Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnopedagogika_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.35 Кб
Скачать

18.Этникалық тәрбиенің ерекшелігін түсіндіріп, адамгершілік тәрбиесінің мәні мен мағынасын негіздеңіз.

Этникалық тәрбие – бұл отбасындағы, рудағы,тайпадағы тәрбие,жеке алғанда да, тұтас алғанда да бұл – халықтық тәрбие.

Белгілі ғалым Г.Н.Волков тұжырымы да осыған сәйкес, сонымен қатар ол «этникалық» және «халықтық» терминдерін синоним ретінде қолданады.Халық педагогикасына қарағанда халықтық тәрбие біртекті деген Г.Н.Волковтың пікірі әдіснамалық тұрғыда бағалы болып табылады.Халық педагогикасы мен халықтық тәрбиенің, тәрбие саласындағы идея мен объективті шындықтың, педагогикалық ой мен тәжірибенің арасында тікелей, біржақты сәйкестік болмайды.Бұдан келесі қорытынды жасауға болады: халық тәрбиесі - өмір, тәрбие саласындағы шындық, педагогикалық тәжірибе, халық педагогикасы – идея, педагогикалық ой – пікірлер.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген. Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады .

Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.

Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.

Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.

Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.

19. Ұлттық тәрбие туралы К.Д. Ушинский ілімінің мағынасы мен мәнін түсіндіріңіз.

Этникалық педагогика өзінің теориялық бастауын класиикалық педагогикадан алады, оның көрнекті өкілі ретінде Я.А. Коменский алынады, ол еңбекшілер отбасындағы тәрбиенің тәжірибесін жинақтай және оған сүйене отырып, «аналар мектебі» теориясын ұсынды. Я. А. Коменский бойынша, анат тілі барлық бастаулардың негізі болып табылады. Ол мектептегі ана тілін халықтың ұлттық өзіндік санасын және ұлттық мәдениетінің дамуын арттырудың жолдарының бірі ретінде санады. «Табиғилық» принципін негіздеуде де ол халықтың тәжірибесіне сүйенген. Я.А. Коменский бойынша пансофиялық мектептегі білім берудің мазмұны: халықтың ауызекі шығармашылығынан алынған адамгершілік тақырыптарына құрылған әңгімелер; жұмбақтарды шешу бойынша жарыстарды өткізу; халықтың әдет-ғұрыптарын, оның өткенін, дамуының тарихи жолдарын зерттеу болды. Я.А.Коменскийдің мектептегі ана тілі туралы идеясы әрі қарай орыс педагогикасының классигі К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде шағармашылықпен дамыды, К.Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесінде орыс классикалық педагогикасының негізгі белгілерін жүзеге асырды және халықтық принцпін негіздеді.

К.Д. Ушинский саралаушылық тұрғыда халықтық принципін: 1) педагогика ғылымындағы халықтық принципі; 2) тәрбиедегі халықтық принципі сияқты екі принцике бөліп қарастырды. Осы аталған принциптерге ерекше зейін аударып: «Ғылым тәрбиемен араласпауы қажет» деп ой түйді. Ол барлық халықтар үшін ортақ, алайда, барлық халықтар мен барлық адамдар үшін өмірдің мақсаты мен нәтижесі болып табылмайды.»

Профессор Д.О. Лордкипанидзе атап көрсеткендей, педагогикадағы халықтық принципін К.Д. Ушинский : 1) орыс педагогика ғылымы орыс халқының тәрбие мақсаттырн, оның экономикалық, қоғамды-саяси және мәдени-ағартушылық мүдделерін бейнелеуі қажет; 2) орыс педагогика ғылымы дербес болуы керек, яғни басқа елдердің педагогикалық теорияларының жағымсыз әсерінен еркін болуы тиіс деген екі қағида бойынша құрады. Ұлы педагогтың осы идеялары, әсіресе қазіргі кезде өзекті болып саналады, себебі қазір қазақ халқының тәрбиелік мақсаттарын , идеалдарын көрсетуге бағытталған қазақ этникалық педагогикасының негіздері қаланған кезде оның өзекті болуы заңды құбылыс.

Халықтық принцпі ретінде, халықтың өзінің ұлттық «Менін» сақтауға ұмтылсын және оның қоғамдық экономикалық өмірдің барлық салаларында алға қарай дамуына ықпал етуге ұмтылсын түсіндіре отырып , К. Д. Ушинский: «Халықтық рухы жоқ халық – жаны жоқ дене сияқты , оған тек бұзылу зңына сүиеніп, өзіндік беинесін сақтаған басқа денелерде жоғалк ғана қалады»,- деп жазды Біздің пікірімізше , Ушинскийдің халықтық принцпі: 1) Жетілген адамның идеалында көрінген ұлттық «мен» а) өзіндік сана ә) тіл б) мінез : 2) Өзіндік беинесі: 3) Сабақтастық: а) тарихи б) мәдиниет в) халық. 4) Халықтың бірлігі ( бұрынғы, қазіргі және болашақты ұлы тарихи тірі бір тұтасқа біріктіру) сияқты құндылықтарды сақтауға деген ұмтылыспен сипатталады.

Осылайша К Д Ушинский ұсынған халықтық принцпін қазіргі заманғы қазіргі заманғы тәрбиеде жүзеге асыру, өзінің өзектілігін жоғалтпаған оның: 1) « барлық халықтарға арналған халық тәрбиесінің жалпы жүиесі тәжірбиеде ғана емес, сонымен бірге теорияда жоқ»; 2) Әрбір халықтың өзінің ерекше ұлттық тәрбие жүйесі бар, сондықтан бір халық тың басқа халықтың тәрбие жүйесін иелену мүмкін емес»; 3) «Басқа халықтың үлгісі боиынша өмір сүрудің мүмкін болмайтыны сияқты, ол үлгі қаншалықты қызықты болсада, бөгде педагогикалық жүйе бойынша тәрбиелеуге болмаиды. Әрбір халық осы істе өзіндік күштерін салуы керек», - деген қағидаларын басшылықа алуды талап етеді.

К.Д.Ушинский дің сенімі боиынша, адамның қалып тасуындағы орталық буынды ана тілі алуы керек, себебі «баланы халықң тілінде баули отырып, біз оны халықтың оиына, халықтың сезіміне, халықтың өміріне, халықтың рухына енгіземіз» К.Д.Ушинскийдің теориясының негізгі қағидасы: «балаларды ана тіліне оқытпау- яғни, халық үшін бөтен адамдарды даиындау».

К. Д.Ушинскийдің халықтық принцпінің негізі «әлуметтену» принцпіне (қарапаиым халықтың, жұмысшылардың,зиялы қауымның ақсүиектердің, баилармен билердің балаларын тәрбиелеу) және «этникалық» принцпіне ( Қазақтарды, орыстарды тәрбиелеу яғни алуан түрлі этникалық қауымдастық түрлерін тәрбиелеудің ерекшеліктерін ескеру) «сұрыптауды» білдіреді. Шынаиы өмірде «әлуметтену» және «этникалық» ұғымдар өзара диялектикалық бірлкте дамиды, яғни олар өзіндік ерекшелігін жоғалтпаи, бір бірімен тығыз байланыста болады. Этнопедагогиканы зерттеушілер үшін, К.Д.Ушинскийдің:

- Ғылым өз саласына жалпы адамзаттың ойлау заңдары бойынша әділ және шынайы тұжырымдарды қабылдайтын болғандықтын да ғылым;

- Жалпы адамзаттың ойлауының заңдары бойынша әділетті болып саналатын тұжырымдарды өзінің саласына қабылдайтын ғылым;

- Әрбір білімді халық ғылымды барлық халықтар үшін шындықпен байытатын болса, ғылымда оның ерекше мәні болады;

- Адамның халықтық идеалы осы ғасырға қатысты ғана жақсы болып саналуы мүмкін, - деген ұстанымдары әдіснамалық тұрғыдан маңызды.

К.Д Ушинскийдің халықтық принципін профессор Д.О. Лордкипанидзе, жан-жақты алғаш зерттеген. Ол:

- Орыстың ұлттық тәрбие жүйесі үшін күресе отырып, ол аталған жүйені тек Ресей үшін құрмады, ол басқа халықтарға білім беруде қолдану және шығармашылықпен қайта құру үшін ұсынды. Ол үшін басты нәрсе – ұлттық жалпы сенім болады, К.Д. Ушинскийдің жалпы теориясына сүйене және барлық педагогтар оның үлгісін қолдана отырып, өзіндік ұлттық – украин, грузин және басқалар – ағарту жүйелерін құра алар еді;

- Ең алдымен, орыс халқына қатысы бар, жетекші және әмбебап педагогикалық принцип ретінде саналатын халықтық принципі, алайда, ғылыми принцип ретінде, барлық әлеуметтік құрылымдарға, халықтарға, ұлттарға жетістікпен ауыса алады және қолданылуы мүмкін, - деген жалпы адамзаттық, жалпы педагогикалық зор мәні бар маңызды тұжырымдар жасайды.

Осылайша К.Д Ушинский педагогика ғылымы мен тәрбиеде халықтық принципін сұраптау идеясын ұстана отырып, халықтық тәрбиенің мақсатын дәл белгіледі, оның нағыз халыққа тән қайталанбас мәнін айқындады, соған байланысты, ол ғылымның нақты халықтың тәрбие мақсаттарын анықтай отырып, басқа елдердің педагогикалық теорияларының жағымсыз әсерінен еркін болуын атап көрсетеді. Осыған орай, педагогика ғылымның түп-тамырымен байланысты бола тұрып, адамзат үшін жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделе отырып, қазақ этнопедагогикасының өзіндік бейнесі бар, себебі оның зерттеу пәні – тарих, тіл, мәдениет, өмір жағдайларымен негізделген, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар қазақ этникалық тәрбие жүйесі болып табылады.

Кейінірек олардың идеялары мен тәжірибесіне сүйене отырып, В.А. Сухомлинский толыққанды түрде халықтық принципін ғылыми жағынан негіздеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]