- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. «Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған», – деп М.Әуезов бекер айтпаған. Қай топтағы жұмбақты алсақ та, олардың бәрі адамның логикалық ойын дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады. Жұмбақтар- ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Қиялдай білу арқылы ой-өрісі, дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа, тілін дамытуда басты құрал болып табылады. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Академик М.Ауезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты бүлдіршіндерді тілге шешен болу мақсатымен жаттатамыз. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар»,- дейді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы- өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Жұмбақ балалардың ойлау қабілетін арттырумен қатар олардың білген заттарының бәріне де ой жіберіп салыстырып, қорытынды жасауға және тапқырлыққа баулиды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері бар. Жұмбақ жанрына тән ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп–жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді. Ең алдымен жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуы тиіс. Жұмбақта деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды. Мұнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді. Мысалы: «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің күркіреуін жұмбақтайды. Жұмбақтың өзіне тән ерекшелігі – жұмбаққа алынатын нәрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде. Мәселен, құлыпты жұмбақ етіп жасырғанда:
Ә, керемет бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен,
Ешкім үйге кірмейді, - деп келеді. Жұмбақтардың көпшілігінде осы ерекшелік көзге түсіп отырады. Кейде жұмбақ әрбір заттың неден істелгенін, тегі қандай екенін, кейіннен, қандай күйге түскенін де сипаттайды. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды парлап, қосарлап айтуында. Ай мен Күн, Жер мен Көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т.б. жұбымен алынып жұмбаққа қосылады. Бұл ретте, мысалы, Күн мен Ай мына түрде жұмбақ етіледі:
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
Жұмбақтың әр түрлі формасы, түрлері бар: қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады. Қара сөз түрінде айтылатын жұмбақтар алғашқы айтылған жұмбақтар алғашқы кезде қарапайым сөздерден басталған, соның өзінде де ақыл ойды дамытуда зор рөл атқарған. Мысалы: «Жастық астында жарты күлше» (Бұл айдың жартылаған кезі). Қара сөзбен айтылатын жұмбақтар бірте-бірте күрделене түскен. Мысалы: «Бір қыз бен жігіт жолаушы жүріп келе жатып, бір ауылдың тұсынан өтіп бара жатқанда, алдынан біреу шығып:
- Мына жігіттің астындағы жорғасын-ай, қасындағы жолдасын-ай! – депті.
Сонда жігіттің қасындағы қыз:
- Бұл жігіттің шешесі менің шешемнің қайын енесі. Мен сонда бұл жігіттің кімі боламын? – депті. Сонда қыз бен жігіттің жақындығы қандай болады?»
Міне, бұнда туыстықты жұмбақ еткен. Сөйтіп, қара сөзбен айтылған жұмбақтар ғана жай сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем, тіпті қысқа әңгіме түрінде де кездеседі. Жұмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, оралымды ұшқыр сөз арқылы білдіреді. Көркемдік суреттеу құралы болатын теңеу, метафора жұмбақта көп қолданылады. Қазақ әдебиетіндегі жұмбақтар өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасып, ырғақтарды сақтап отырады.
Өлеңмен айтылатын жұмбақтар. Жұмбақтың көпшілігі өлеңмен айтылады. Мұндай жұмбақтарды жаттап алуға қолайлы. Бұл жұмбақтардың шешімдері кейде өлеңмен, кейде жай сөзбен шешіледі. Жұмбақ өлеңдердің көркемдік шеберлігі – терең мазмұнды мен аллегориялық суреттеуінде. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтарға қарағанда, өлеңмен айтылатын жұмбақтар жаттауға жеңіл, көркем де, әуенді болып келеді. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Бұл айтыс түріндегі жұмбақтар болып табылады.
Қорыта келе, жұмбақтардың қай-қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып,дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
