Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.35 Кб
Скачать

48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда  тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Халық өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесін дұрыс түсінген. Халықта айтқандай: «Тәрбие – құнды байлық», түркімендер бұл ойды былай айтқан: «Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі». Әженің өсиеті Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты– тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан. Сондай өсиеттің бірі:

Ілгеріде өте ақылды әрі дана бір патша өмір сүріпті. Ол ажалы жақындап, өмірден өтетініне көзі жеткен шағында балалары мен уәзірлеріне мынадай үш өсиет қалдырыпты:

1. Мені жерлеуге алып шыққанда денемді қабір басына дейін тек дәрігерлерім ғана көтеріп апарсын;

2. Денемді алып шыққанда мына жатқан жерімнен көріме дейін алтын-күміс теңгелер шашып отырыңдар;

3. Екі қолымды кебіннен шығарып, салбыратып, ашылған күйде қалдырыңдар.

Патша өсиетін мұқият тыңдаған бас уәзір оған барлық өтініштерінің орындалатынын жеткізіп, олардың мәнін түсіндіруін өтінеді. Сонда патша терең күрсініп: «Осы күндері бір нәрсеге көзім толық жетуде. Артымда қалғандарға соны сабақ ретінде қалдырып кеткім келеді! Бірінші өсиетім - адамға өлім нақты келетін болса, тіпті қасындағы мықты дәрігерлердің өзі одан құтқарып қала алмайтынын әрі өмір мен денсаулық ешбір адамның қолында емес екенін түсіндіру еді. Екіншісі – мал-дүние жинап шаршаған уақыттарымыз бекерге кеткен екен, сүйіп өткен алтын-күмісімізге дейін артымызда шашылып қалады екен деген шындықты ұғындыру. Үшіншісі – өмірге келгенде қолымыз бос болып еді, кетіп бара жатқанда да дәл солай бос күйінде аттанады екен деген ақиқатты еске салу!», - деген екен.

49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.

Тұлға дегеніміз – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларын, адамдармен қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке тұлғаның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық пен оның ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адамның еңбек етуі, бір-біріне көмектесуі, сондай-ақ қоғамға тән сана-сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтарына жатады. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, өздігінен саналы әрекет жасау үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп көрсеткен. Демек, рухани тәрбиенің азығы ағаштың көшет кезінен бастау алуы. Білім-ғылым болмағанда өскелең ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының қырағылығы. Балалар адам өмірінің қуанышы, өмірдің мәні. Балалардың келешек тұлға болып қалыптасуына көптеген факторлардың әсері мол. Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білімпаз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілімізді, дәстүрімізді сақтау, оны зерттеп, білу- азаматтық парыз. Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктері бар. Сондықтан барлық халықтың мақсаты өзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастырып, осының нәтижесінде еліне адал қызмет ететін рухани адамгершілігі мол тұлға етіп қалыптастыру.

Әрбір әдепті ұрпақ халық дәстүрін, ата кәсібін, халық мұрасын жоғары бағалайды. Ата кәсіп – атадан балаға ауысып келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет болса, халық дәстүрі имандылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салттары мен дәстүрлері өзінше бір ғажайып әлем. Халықтық тәрбиенің қайнар көзі: ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ауыз әдебиетінің туындылары, өнер түрлері, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесі, тағы басқалары. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек. Сонымен, қорыта келгенде, біз адамның белгілі бір жеке тұлға болып, оның ішінде жаны таза, рухани бай болып қалыптасуына әсер ететін факторларға ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, ырым-тыйымдарды, ұлттық тәрбиені жатқыза аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]