- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
Қазақтар көктемгі күн мен түннің теңелуін Жаңа жылдың басы - Наурыз мерекесін атап етеді. Наурыз парсының «новруз» «жаңа күн» деген сөзімен мағыналас. Ол — бағзы заманнан келе жатқан қасиетті мереке. Бұл күні ұрыс-керіс, соғыс атаулы тоқтатылады. Бұрын бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар қайтадан татуласады, өткен-кеткен өкпе-реніштердің бәрі де кешіріледі. Әркім өз үйлерін тәртіпке келтіреді, сыпырып, тап-таза етіп қояды. Адамдар сәнді киініп, бір-бірін кұттықтайды, қонаққа барады. Ақсақалдар үй-үйді аралап, өмірден өткен ата-бабаларға, аруақтарға, марқұм болғандарға арнап құран бағыштайды. Әйелдер ежелден келе жатқан салт бойынша құрамында жеті түрлі тағамдық зат бар наурыз көжені мол етіп пісіреді. Одан көрші-қолаң, туған-туыстар мен үлкен-кішілер және үйге келген қонақтар түгел дәм татады. Жастар бір-біріне ескерткіш сыйлықтар ұсынады. Бұл күні ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткізіледі. Қазақтарда наурыздан өзге қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қатар сияқты басқа да толып жатқан мереке-тойлар болған.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні. Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырғанЖалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрле мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді, спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып. Спорттық ойындарға: кыз қуу, кокпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б жатса, ақыл ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «жамбы ату». бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым - қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол белгілі бір білімділік , тәрбиелік мақсаттарды көздейтіндігінде.Сондықтан қазақтың қай ұлттық ойынын алып қарасақ та,оның өнебойы тұнған өнер мен өнегені тілеп тұратын, дидактикалық мақсаттарға арналып жасалғандай.
