- •1.Педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі ретінде этнопедагогиканың мәнін ашыңыз.
- •2.Этникалық педагогиканың құрылымдық-логикалық моделінің мәнін түсіндіріңіз.
- •3.Этникалық, әлеуметтік және халық педагогиканың өзара байланысын көрсетіңіз.
- •4.Этникалық педагогиканың нысаны мен пәнін негіздеңіз.
- •5. Этникалық педагогиканың негізгі категориялары мен міндетіне сипаттама беріңіз.
- •6. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогика орнын негіздеңіз.
- •7. Этникалық педагогиканың ғылым ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •8. Этникалық педагогиканың тәжірибелік іс-әрекет ретіндегі ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •9.Этнопедагогиканың дамуындағы л.Н.Гумилевтің этнос теориясын түсіндіріңіз.
- •10.Этнопедагогиканың дамуындағы м.Жұмабаев, ж.Аймауытов, м.Дулатов еңбектерінің мәнін ашып, мысалдармен негіздеңіз.
- •11. Этнопедагогиканың дамындағы ю.В.Бромлейдің көзқарасын түсіндіріңіз.
- •12.Этнопедагогиканың дамындағы этностық ақпараттық теориясының мәнін ашыңыз.
- •13.Этнопедагогика және этнопсихологияның дамуындағы б.Момышұлы, қ.Жарықбаев, н.Елікбаев еңбектерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.
- •14.Этнос субъектісінің қалыптасуында этнопедагогикалық процестің мәнін түсіндіріңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •15.Этнопедагогиканың дамуында компоненттік теорияның маңызын негіздеңіз.
- •16.Қазақ мәдениетіндегі қыздар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз. Өзіндік мысалдар келтіріңіз.
- •18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.
- •20. Қазақ мәдениетіндегі ұлдар тәрбиесінің ерекшелігін көрсетіңіз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
- •23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •24. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопедагогикалық негізін
- •25. Этникалық тәрбие мазмұнының этнопсихологиялық негізін ашып көрсетіңіз.
- •28. Этникалық тәрбие құралы ретінде ұлттық мейрамдар мен ойындарға сипаттама беріңіз.
- •29. Мектептің оқу тәрбие процесінің этнопедагогизациялануының мәнін ашыңыз. Өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
- •30. Этникалық тәрбиенің формалары мен әдістерін классификациялаңыз.Мысал келтіріңіз.
- •31.Ойын этникалық тәрбиенің формасы мен әдісі. Біздің халқымыздың ұлттық ойындарына мысал келтіріңіз.
- •32.Қазақ және орыс этносының отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогикалық дәстүрлерді салыстырыңыз, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік құндылықтарын анықтаңыз.
- •33. Кез келген этнос пен (өз таңдауыңыз бойынша) қазақтың балаларға арналған ұлттық ойындарын салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тәрбиелік мәнін анықтаңыз.
- •34.Сіздің және қазақтың этникалық мәдениетіндегі адамның этноәлеуметтік рөлін салыстырыңыз
- •35. «Қазіргі тәрбие процесін этнопедагогикалық тұрғыдан ұғыну » тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36.Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі перспективалық дамуы мен мәселелеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Этникалық тәрбиедегі әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғылардың қызметін анықтаңыз.Өзіндік мысал келтіріңіз.
- •38.Ғылымға «этнопедагогика»терминін алғаш енгізген ғалымды атап,оның ғылыми еңбектерін мысалмен баяндаңыз.
- •39. «Қазіргі отбасының этномәдениеттік әлеуеті» тақырыбына эссе жаз.
- •40. Қазақтардың ежелгі этнопедагогикалық бастауларына сипаттама беріңіз.
- •41.Этнопедагогикалық зерттеулердің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
- •44. Еңбек тәрбиесі, бейнелеп айтсақ, «қажет», «қиын» және «керемет» ұғымдарының үйлесімі. Осыған этнопедагогикалық негіздеме беріңіз.
- •46. Дәстүрлер мен салттардың айырмашылықтарын салыстырыңыз. Олардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •48. Өзіңіздің тәрбиеңіздегі халықтық педагогиканың ықпалын мысалдар арқылы көрсетіңіз: әженің өсиеті, әкенің сендіруі, ананың кеңесі, жасы үлкендердің тілектері
- •49. «Рухани тұлғаның қалыптасу факторлары» тақырыбына эссе дайындаңыз.
- •50. Отбасы, еңбек тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың көзқарастарын меңзейтін, мақал-мәтелдерді жазыңыз.
- •51. Жұмбақтардың ерекшеліктерін айқындаңыз. Жұмбақтың әртүрлі формасына сипаттама беріңіз. Жұмбақ-мақалдарға мысал келтіріңіз.
- •52. Халық ертегілерінің дидактикалық сипатына мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
- •53.Этнопедагогикада мақал-мәтелдерді «тәрбие моделі» ретінде қабылдайды.Осы анықтамаға сәйкес келетін бірнеше халықтық мақалдарды таңдап көріңіз.
- •55.Кез келген ұлттық ойын өзіндік таңдау бойынша мазмұнын қысқаша ашып, оның мақсаты мен ұйымдастыру әдістемесін жазып көрсетіңіз.
- •56.Тұлғаның дамуына тәрбие факторларының ықпалын түсіндіріңіз .Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
- •58.Өз өміріңізде басшылық ретінде қабылдайтын, ұран ретінде болатын мақал-мәтелдер ұсыныңыз.
- •59.«Еңбек – халықтық тәрибенің негізі» тақырыбында эссе жазыңыз.
- •60.«Мен - этнопедагогпін» тақырыбына эссе жазыңыз.
21.Өзіңіздің этникалық мәдениетіңіздің мысалымен этнопедагогикалық процестің мәнін ашыңыз.
Өзімнің этникалық мәдениетім ретінде қазақ халқының этнопедагогикалық мәдениетің алдым. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік төжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі рөлі; Жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; Халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі рөлі; Және көптеген салт-дәстүр, әдет ғұрыптар бар. Оның әрқайсысының тәрбиелік мәні зор. Мысалы, Үлкендi сыйлау — бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.
23.Тұлға дамуы мен тәрбиесінің этномәдениеттік ортасы ретіндегі отбасы мәнін негіздеңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.
«Қазақстан халқының рухани дамуына» көп көңіл бөлініп, мәдениет құндылықтары мен салт-дәстүрге қолдау көрсету керек. Көпшілік қауым өздерінің этномәдениеттік қажеттілігі туралы, мемлекеттік білім беру құрылымдарына ұлттық мәдениет пен тілдік қызмет қандай көмек көрсете білетінін де біле бермейді. Ата-аналардың ықпалдастығы баланың рухани-адамгершілік, этномәдениеттік тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Кез келген тәрбие отбасынан басталуы тиіс. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Осылайша қазақ халықы балаларын ертеден ұлттық құндылықтарды білуге тәрбиелеген.
