- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
Мен әлеуметтік педагог ретінде мектепте оқу процесінің этнопедагогизациялануына субьективті пікірімді, ұсынысымды келтірер болсам ,ең алдымен біз ұлттық тәрбиені мектептен оқушы балалардан бастауымыз керек. Бүгінде Қазақстан мектептерде ұлттық тәрбие мен ұлттық мәдениетті дамыту үшін барлық жағдайды жасаған. Балаға кішкентайынан ұлттық салт дәстүр, ұлттық тәрбие, ұлттық сана не екенін дұрыс ұғындырып тәрбиелей алсақ, бала болашақта өскелең ұрпақ арасында ұлттық ерекшелікті ешқашан жоғалтпайды. 21 ғасырдың жахандану мәдениетінде біздің оқушыларымыз ұлттық білім, ұлттық рух, ұлттық сана қалыптасуында халық педагогикасы арасында өзін бай , патриот ретінде сезіне алады. Этнопедагогикаға байланысы, халық дәстүрлерін дамыту барысында ,біз балаларға білім беру, яғни халық даналығы туралы халықтың білімін ұйымдастыруымыз қажет. Діни оқу-жаттығуларға, ертегілер, аңыздар, әндер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ойындар, ойыншықтар және т.б. отбасылық және қоғамдық құрылымға бағыттай, барлық оқу-әдістемелікті адамның тарихи және мәдени қалыптасуына ықпал етуіміз қажет деп ойлаймын.
30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
Этнопедагогикада этникалық тәрбиенің әдістері.
Әдістері |
Мысалдар |
Баяндау әдісі |
Дәстүрдің тәрбиелік мәнін баяндау арқылы халықтың дәстүрінін мәнін түсінеді. |
Түсіну әдісі |
|
Сахналау әдісі |
Ұлы драматург Шекспир «Бүкіл әлем сахна, әрбір адам кейіпкер» |
Шығармашылық жарыс әдісі |
Санамақ, жұмбақ, мақал-мәтел,ертегі кім көп біледі ? |
Анкета әдісі |
Этнопедагогикаға қыз1ығуын анықтайды. Қалай қарайсыз? Қалай бағалайсыз? |
Пікірталас әдісі |
|
Аудио және визуалды әдістер |
|
Сәулелі сабақтар әдісі |
(мультфильмдер) |
Тест әдісі |
Қарапайым оңай болу керек. |
Жарнама әдісі |
Сөз құдіретті әрі көрікті, әрі оқып есте қаларлықтай болу керек. |
Ой жарыстары әдісі |
|
31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
Ұлттық ойындар халықтың - халықтық сипаты. Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады. . Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан — таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. Наурыз — наурыз ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер саласындағы ашық жарысы. Ән-би — сауықшылардың өнерi ғана емес, теңдiк пен туыстыққа тартатын өнегелi өмiр. Ән-би сауығы қысылып-қымтырылудан арылтатын, еркiндiкке емiренушiлiк, әркiмнiң қырағылығы мен көрегендiгiне демеушiлiк ететiн ашық өнер, оның қызбалы түрi. Мысалға, әншi мен бишi, қалжыңқой не айтамын десе де, аңшы ненi атамын десе де өз еркiнде едi. Ән-би, қуаныш пен жұбаныштың бейнелi тiлi. Өнер тiлiмен орындаушы мен көрермен, жеке мен көпшiлiк өзара тұсiнiсе де, таныса да алады. Ойын-сауық жасөспiрiмдердiң ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшiн ойын — баланың жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы. Жарысқа қатысатындардың сезiмi сергек, ойы өткiр, кеудесi мен бiлегi мықты, қимыл-әрекетке ептi болуы шарт. Көшпелi қазақтардың өмiр салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа мiну өнерi жас баланың сезiмi мен денесiн жаттықтырудың басты және ортақ дәстүрiне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейiмделдi, соған тырысты. Әдет-ғұрып ойындарына, “алдымен қыз ұзатар және үйлену тойында болатын ойын-сауықтар жатады. Мысалыға, жер-жерде үйлену тойының мынандай ойын-сауықтары таралған: “тоғыз аяқ”, “тоғыз табақ”, “жар-жар”, “беташар”, “құда тарту”, “қол ұстатар”, “шаш сипар”, “неке қияр”, “кемпiр өлдi”, “шымылдық байлар”, “сақина салар”, “есiк ашар”, “ат байлар”, “түндiк ашар”, “ит ырылдатар”, сондай-ақ “тоқым қағар”, “қынаменде”, “қыз кәде” сияқты ырым-жоралар бар. Бұл әдет-ғұрып ойындардың бас кейiпкерлерi — қыз бен жiгiттiң жеңгелерi мен құрбы-құрдастары болса да, сауық өткiзу рәсiмi жер-жерде бiрдей емес, түрленiп жатады. Тойдағы әндер мен жырлар, күйлер мен билер көңiл көтеретiн, қуанышты бiлдiретiн, ой тербететiн, шабыт келтiретiн, қабiлет-қасиет сайысы, дәстүрлердiң тоғысы түрленiп-ақ жатқаны.
Ойындар тәрбиелік, әскери-спорттық, әдет-ғұрыптық, сауықтық-эстетикалық және басқа қоғамдық қызмет атқарған. Ұлттық ойындар арасынан тоғызқұ-малақты, аламан бәйгені, сайысты, аударыспақты, көкпар тартуды, қазақша күресті, т.б. атауға болады.Ойындар арқылы адамның дене және ақыл-ой қабілеттері қалыптасқан. Ерік-жігер сапалары шыңдалған.
