- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай.Құнанбаев
Еңкейгенге еңкей,
Атаңның қара құлы емес.
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес.
Өлімнен басқаның бәріне асық.
Ер сүрінбей, ел танымас.
Ат сүрінбей, жер танымас.
59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.
Ал тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мөсі, кебіс, шоқай, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шанажасайтын балташыларды темірден - құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.
