- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
Этнопедагогика – арнайы ғылым ретінде ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеле бастады. Оған белгілі орыс ғалымы Г.С.Виноградовтың (1926) еңбегі жатады. Өкінішке орай, кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарына жасаған талдауымыздан Г.С.Виноградовтың ғылыми еңбегі жөнінде толыққанды мағлұматтар берілмей, ғалым еңбегіне тиісті (объективті) баға берілмей келгенін байқадық. Біздің байқауымызша, Г.Виноградовтың басты мақсаты тек қана орыс халқының педагогикалық мұралары жөніндегі ғылыми пікірлер мен анықтамаларға тоқталып, жеке педагогикалық пікірімен шектеліп қалмай, әр халықтың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі өзіндік тәжірибе қалыптасқандығы жөніндегі К.Д.Ушинский айтқан идеяларды дамыта түседі. Өз ретінде, ғалым Ресей Федерациясының құрамындағы аз ұлттар, әсіресе Сібір, Қиыр шығыс және Солтүстік мұзды мұхит жағалауында мекендейтін саха, эвенки, ительмен, эскимос, ненец, ханты, манси, чуваш, кояк және басқа ұлттар мен ұлыстардың этнотәлімдік мұралары жөнінде баяндап өтеді . Этнопедагогика ғылымы жөнінде зерттеулер біршама жүргізілгенімен оның қажеттілігі мен маңыздылығы туралы көптеген ғалымдар мен ағартушылар еңбектерінде (Э.Кей, М.Монтессори, П.П.Блонский, Л.Н.Толстой, Келльнер Л) айтылған. Халық педагогикасының адамгершілік құндылықтары гуманистік педагогика бағытын ұстанушы ғалымдардың (К.Роджерс, А.Маслоу, М.Франкк, У.Келли) еңбектерінде көрініс тапқан. К.Роджерстың пайымдауынша білім мен тәрбие жүйесі педагогикалық талаптарды орындаумен қатар, ұстаз бен шәкірт арасындағы ежелден қалыптасып келе жатқан шынайы ізеттілік, парасаттылық һәм адамгершілік құндылықтарға негізделгені шарт деп санаған [65]. Швед ғалымы Э.Кей (1910) жас ұрпақтың танымдық-шығармашылық тұрғыда өсіп-жетілуіне және өзінің тұлғалық жеке қызығушылықтарының іс жүзіне асырылуына халықтық дәстүрлер, оның ішінде отбасы тәрбиесінің педагогикалық маңызы зор екенін атап өткен [44,94]. Белгілі ғалым П.Блонский этнопедагогика проблематикасын «халықтың демократиялық тәлім-тәрбиесі» деп санап, өзінің тұжырымын былай жеткізеді: «...слово нация имеет значение народ, мы могли бы назвать такое воспитание глубоко национальным...Народное демократическое воспитание, получаемые в народной трудовой школе, обладает всеми достоинствами национального воспитания... Но если трудовая школа исходит из окружающего ребенка народного трудового быта, то индустриализм решительно и полно вводит ребенка и подростка в общечеловеческую культуру..» [45,105]. Дегенмен көптеген ғалымдардың пікірінше этнопедагогика пәнаралық ғылым қатарына кіретіні және оның басқа дүниелермен біртұтас дамып келгені белгілі болды. Көрнекті чуваш ғалымы Г.Н.Волковтың этнопедагогика саласы бойынша ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеуі – жалпы этнопедагогика ғылымының методологиялық негіздерін айқындау мәселесінің шешілуіне тарихи маңызын тигізді. Оның ойынша, әр этностың қоғамдық өміріндегі халықтық тәлім-тәрбиелік дәстүрлер көптеген жылдар бойы арнайы ғылым саласы ретінде мойындалмай келгеніне қарамастан, оның классикалық педагогика ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің бірі болды деген пайымдауы көңілге қонады [14,32]. Г.Волковтың жалпы бұрынғы посткеңестік мемлекеттер кеңістігіндегі этнопедагогика ғылымының патриархы болып танылуының (Г.С.Виноградов, А.Ф.Хинтибидзэ т.б ғалымдардан бұрын) үлкен бір себебі – ғалымның Я.А.Коменский идеяларын негізге алғандығынан дейміз. Көпшілікке белгілі Я.Коменскийдің «Чех дидактикасы» (1657) атты чех (славян) халықтарының этнопедагогикалық мұраларына негізделіп жазған еңбегі, европа халықтарына «Ұлы дидактика» деген атаумен таралғаны белгілі. Ал, Г.Н.Волковтың тұңғыш еңбегі «Чуваш халық педагогикасы» (1956) деп аталған. Я.Коменскийдің негізгі ойы чех халқының тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері мен артықшылықтарын өзге ұлттардан биік қою емес, қайта оның көп жылғы ғылыми еңбегінің нәтижесі – чех халқының педагогикалық мұраларын ғылыми-эксперименттік тұрғыда зерттеу объектісі ретінде қарастыруында. Мұндай зиялылық мәдениет һәм гуманистік қасиет көрінісі - ұрпақ тағдырын тереңінен ойлайтын ғалымдар үшін шынайы үлгі болып қала бермек. Аталмыш гуманистік құндылықтар ортағасырлық ойшыл, ұстаз-абыз Қайқауыс данышпанның «Қабус-нама» (европаша – Кодекс Куманикус) (ХІ ғ) еңбегінде ерекше көрініс тапқан. Европада ХІ-ХҮ ғ.ғ араб тілінде жазылған ғылыми еңбектер (астрономия, медицина, алгебра, география т.б) сол дәуірдің ең озық жетекші идеялары һәм классикалық туындылары ретінде танылғаны тарихтан белгілі. Сондықтан, Қайқауыстың әлемге әйгілі туындысын (араб тіліндегі көп еңбектер европа тілдеріне аударылған) Я.А.Коменскийдің білмеуі мүмкін емес. Кітаптағы Қайқауыс ұстаз-абыздың негізгі педагогикалық мақсаты – атасы һәм немере арасындағы шынайы сүйіспеншілік, терең сезім, рухани сабақтастық, талап һәм тілек және ұрпақ тағдыры мен тәлімгерлік болжамнама құндылықтарын көреміз. Демек, Г.Волковтың Ресей Федерациясындағы аз ұлттар қатарына жататын чуваш халқының педагогикалық мұралары мен ой-пікірлерін зерттеуге бағышталған ғылыми еңбегі, біріншіден: жоғарыда айтылған дүниелермен тығыз байланыста қарастырылғаны, екіншіден: посткеңестік мемлекеттердегі көпұлтты халықтардың сан ғасырлар бойы дамып, қалыптасып өзіндік өмірлік тәжірибе жинақтаған педагогикалық мұраларының ғылыми тұрғыда жүйелі зерттелу мүмкіндігін туғызды демекпіз. Этнопедагогика ғылымы жөнінде алғашқылардың бірі болып А.Ф.Хинтибидэе көлемді зерттеулер жүргізді. А.Хинтибидзэнің ойынша, әр халықтың, әсіресе тау (кавказ) халықтарының ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктеріне қоршаған орта және халықтың әдет-ғұрыптары зор ықпал етеді деп санайды. Ол өзінің туған халқының (грузин, мегрелдер т.б) сан ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрлерінің (әсіресе халық ауыз әдебиеті, нақыл сөздер, тау халықтарының әдет заңы т.б) ұрпақ тәрбиесінде үнемі басты назарда ұсталынуы тек қана отбасы дәстүрі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық талап пен тілек ретінде қабылданғанын баса айтады. Көрнекті ғалым З.П.Васильцова украин халқының этнопедагогикалық ерекшеліктеріне тоқтала келе, халық педагогикасының асыл мұраларын бала санасына сіңіру украиндердің аса қастерлейтін дәстүрі болғанын атап өтеді .Татар ғалымы Я.И.Ханбиков халықтық педагогика элементтері халық тұрмысында кешенді тұрғыда жүзеге асырылу тек маман-тәрбиешілердің ғана тәлімгерлік қызметі ғана емес, сонымен бірге жалпыхалықтық зор жауапкершілік болғаны абзал деген .
