- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
Қазақ этнопедагогикасы өзіндік тарихы бар, өзіндік төл тума кейіп, тәрбиелік жүйеге ие. Ол өзге туыстас қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ этнопедагогикасы сыяқты ежелгі көне түркі халық педагогикасы негізінде өзіне түркілердің көпғасырлық тәжіребиесін сіңіріп қалыптасты.
Тарихи тағдыр, өмірдің әлуметтік‑эканомикалық тәртіптер ортақтылығы жайында дамыған этнопедагогика халықтың мен тұрмысы, оның педагогикалық идеялары, ғасырлар бойғы армандары, білімге ұмтылысы, тарихи өзгерудегі әлуметтік әділетсіздікке қарсы күресі, өз балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді. Оның толық бейнесі, әсіресе, тілде, еңбеші отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжіребиесінде, отбасы‑ тұрмыстық мәдениетінде, сондай‑ақ тәрбиенің фольклор секілді маңызды құрамында белгі береді. Қазақ этнопедагогикасының көзге түсерліктей әбден қалыптасуы XV-XVIғасырларға, қазақ халқының жеке этникалық қауым ретінде алға шығуы мен байланысты. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
№ |
Ғалымның аты |
Нақылдары, ойлары |
1 |
Я.А.Коменский |
«Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді. |
2 |
И.Г.Песталоцци |
Тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. «Бала тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» деген қағиданы ұсынды. |
3 |
К.Д.Ушинский |
Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. |
Балаларды өткен тарихпен таныстыру жөніндегі халық қамқорлығы ерекше. Еркіндікке сүйіспеншілік пен рух өн бойын көктей өтетін қазақ халқының батырлар жырлары мақтануға тұрарлық. Олар ерекше шабытты талап ететін дара көріністер.Өз балаларына орыстар оылай тәрбие берген.
Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді.
