- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
«этнопедагогика»терминін ғылыми қолданысқа алғаш рет профессор Г.Н.Волковтың енгізгені белгілі.Алайда,этнопедагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппаратына,оның мәртебесіне оның ғылыми және халықтық педагогикамен арақатынасына байланысты мәселелер қызу пікірталас тудыруда .Осыған орай ,бірқатар мәселелер мен сұрақтар туындайды:этнопедагогика дегеніміз не ?Ғылым ба,әлде ғылым емеспе? және т.б.Этнопедагогиканы «өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халықтың тәжірбиесі ,олардың педагогикалық көзқарастары,тұрмыс педагогикасы,отбасының,рудың, тайпаның,халықтың және ұлттың педагогикасы»туралы ғылым ретінде анықтай отырып ,Г.Н.Волков: «этникалық педагогика халықтың педагогикалық мәдениетімен қатар,ұлттық тәрбие жүйесіндегі эволюциялық өзгерістер нәтижесінде,тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық мінездің ерекшеліктерін зерттейді»,-деп түсініктеме береді .Г.Н.Волковтың еңбектері халық педагогикасының пәнін,оның педагогикалық негіздерін,әдістері мен құралдарын анықтауда ,халық педагогикасының тұжырымдамасын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.Г.Н.Волковтың «этнопедагогиканы көптеген қоғамдық,гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланысы мен өзара әсерінің шеңберіне енгізу қажеттігі»туралы идеясы маңызды әдіснамалық бағдар қызметін атқарды.Ғалымның болжамдағанындай , «бұл этнопедагогикаға өзінің материалдары мен қайнар көздерін кеңейтуге ,оны үлкен тарихы мен тәжірбиесі бар ғылыми әдістермен қаруландыруға және тиімді теориялық тұжырымдар жасау үшін қолайлы мүмкіндік берді....»
Ғалым,тәжірбиелі зерттеуші Г.Н.Волковтың даналығы-ол өзінің ізбасарларын, практик-педагогтарды сақтандыра отырып,былайша .үйретуінде: «Жалпыадамзаттық мәдениетке апаратын жол,ұлттық ерекшеліктерден бас тартуда емес,оларды жақсы тану,олардың озық элементтерін барынша қолдануға болады.Сонымен бірге,тәрбиеде ұлттық элементті ескеру,ұрпақтан ұрпаққа ұлттық қалдықтарды,ұлттық шектеулерді, тозығы жеткен салт-дәстүрлерді беруге кедергі келтіретін педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету» Бұл идеялар 40жыл бұрын айтылса да ,қазіргі кезге дейін өзектілігін жойған емес.
39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік иниститут ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселелермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.Отбасы орнықты әлеуметтік институт ретінде қазіргі кезде оның даму үдерісін қалыптастыратын күштерді түсінбеумен кездеседі. Отбасы әлеуметтік институт, бұл жерде отбасы қоғамдағы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде қаралып, қоғамның экономикалық базисінің, өндірісінің тәсіліне тәуелді болады, балалардың денсаулығы мен тәрбиелері үшін жұбайлардың құқықтық және моральдық жауапкершілігінен туатын, неке негізінде жасалатын институт ретінде қаралады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы дамуының көзі жүйе дамуында кедергі тудыратын эндогамды факторлар және экзогамды факторлар болып табылады. Отбасының бұзылуы жұбайлардың отбасылық тәртібінің өзгеруінен (мысалы, сатқындық) немесе отбасылық қатынастарға жұбайлардың біреуінің ата-анасының араласуынан туған даудан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта өмір сүру деңгейінің мәселелері қазіргі заманға отбасының күйзеліс беталысын айқындап отыр, оған мыналар тән:
— ажырасу санының өсуі;
— неке санының азаюы;
— некеден тыс одақтардың өсуі;
— жезөкшеліктің өсуі;
— бала туудың төмендеуі;
— әйелдердің күйеуінің қамқорлығынан босату және олардың өзара қарым-қатынасын өзгерту;
— некенің діни негізін жою;
— отбасындағы зорлық;
— некені мемелекет қоғауының әлсіреуі
