- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
Этнопедагогика дамуының негізгі тенденцияларын мазмұндауда мұндай тұжырымдама аса келешекті болып табылады. Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу, жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозғалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады. Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып керсетуге елеулі орын берілуі қажет.Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды, балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі азаматтық борышын жете түсінуге, оларды өзінің ата-аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге кемектеседі. Отанға қызмет етудің тиімді жолдарының бірі – оның ұрпақ тәрбиесіне белсене араласу болуы адамзаттың қазіргі әлеуметтік дамуының ерекшеліктеріне айналып отырғандығы кездейсоқтық емес. Патриоттар мен гуманистер, ғылым мен мәдениеттік шынайы ұлы қайраткерлері тұлға қалыптастыруы саласына енжар болады. Жалпы рухани және мәдени дамудың басты белгілерінің бірі педагогикалық алға басулар болып табылатындығы кездейсоқ емес. Мақсаты мен сипаты әр кезенде, әрбір қоғамда түрліше, тіпті қарама-қарсы болғанына қарамастан, тәрбие қашанда жалпыға бірдей кұбылыс болды.Этнопедагогикалық мәдениетке заманауи көзқарас, тәрбиенің көпғасырлық тәжірибесін отандық ғалымдардың зерттеуі тәрбие үрдісінің теориялық негізін өңдеудің маңыздылығын болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан да этнопедагогиканың қалыптасуы мен пайда болуының тарихи-педагогикалық алғышарттары болып:
· кеңес империясының құлауымен пайда болған қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси және тарихи-экономикалық өзгерістер;
· өзгеріс еңген кезеңдегі коммунистік тәрбие идеясы мен кеңес педагогикасының негізгі доктриналарының әлсіздігі;
· тәрбиенің көпғасырлық тәжірибесін қолданудың қажеттілігін мойындау;
· өткенді зерделеу және этникалық түп төркінге үңілу үрдісіндегі тарихи өткеніміздің педагогикалық тәжірибесін қайта бағалап, жан-жақты қарастырудың маңыздылығын ұғыну;
· тәрбие үрдісінің теориялық негізін тереңдете өңдеуде және оның оң нәтижелілігін жетілдіруде ғылым мен педагогикалық тәжірибенің аса қажеттілігі табылады.
37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
Адамзаттың әр түрлі іс-әрекет түрлерінде,өмір сүруінің әр түрлі деңгейінде,нормалар мен құндылықтардың жиынтығын түсіндіруді жүзеге асыру, мұнда осы синтездің нәтижелерін тәрбие аясына енгізу қажет.Бұл міндетті ,мақсатты бағытталған тұрғыдағы этникалық тәрбиені жүзеге асыра отырып шешуге болады.Біздің анықтамамыз бойынша,қазақтың этникалық тәрбиесі –қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында негізі қаланған,нәтижесінде индивидтің этноәлеуметтік рөлдерді және этникалық құндылықтарды меңгеретін,оның бүкіл өмірі бойында ,этнос субьектісін дамытудың біртұтас үздіксіз үдерісі.Этникалық тәрбие-жас ұрпақтың мақсатқа бағытталған өзара іс-әрекеті ,нәтижесінде оқушылардың этникалық өзіндік санасы ,өзіне этнос субьектісі ретінде шынайы қатынасы ,өз ұлты үшін намыс сезімі ,ана тіліне ,өз ұлтының мәдениетіне ,тарихына жағымды қатынасы ,сонымен бірге басқа этностардың өкілдеріне құрмет және толеранттық сезімі қалыптасады.Кез келген халықтың әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жүйесі –көптеген ғасырлар бойғы тәрбиелік күш-қуатының жүйе арқылы әрбір халық өзінің рухани мәдениетін,мінезін және ұрпақтар сабақтастығы жағдайында өзінің психологиясын қайта жаңғыртады. Сонымен салттар,дәстүлер,ғұрыптар,рәсімдер,жөн-жоралғылар-этнопедагогиканың,соның құрамындағы қазақ этнопедагогикасының маңызды тәрбиелік құралдары.Салттар,дәстүрлермен ғұрыптардың үлкен тәрбиелік мәні этнопедагогикалық білімнің қатарына жатқызуға мүмкіндік береді .Олар қазақ халқының педагогикалық мәдениетінде ғасырлар бойы жинақталды,ең үздіктері таңдалып ,ескілері алынып тасталды.Тәрбиенің қазіргі заманғы тәжірбиесінде этникалық тәрбиенің аталған құралдарын мазмұны,формасы жүзеге асыру жағдайлары бойынша қатаң саралауды ескере отырып қолдануға болады.
