Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.35 Кб
Скачать

25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.

Этнопсихология (этнос және психология) — әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым. Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Әр этностың өзіндік этникалық ерекшелігіне тән психикалық құрылымы болатыны белгілі. Олар: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Ғалымдар адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге деген ұмтылысын жоғарғы деңгейдегі сезімдермен тікелей байланыстырады. Осы сезімдердің бірі – ұлттық сезім.

«Ұлттық сезім – адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі». Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер секілді адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен қатар керісінше негативті әсерлерімен де байланысты ой-қиял, әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі тікелей ұлттық тілдің тағдырына байланысты және тілдің даму дәрежесі ұлттық сана-сезімнің деңгейінің өлшеуіші болып табылады. Яғни, ұлттық сана-сезімді жастардың бойында дамыту – ұлттың келешегінің кепілі десек те болады, себебі ұлтына, туған жеріне, тіліне деген мол сүйіспеншілігі, отандастарын құрмет тұтуы, өз тарихын, салт-дәстүрін білуге құштар рухани бай тұлға ешуақытта өзге ұлтқа да жамандық ойламайды. Этностың келесі өзіндік психикалық құрылымдардың бірі – ұлттық мінез-құлық. Ұлттық мінез мәселесін зерттеу-талдау жұмыстарымен Д.Юм, Г.Гегель, С.Кон, Ш.Монтескье, Р.Лемберг, А.Х.Гаджиев, А.Ф.Дашдамиров, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М,Жұмабаев, Н.Құлжанова, Қ.Жарықбаев, Ә.Марғұлан т.б. ғалымдар айналысқан. Ұлттық мінез адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ол белгілі бір ұлтқа тән темпераменттік, психикалық рухани сапасымен ерекшеленеді. Мысалы, өзбек халқы сыпайылығымен, орыстар – қарапайымдылығымен, қазақтар – қонақжайлығымен, немістер – ұқыптылығымен, шешендер – қызу қандылығымен және т.с.с. Дегенмен, әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын өзгеріп отырады. Ол – этностың үнемі әлеуметтік дамуда болатындығының айғағы. Этнос мүшелерінің мінез-құлық құрылымының бірізділігі қарым-қатынас нормасына негізделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Осы орайда, академик С.Кон өзінің «Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің проблемасы» атты еңбегінде «ұлттық мінез-құлықты анықтауда әр ұлтқа тән этностық мінез-құлықты шартты түрде алып қарау керек», деуі орынды. Аталмыш ой-пікірлердің қазіргі кезеңде динамикалы түрде дамуына антика заманының философтары Платон мен Аристотельдің қосқан үлестері зор деп айтуға болады. Этностық мінез дегеніміз-оның жекелеген өкілдері мінезінің мөлшері немесе шамасы емес,ол индивидтердің белгілі бір шамасында әртүрлі сәйкестікпен, әртүрлі деңгейде кездесетінтиптік қасиеттерін белгілеу еенін анықтаған. Сондықтан И.С. Кон айтқандай:”Халықтың мінезін түсіну үшін ең алдымен ол елдің тарихын, қоғамдық құрылысын және мәениетін зерттеп білу керек,ол тек индивидуалды-психологиялық әдістер бұл орайда жеткіліксіз” - деген әбден дұрыс.

26. Этникалық тәрбие құралы ретінде салт-дәстүрлер мен ұлттық этикет жүйесіне сипаттама беріңіз.

Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саясаты — қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар меи тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері - ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақ жайлылық, имандылық, иманжүзділік — барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтың әдеп - ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы - салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр - қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің "нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды. Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы — салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші — ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сап өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Салт-дәстүрдің тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің маңызы. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының  баға жетпес інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге  болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің бала бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы мол. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті,адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы,қоғам қажеттілігі.

Этикет – тәртіп мағынасын беретін француз сөзі. Яғни, ұлттық-халықтық салт-дәстүрлер ережесі. алуан қырлы, күрделі қарым-қатынасты жүзеге асырудың аса маңызды бірден-бір құралы тіл екені барша жұртшылыққа мәлім. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында күнделікті қайталаудың барысында, сан мәрте қолданудың нәтижесінде мықтап орныққан, әбден қалыптасып, стереотипке айналған іс-әрекеттер (амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, құттықтау, рахмет айту, ризашылық білдіру, тілек айту, жұбату, көңіл айту т.б.) болады. Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағы «сөз этикеті » деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады. Халық әдебі “Сіз” деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс – қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз “ыңыз”, “іңіз” қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Мысалы, дастарқан мәзірінде “астан алыңыз”, құрметтеу ниетін айтқанда “төрге шығыңыз”, т.б. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын, бейтаныс адамға “Сіз” деп сөйлеу салтқа айн

27. Этникалық тәрбие құралын сипаттаңыз.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

  • Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек)

  • Заттар (ойыншықтар, машиналар)

  • Рухани және материалдық мәдениет (өнер,қоғам,өмір)

  • Бұқаралық ақпарат құралдары

  • Педагогикалық ықпал жасау құралдары

Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі. Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал-мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі.

Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасу факторы ретінде көреді. Осыған байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан.

Ойын - балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, “Аударыспақ”, “Көкпар” т.б.

Әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы - жаңылтпаштар. Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал.

Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да өз күшін жойған жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]