Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.35 Кб
Скачать

46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.

Салт - тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие болады. Салт ғасырлар бойы тарихи негізде калыптасып, үрпақтан-ұрпакка беріліп отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп. Салттың шектеушілік қызметі (мысалы, жыныстык бейберекеттілікті), жақындастыру қызметі (ауыз бірлікті қалыптастыру), ақпараттық қызметі бар. Салт әлеуметтік ақпараттың жиналуының, сақталуының және келер үрпаққа жеткізілуінің өзіндік құралы. Салт - халық даналығының, жалпыға ортақ игіліктердің квинтэссенциясы.

Дәстүр] - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады. Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы,өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады.

Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған.

47. Көптеген мәдениеттерде, балаларды мәпелеу мен ата-аналық қамқорлыққа алу жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде. Әртүрлі мәдениеттерде, ата-аналық қадағалау, қаталдық пен бәріне рұқсат берудің өзіндік деңгейі бар. Мысалдар келтіріңіз.

Жапондар  балаларын "мәдениетті бол, ешкімге кедергі келтірме, тыныш жүр, бәрімен бірдей қарапайым бол" деп өсіреді. Сондай-ақ олар сезімін сөзбен емес, дауыс ырғағымен жеткізеді. Егер бір нәрсеге көңілі толмаса, оны көзқарасы мен дауыс ырғағы арқылы білдіреді. Сондықтан ата-анасының өзіне ренжігенін байқаған бала тез сабасына түсіп, жіберген қателігі үшін кешірім сұрауға асығады.

Швецияның бала тәрбиесі : Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

Австрия. Баларды тәрбиелеу үшін жан-жақты жолдарды қарастырады. Әлемдегі ең қатал ата-аналар Австрия елінде десек те болады. Балаларына қанша қатал болса да, оларға ойыншықтарды көп қылып әпергенді ұнатады.

Белгия. Балаларын жастайынан қоғамның мүшесі болуға үйретеді. Олар небары 2,5 жасында мектеп қабырғасында жүреді. Сыныптағы барлық пәнді бір ғана ұстаз жүргізеді. Ал ұстаздары бір-бірімен тату болып, әрдайым көмектесе білуге тәрбиелейді.

Нидерланд. Бұл елдің басты заңы «Балалар барынша еркін өсуі тиіс» деген атау алған. Балаларға денсаулығына зияны тимейтін дүниелердің барлығына рұқсат береді. Таңертеңнен кешке дейін бір нәрселерді жасасын, сындырсын, құлатсын оларға ешкім ұрыспайды

Канада. Бұл елде де Нидерланд еліндегідей барлығын жасауға мүмкіндік береді. Олардың айтуынша, «жоқ» сөзі балалардың болашаққа деген нық қадамдарын тежейді. Тәртіп, талап деген ұғымдардың аса маңыздылығы жоқ. Үлкендер де кішкентайлар да тек бақытты болуға ұмтылады.

Куба. Бала тәрбиесімен аналар немесе әжелер айналысады. Олардың уақыттары болмаған жағдайда көмектесетін балабақшалар бар. Ал тәрбиешілерді шақырмауға тырысады. Қыз балаларды үй шаруасына икемді етіп тәрбиелесе, ұл балаларды мықты болуға үйретеді. Балалар ата-аналарымен сыр бөліскенді ұнатады.

Таиланд. Бұл ел «Өзіңнен асқан ұстаз жоқ» деген ұстанымды жақсы көреді. Ата-аналары балаларын қорғау үшін ешқандай әрекет жасамайды. Олар сүрініп, жылап жатса да үндемейді. Әрине ата-аналары ненің дұрыс-бұрыс екендігін айтып отырады, алайды соңғы шешімді кішкентайлар өздері қабылдайды.

Вьетнам. Бұл елдің балалары көшеде тәрбиеленеді деуге де болады. Соған қарамастан, балалары жақсы мен жаманды ажырата біледі.

Алжир. Алжирлік ата-аналар көп уақыт жұмыс істейтіндіктен, балаларын қарауға мемлекеттің өзі көмектеседі. Олар мектептегі мұғалімдер, тәрбиешілер және спорт мамандары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]