- •1.Патологиялық физиология пәніне анықтама.Патологиялық физиология пәнінің міндеттері:
- •2.Денсаулық.Денсаулық ұғымына анықтама беру.
- •3.Аурудың жіктелуі.
- •4.Ауру туралы түсінік.Патологиялық (реакция,процесс,күй)
- •7.Аурудың ақыры.Клиникалық және биологиялық өлім.
- •8.Этиология туралы түсінік.Аурудың алдын алуда және емдеуде этиологияның маңызы.
1.Патологиялық физиология пәніне анықтама.Патологиялық физиология пәнінің міндеттері:
Патологиялық физиология гректің «pathos»-зардап шегу,ауру және «logos»-ілім деген сөздерінен шыққан.Пат.физ.-ауру орг-гі функц-қ өзг-ді және пат-қ проц-ң пайда болуының,туындауының барысы мен өтуінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Пат.физ жалпы міндеті: пат-қ проц-ң дамуының жалпы заңд-н айқындау,аурудың п.б және патогенезін зерттеу.Патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.
2.Денсаулық.Денсаулық ұғымына анықтама беру.
Денсаулық-бұл организмнің қалыпты күйі,онда құрылым мен функция бір-біріне сәйкес келеді,ал реттеуші жүйенің ішкі ортаны тұрақты ұстап тұратын қабілеті болады.Осип Сергеевич Глозман денсаулыққа мынадай анықтама берді: «Денсаулық-бұл берік өмірлік процесс,ол филогенез проц-де организм мен ортаның өзара әрекеттесу нәтижесі,қысқаша айтқанда,тіршілікті филогенетикалық қамтамасыз ету». «Денсаулық- бұл аурудың және дене кемістігінің жоқтығы ғана емес,дене мүшесі мен әлеуметтік жағдайының толық қолайлы болуы».Денсаулық-клеткалардың үйлесімді құрылымы және олардың байланысы,сондай-ақ олардың тұтастай организм пайдасы үшін қызмет етуі.
3.Аурудың жіктелуі.
Жұқпалы аурулар(инфекциялық) — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді.Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады.Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар.Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер.Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді.Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.Инвазиялық аурулары — эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы — гельминтоздар. Олардытрематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасындафасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы — фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады.Дикроцелиоз— малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор-параксилол, гетолин беріп(дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар — эхинококкоз, ценуроз,цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой,сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы — тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар),саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері — малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин, беренил, диамидин, т.б. препараттарын егеді.
Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
