- •1.Патологиялық физиология пәніне анықтама.Патологиялық физиология пәнінің міндеттері:
- •2.Денсаулық.Денсаулық ұғымына анықтама беру.
- •3.Аурудың жіктелуі.
- •4.Ауру туралы түсінік.Патологиялық (реакция,процесс,күй)
- •7.Аурудың ақыры.Клиникалық және биологиялық өлім.
- •8.Этиология туралы түсінік.Аурудың алдын алуда және емдеуде этиологияның маңызы.
7.Аурудың ақыры.Клиникалық және биологиялық өлім.
Өлім-организм тіршілігінің тоқтауы.Клиникалық өлім - көрінетін өмір белгілері (жүрек қызметі, тыныс алу) білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Бірнеше минутқа созылып, тіршілік қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайтын биологиялық өліммен алмасады. Клиникалық өлім тынысалу және қанайналымының тоқталуымен сипатталады, бірак бүл өзгерістер бірнеше минуттай (ми қыртысының тіршілігі сақталғанша) қайтымды болады. Клиникалық өлім агониядан (жанталас кезеңінен) басталады (грекше: agon - күрес. жанталас). Ол гомеостазды қамтамасыз ететін жүйелер жұмысының терминальдық (ақтық) кезеңдегі үйлесімсіздігін бейнелейді (аритмия, сфинктрлердің паралич, құрыспа (судорога), өкпенің сусіңрділенуі. Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішіндеклиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды.
Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген. Бұны клиникалық өлім деп атайды. Бұл кезде тыныс алу, жүрек соғысы, шартты және шартсыз рефлекс байқалмайды, клиникалық өлім 5 – 8 минутқа созылады. Организмді тірілту үшін ең алдымен қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасалынады. Сондай-ақ, қан құю, жүректі электрмен дефибрилляция жасау шаралары да жатады. Организмді тірілтуге бағытталған негізгі шаралар түріне қарай жүрек-өкпелік, жүректік, тыныс алу реанимациясы деп бөлінеді. Клиникалық өлімнен ағнаны тірілту неғұрлым ерте (8 минуттан) басталса және қолдан тыныс алдыру мен жүрекке массаж дұрыс жасалcа нәтижелі болады.Бұрын ауырмаған адам кенеттен не кездейсоқ себептерден (мысалы, электр тогы соққанда, наркоз көп мөлшерде берілсе, әр түрлі себептермен жүрегі тоқтап қалғанда, т.б.) клиникалық өлімге ұшыраған жағдайда, ағнаны тірілту жиі қолданылады. Адам ұзақ ауырып, оның ағзасындағы тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.) қайтымсыз өзгерістер байқалса,
организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады. Биологиялық өлім организм тіршілігінің қайтымсыз өзгерістерімен және аутолиздік процестердің басталуы-мен сипатталады. Дегенмен клеткалар мен тканьдер бір мезгілде өлмейді.
8.Этиология туралы түсінік.Аурудың алдын алуда және емдеуде этиологияның маңызы.
Этиология-бұл аурудың себептері мен п.б жағдайлары туралы ілім.Грекше «aitio»-себеп, «logos»-ілім деген сөзден шыққан.Аурудың п.б себептері мен жағдайлары туралы жалпы ілім тек XX ғасырда жасалды. Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, температура, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық себептердің қатарына физ., хим., биол., әлеум. және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. Аурулардың пайда болуының негізгі себебі организмнің ерекшелігіне байланысты, ал әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың дамуына ғана әсер етеді. Сондықтан Этиология мәселесі сыртқы және ішкі ортамен тығыз байланыстыра отырып, адам организмінде туа және жүре пайда болатын күрделі физиол. өзгерістермен ұштастырыла зерттеледі.
9.Монокаузалистердің негізгі ережелеріне сипаттама беру.
Организмге себеп факторларының біреуінің әсер етуі ауру туғызады.Этиологиядағы мұндай бағытты монокаузализм (латынша Causa-себеп) д.а.
10.Кондиционализм ережелеріне жалпы сипаттама
Кондиционализм (Conditio-жағдай)-қолайсыз жағдай.Кондиционализм теориясын жақтаушылар аурудың п.б негізгі этиологиясы-қолайсыз жағдай д.е.Олар ауру тудыратын себептерді теріске шығарды.Олар былай деп топшылады: патогенді факторлардың әсерінен п.б ауру «лабораториялық» ойдан шығарылған нәрсе,тек малды күтіп бағу жағдайын өзгертсе болды,ауру оларға дарымайды.Мәселен кондиционализмнің көрнекті өкілі,неміс патофизиологы Ганземанның пікірінше,туберкулез процесінің өршуі үшін тек жағдай керек,сондықтан ол туб-з таяқшасы туб-з ауруын тудырады дегенді бекерге шығарды.Сонымен кондиционализм өкілдері аурудың п.б сыртқы ортаның факт-на субъективті баға беріп,организмнің өз рөлін теріске шығарды.
11.Конституционализмге жалпы сипаттама
Конституционализм-конституциясының кемістігі. Конституционализм-этиологиядағы ағым.Бұл бағыттың өкілдері ауру негізі мал конституциясының беріктігі деп топшылады.Олар аурудың п.б сыртқы орта факторларының рөлін теріске шығарды.
12.Этиологиялық факторлардың жіктелуі
Сыртқы ортаның ауру тудыратын факторлары мех-қ,физ-қ,хим-қ және биол-қ б.б.Тегі және мех-і жағынан алуан түрлі осындай ауру тудыратын факторлар нақты жағдайда малдың тіршілік етуін жүзеге асырады.
13.Ауруды тудыратын жағдай мен себептерді диалектикалық тұрғыдан түсіну.
Ауру себептерін орг-ң өзінде туа біткен н/е бүкіл өмірінде жүре п.б ішкі (эндогендік) және организмге айналадағы (экзогендік) әлемнен әсер ететін-сыртқы деп шартты түрде бөледі.
14.
15.Жарақаттан талықсу.Оның даму механизмдері.
Талықсу — адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.Аяқтың,іштің,кеуденің ауыр жарақатынан талықсу п.б.Талықсу: ауырту (экзогендік:жарақаттан,күйіктен,үсуден,тоқ соғудан,операциядан);эндогендік:кардиогендік,нефрогендік,асқорыту орг-ғы ауру кезінде)),гуморальдық(гемотрансфузиялық,анафилактикалық) және психогендік.
