Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.35 Кб
Скачать

33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б.

«Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»). Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» — деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» — деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.Қазақ балаларын тәрбиелеу барысында тағыда коптеген ұлттық ойындар бар.

Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні:Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Дүнген халқының ұлттық ерекшелігін сипаттайтын бір белгісі ол – ұлттық ойындары. Жалпы дүнгендерде балаларға да, ересектерге де арналған әртүрлі ұлттық ойындары бар. Олардың көбі ойын-сауық ретінде ғана емес, сондай-ақ балалардың ақыл-ой тәрбиесінде, физикалық, тәрбиелік-танымдық мәнге ие болды. Кейбір ойындар спорттық жарыс түрінде болды.

Кішкентай балалар, әсіресе, қыз балалар қуыршақтар – фагунер, бэ жяжярмен ойнады. Қуыршақтар ішіне мақта салынған матадан жасалынады, ал жаз айларында бұрымы бар қуыршақтарды жүгерінің собығынан жасады. Ойынға сынған ыдыстардың сынықтарын да пайдаланады. Олардың көмегімен балалар қонақ шақырып, тамақтандырған. Балалар ойында үлкендердің рөліне кіріп, солар сияқты сөйлеп, солардай қонақ күтеді.

Гэ бынбын – аударғанда «жіптерден фигураларды шешу ойыны. Бұл ойын балаларға арналған. Ойыншылар бір фигураны бірнеше рет қайталап жасауға болады. Алайда щуза (ара) деп аталатын фигура пайда болған кезде ойын тоқтатылады, өйткені бұл фигура тең нәтиженің белгісі.

Гэ бынбын ойыны – дүнген қыздарының сүйікті ойыны. Ойынға жігіттер де қатыса алады. Қазіргі уақытта бұл ойынды Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын дүнгендерден кездестіруге болады. Дүнген қыздарының тағы бір танымал ойындары ұсақ тастармен ойналатын ойын - щуазыр («тастарды қағып алу»). Бұл біздегі бестас ойынына ұқсайды. Ойынға көлемі кептердің жұмыртқасындай болатын домалақ бес тас таңдалады. Ойында бірнеше тәсіл қолданылады. Мысалы, дан зыр, щуафон (екі рет қағып алу), щуа сан (үш рет қағып алу), щуа сан-ии (үш-бір), ман ба щуа сы (жартылай қағып алу), щуа са зыр (шашылған тастарды қағып алу) және т.б.

Дан зыр тәсілін қолданған ойыншы бір қолымен бес тастың бірін жоғары лақтырып, қалғандарын біртіндеп жинайды. Жоғары лақтырылған тасты жердегі тас екеуін бір уақытта жерге түсірмей қағып алу керек. Егер лақтырылған тас жерге түссе, ойыншы кезегін келесіге ұсынады. Ойынның барлық тәсілдерін жылдам әрі бірінші болып бітірген адам жеңімпаз болып есептелінеді.

Жуа зыр ойыны дүнген қыздарының сүйікті ойыны болса, ти щянзы (лянга) – бозбалалардың сүйікті ойынына айналған. Көне көз қариялардың айтуы бойынша, бұл ойынды үлкен жарыстар өткізіп, ересектер де ойнаған. Бұл ойында бірнеше тәсіл қолданылады. Бұл ойын да біздің ұлттық ойындарымыздың қатарынан табылады.

Лянганы бір аяқпен тебу - дан, екі аяқпен - фон, секіріп тебу - лё, күрделі тәсілдер -та, ти және жян деп аталады. Дүнгендерде бұл ойында лянганы жерге бір де бір рет түсірмей барлық тәсілдерді еш қиындықсыз орындап шыққан ойыншыны ойынның шебері деп атайды. Ойын барысында лақтыруларды дауыстап санайды. 

Ти щянзы ойынының Жетісуда танымал болғандығы сонша, жергілікті орыс халқы дүнгенше атауымен лёнга деп атап кеткен. Қазіргі кезде бұл ойынды қазақтар да ойнайды, әсіресе мектеп жасындағы бозбалалар.

Дүнгендердің топпен ойналатын ойындарының бірі да модан - «лапта» деп аталады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, жеребеден кейін ойын бастайды. Бір топ беруші, екіншісі оны қайтарушы болады. Топ басшылары сайланады, олар ойынды ұйымдастырып, ойын тәртібі туралы ақылдасады. Ойынның ережесі бойынша, бір ғана соққы беруге құқы бар барлық ойыншылардан ерекшелігі, капитандар үш рет соққы бере алады. Ойыншылар келесі соққыны сызықтан өтіп, соққы беретін орынға қайта алын келгенде ғана бере алады. Топтардың алмасуы доп соққы беруші топтың ойыншысының біріне тиген жағдайда болады. Бұл ойын, әдетте, көктемде, яғни, егіске дайындық кезінде ойналады.

Дүнген балалары мен бозбалаларының тағы бір сүйікті ойындарының бірі - ган ло ню - «кәрі сиырды қуу» және да биты - «алшы ойыны».

Таяқпен қаруланған ган ло ню ойыншылары 4-5 қадам қашықтықта шеңбер жасайды. Оның ортасына сиыр сүегінің асығын қоятын шұңқыр қазады. Әрбір ойыншы да шеңберді айнала өзінің таяғының бір ұшын салып қоятын шұңқыр қазу керек. Одан кейін жеребе тасталынады, мақсаты – орталық шұңқырдан сиырды – асықты қуушы анықтау. Ойын қуғыншы орталық шұңғырдан асықты алып кез келген ойыншыға қарай оның орнын алып қою үшін лақтырады. Ойыншылар таяқтарымен асықты кез келген жаққа қарай бере алады. Асықты соққаннан кейін таяғымен өзінің шұңғырын жаба алмаған ойыншы жеңілген болып есептеледі. Қазіргі уақытта да бұл ойын ойналады, бірақ асықтың орнына хоккей шайбасын немесе қаңылтыр құты пайдаланады.

Алшы ойыны - да бигиы – Қазанға дейінгі кезеңде дүнген жастарының арасында кең тараған ойындардың бірі саналды, дегенмен қазір де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Ойынның өз ережелері мен тәсілдері бар. Үлкендердің айтуынша, бұл ойыншы ересектер де ойнаған. Кезінде бұл ойын бойынша ауыл-ауылдардың арасында үлкен жарыстар өткізілетін болған. Жеңілгендер жеңімпаздарға өз алшыларын беретін болған.

Дүнгендердің ең танымал ұлттық ойындарының бірі болған және қазір де бар дойбы - дю фон. Дүнгендердің қазақ жерінде мекен етуі олардың ұлттық ойындарын өздеріне сіңіруге мүмкіндік берді. Мысалы: аламан-бәйге, дё ён - көкпар, фа ёзы дэ йин – саятшылық және т.б.

Дүнгендердің көп ұлттық ойындары қазақтардыкіне ұқсас келеді. Өйткені дүнгендер де көшпелі халық болған. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]