Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалдар кедергісі,дәрістер конспекті.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.65 Кб
Скачать

5 Тарау Иілу § 1.5 Негізгі түсініктер. Көлденең күші Qy. Ию моменті Мх.

Сырықтың өсінің қисықтығы өзгеретін кедергінің түрі иілу деп аталады.Түзу иілуге ұшыраған түзу сырық арқалық деп аталады.

Арқалық қозғалмайтын табанымен әртүрлі тіреулер арқылы қосылады. Жазық иілу кезінде тіреулердің келесі түрлерін айырады:

- Қозғалмайтын –шарнирлі (В) және жылжымалы - шарнирлі (С) тіреулер

-Қатаң бекіту

5.3 суреті

Тіреулердің реакциялары тепе-теңдік шарттарынан анықталады.

Арқалықтың көлденең қималарындағы ішкі күштер екі ішкі күштер факторлеріне келтіріледі – көлденең күші Qy және ию моменті Мх.

- Арқалықтың берілген қимасындағы көлденең күші Qy қиманың бір жағынан арқалықтың деформацияланбаған өсіне перпендикулярлық әсер ететін сыртқы күштердің алгебралық қосындысына тең.

Qy үшін таңба ережесі :

5.4Суреті

- Арқалықтың берілген қимасындағы ию моменті Mх қиманың бір жағынан әсер ететін сыртқы күштерінің қима салмақ центріне қатысты моменттерінің алгебралық қосындысына тең.

Mх үшін таңба ережесі :

5.5Суреті

Көлденең күші Qy, ию моменті Мх және бірқалыпты таралған күштің таралуы q араларында келесі дифференциалды тәуелдіктер орындалады:

, (5.1)

Арқалықтың ұзындығы бойымен Qy және Мх –тің өзгеруін көрсететін графиктер Qy және Мх-тің эпюрлері деп аталады. Эпюрлер сырықтың өсіне параллель базалық түзулерде салынады, эпюрдің ординаттары базалық түзуге перпендикуляр, оңтаңбалы ординаттар базалық түзудің бір жағынан, теріс таңбалы ординаттар –екінші жағынан.

Шешілген есептер талдап шешуді тексеретін келесі қорытынды шығару болады :

- бірқалыпты таралған күш әсер ететін аралықтарда көлденең Qy күштің эпюрі көлбеу түзуімен шектелген, ал ию Мх моменттің эпюрі – 2-і деңгейдегі қисық сызығымен.Күштің таралуы тұрақты болса, Qy эпюрін шектейтін түзуінің еңіс бұрышы тұрақты. q шамасы өзгергенде еңіс бұрышы да өзгереді (5.2есебі);

- егер арқалықтың аралығында таралған күш жоқ болса, онда ол аралықта qy = const, ал Мх сызықты заңымен өзгереді;

- егер арқалықтың аралығында Qу = 0 болса, ондай аралықта Мх – тұрақты шама;

- егер берілген қимада Qу = 0 болса, онда ол қимада Мх эпюрінде экстремум болады;

- қадалған күш әсер ететін қимаға қарсы Qу эпюрінде әсер ететін күшке тең кенет өзгеріс байқалады, Мх эпюрінде әсер ететін күштің бағытына қарсы бұрылыс байқалады;

- моменті М0 қос күші әсер ететін қимаға қарсы Мх эпюрінде шамасы әсер ететін моментке тең кенет өзгеріс байқалады. Qу эпюріне бұл жағдайда ешқандай өзгеріс болмайды;

- қарапайым арқалықтарды шарнир арқылы қосумен құрылған құрама арқалықта шарнирлі қимадағы ию моменті нолге тең;

- Qy > 0 аралықтарында, ию моменті Мх өседі, егер Qy <0 болса, онда Мх – кемиді (солдан оңға қарай).

§ 1.6 Рамалардағы ішкі күштер факторлерінің(ікф) эпюрлері

Өзара қатаң бекітумен қосылған түзу сырықтардан құрылған жазық конструкция рама деп аталады.

Егер сыртқы күштер раманың жазықтығында әсер етсе , сырықтарының көлденең қималарында үш ІКФ пайда болады :

- бойлық күші N;

  • көлденең күші Q;

  • ию моменті М.

N, Q және М-ді анықтайтын ережелер орталық созылу-сығылу (N) және иілу (Q және М) дегі дей.