді деп жазады. Мәселен, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан палеогенетикалық этностардың көбісі алғашқы таптық қоғамдар қалыптасқан кезеңдерде пайда болған (армяндар, поляктар, хорваттар, шотландықтар). Қазіргі неогенетикалық этностар негізінен өтпелі дәуірлерде – капитализм қалыптас-қан кезде (ағылшын-канадалықтар, италяндықтар, француздар, бразилиялықтар), ал хакастар мен алтайлықтар – социализм дәуірінде орныға бастаған.Осы тұста этностық белгілер мен этносты құрастыратын факторларды ажырата білген жөн. Ғалымдарымыз тарапынан мойындалған жәйттер мыналар: экономикалық тұрмыс бірлігі шын мәнісінде өз алдына этникалық ерекшелік болып табылмайды. Бірақ белгілі бір территорияда тұрақты экономикалық байланыстардың орнығуы этникалық қатынастардың қалыптасуы үшін қажетті объективті алғышарттарды жүзеге келтіреді. Этникалық қауымдастықтың қалыптасуының шарттары ретінде материал-дық игіліктерді өндіру процесінде пайда болатын байланыстармен бірге адамдық популяцияны өсіріп-өндіретін қатынастарды – некелік қатынастарды да көрсетуге болады. Осы негізде және сыртқы ортаның әсерімен негізінен мәдениет саласында көрініс беретін таза этникалық белгілер бірте-бірте қалыптаса бастайды. Олардың ішінен ең маңыздысын, қалыптасып болған этникалық ерекшеліктерді бейнелейтін, солардың мәні мен қорытындысы болып табылатын этникалық өздік сананы (немесе этностылықты) айрықша ажыратып көрсетуге болады.
Демек, Ю.В.Бромлейдің атап көрсеткеніндей, этносты айқындайтын сипаттарға этнос мәдениеті (оның ішінде тіл де) мен психикасы, оның өздік санасы мен өздік атауы жатады. Осы комплекс турадан тура этникалық қасиеттердің ядросын құрайды.Этникалық қауымдастықтар тек этникалық қасиеттер негізінде ғана ерекшеленеді.
Жалпы алғанда, этнос теориясын ғылымижағынан негіздеуге үлкен үлес қосқан академик Ю.В.Бромлей этностың тарихи дамуы барысында өмір сүру жағдайына байланысты амалдың да өзгеріске ұшырайтындығын мойындайды. Сонымен бірге – деп, атап көрсетеді ол,– кейбір этностар бірнеше тарихи формациялар бедерінде өзінің тұрлаулығын сақтап қала алады.
12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
Этнос термині XIX ғасырдың соңынан бастап қана ғылыми айналымға енгізіле басталған. Бірақ бұл терминнің мазмұнын ашып беруде осы күнге шейін ғалымдардың пікірлерінде бірізділік жоқ. Кеңес этнографтарының мектебі этнос терминін «Примор-диализм» аясында қарастырды. Ол бойынша, индивидтердің бір этносқа жататындығының белгілерін анық санамалап беруге болады. Бұл тұрғыдан келгенде этнос объективтік шындық болып табылады, өйткені адам этникалық тегінің негізін табиғаттан немесе қоғамнан табады. Сондықтан этностықты қолдан жасауға яки оны жарандарға таңуға болмайды. Этнос – нақты және регистрацияланатын нышан-белгілерге ие қауымдастық. Эволюциялық-тарихи бағытты ұстанушылар этностарды тарихи үдерістің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастықтар ретінде қарастырады. Әлеуметтік-биологиялық бағыт этникалықтықты адамның биологиялық мәнімен байланыстырады. Ол бойынша, этникалық тек примордиалдық сипаттас болып келеді, яғни ол адамдарға әуел бастан-ақ тән нәрсе. Этногенездің пассионар-лық теориясы бойынша, этнос – тәртіп пен мінез-құлықтың соны таптаурынды-жаттандылығы негізінде табиғи түрде қалыптасатын ұжым. Мұнда ол өзін барша ұжымдарға қарсы қойып, өзінің өкілдеріне арнап ортақ этникалық дәстүрлерді қалыптастыратын құрылымдық тұтастық ретінде көрінеді.
Зерттеушілер этностың гомеостатикалық және динамикалық түрлерін тілге алуда. Біріншісіне табиғатпен қатынасында тепе-теңдікті сақтап, оны аялайтын этнос жатады. Екіншісі – өзінің дамуына табиғатты бұзу мен бағындыру арқылы қол жеткізетін этнос.
лғашқы зерттеушілердің бірі С.М.Широкогоровтың (1887-1939) анықтамасын тілге тиек етуге болады: «Этнос бір тілде сөйлесетін, өзіне тән (өзіндік) тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, рәсімдері мен дәстүрлер жүйесіне ие болған, өзінің тектік бірлігін мойындайтын кісілер тобынан құралады»[5]. Осы тәріздес анықтаманы белгілі этнограф П.И.Кушнер де берген. Автордың белгілі бір тарихи дәуірлерде бір халыққа тән болған ерекшеліктердің мүлдем жойылып кетуі немесе көмескі тартуы мүмкін деген пікірін терістеуге болмайды. Кейде, – дейді ол, – көптеген халықтар арасында таралған бір ұлттың белгілері мен ерекшеліктері сол халықтардың бірінің тұрмысына соншалықты орнығып алуының нәтижесінде сол халықтың маңызды этникалық белгісіне айналуы да мүмкін.
Этностың қалыптасуы және тұтастығының одан әрі сақталуының басты шарты туралы сөз қозғағанда оның бір ғана аймақта тұруын және шекарасының мызғымас болуын көрсете аламыз. Ал адамдарда, оларды басқа ру-тайпалардан, этностардан ерекшелеп тұратын ортақ тіл мен мәдениет қалыптасуы үшін, сол адамдар ұзақ уақыт бедерінде (тіпті қалыптасу кезеңінде де) бір-бірімен араласып, етене жақын тұруы керек. Мұның өзі олардың баршасының ортақ бір өңір-өлкеде тұрғанында ғана жүзеге келетін құбылыс. Ал, бұлардың бәрін ыңғайластыратын факторлар – потестарлық тетіктер.
Сондықтанда этносқа берілген ең көп тараған анықтама-ларды жүйелесек:этникалық (этностық) қауымдастық, әдетте ортақ мәдениетке ие болған, бір тілде сөйлесетін, өзінің қауымдастығын және оның басқа қауымдастықтарға жататын кісілерден айырмашылығын түйсініп-сезінетін адамдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Осы мағынада Н.Н.Чебокса-ров: «Этностылық – бұл нақты қоғамдық-экономикалық қатынастар жағдайларында өзара түсінікті тілде сөйлесетін, белгілі бір нақты территорияда өмір сүретін кісілер арасында қалыптасатын және өзінің мәдени ерекшеліктерін, дербес қоғамдық топ екендігін бүкіл өмір бойына ұғынатынкез келген қауымдардан құралады» – деп, жазады.
