- •1 Тарауы Орталық созылу және сығылу § 1.1 Негізгі түсініктер және анықтамалар
- •§ 1.2 Созылу және сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған жүйелер. Температуралық және монтажды факторлерді ескеру.
- •1.Есептің статикалық жағы (е.С.Ж).
- •2. Есептің геометриялық жағы (е.Г.Ж).
- •3. Есептің физикалық жағы (е.Ф.Ж).
- •4. Синтез.
- •2 Тарау жазық қималардың Геометриялық сипаттамалары § 1.3 Негізгі түсініктер
- •1.3.2 Бұралу кезіндегі беріктік шарты
- •1.3.3Бұралу кезіндегі қатаңдық шарты
- •2 Тарау Бұралу Негізгі түсініктер.Бұралу кезіндегі кернеулер мен орын ауыстырулар. Беріктікке және қатаңдыққа есептеу
- •1.3.1Дөңгелек қималы сырық
- •1.3.4Қимасы дөңгелекті емес сырық
- •4 Тарау Кернеулі күйінің Теориясы (ккт) § 1.4 Негізгі түсініктер. Ккт-ң екі есебі. Беріктік теориялары.
- •5 Тарау Иілу § 1.5 Негізгі түсініктер. Көлденең күші Qy. Ию моменті Мх.
- •5.4Суреті
- •5.5Суреті
- •§ 1.6 Рамалардағы ішкі күштер факторлерінің(ікф) эпюрлері
- •§ 1.7 Иілу кезіндегі кернеулер: тік, жанама, бас. Иілу кезіндегі беріктікке есептеу
- •§ 1.8 Иілудегі орын ауыстырулар
- •1.8.1Бастапқы параметрлер әдісі
- •5.8Суреті
- •1.8.2Мордың жалпы өрнегі
- •1.8.3Эпюрлерді көбейту әдісі
2. Есептің геометриялық жағы (е.Г.Ж).
Берілген конструкцияның деформацияланған күйі қарастырылып, конструкция элементтерінің деформациялары арасында тәуелділіктер анықталады. Анықталған тәуелділіктер деформациялардың сәйкестігінің теңдеулері деп аталады. Ол теңдеулерінің саны статикалалық анықталмаудың s дәрежесіне тең. Есеп шешуінде ескеретін жағдай : жүйенің деформацияланған күйі кернеулі күйге сай болуы керек. Өйткені есептің дұрыс шешімі осы жағдайға байланысты.
3. Есептің физикалық жағы (е.Ф.Ж).
Конструкция элементтерінің деформациялары Гук заңы бойынша белгісіз күштер арқылы көрсетіледі.
4. Синтез.
Физикалық теңдеулер деформациялардың сәйкестігінің теңдеулеріне қойылып, пайда болған тәуелдіктер статика теңдеулерімен бірге шешіледі.
Статикалық анықталмаған жүйе элементтерінің температурасы өзгерген кезінде температуралық деп аталатын қосымша күштер және кернеулер пайда болады.Температура өзгеруінен пайда болатын абсолюттік ұзару келесі өрнекпен анықталады
,
мұнда - сызықты ұлғайтудың коэффициенті,
– сырықтың ұзындығы,
t0 –температураның өзгеруі немесе температуралық фактор.
Температуралық факторды ескерген жағдайда статика теңдеулерін тек күштер үшін құрып, ал жүйе элементтерінің деформациялары күштерден және температура өзгеруінен пайда деформацияларының алгебралық қосуымен анықтайды. Есептеу реті өзгеріссіз қалады.
Статикалық анықталмаған жүйе элементтерінің дайындалған кезінде дәлелсіздік пайда болса, жүйені құрған кезде ол элементтер деформацияланады.Осы кезде монтажды деп аталатын қосымша күштер және кернеулер пайда болады.Монтажды күштерді анықтауының есептеу реті жоғарыда айтылғандай,тек деформациялардың сәйкестігінің теңдеулерін құрғанда дайындаудың белгілі дәлелсіздігі ескеріледі.
2 Тарау жазық қималардың Геометриялық сипаттамалары § 1.3 Негізгі түсініктер
Сырықтың сыртқы күштердің әртүрлі әсеріне қарсыласуы тек көлденең қиманың өлшемдері емес, қиманың күштер әсерінің сызығына қатысты орналасуымен анықталады. Жазық қиманың координат өстеріне орналасуы геометриялық сипаттамаларымен ескеріледі: ауданның статикалық моменті,өстік,полярлық және центрдентепкіш инерция моменттері.
А
ауданының статикалық моменті дегеніміз
(2.1)
мұнда dA –элементарлық аудан,
x, y – элементарлық ауданның координаттары.
Статикалық моменттің өлшемі – ұзындықтың бірлігі үшінші дәрежеде.
Егер xс, yс – ауданның салмақ центрінің координаттары болса, онда А ауданының статикалық моменттері келесі өрнектермен анықталады
Sx = A yc
Sy = A xc (2.2)
Күрделі қима жағдайында қиманың статикалық моменті берілген қиманы құрайтын қарапайым қималардың статикалық моменттерінің алгебралық қосындысына тең.
Жазық қиманың өстік инерция моменті (координат өстеріне қатысты инерция моменттері) дегеніміз:
(2.3)
Жазық қиманың полярлық инерция моменті дегеніміз:
(2.4)
Өстік және полярлық инерция моменттері келесі тәуелдікпен байланысты:
J = Jx+ Jy (2.5)
Центрдентепкіш инерция моменті дегеніміз :
(2.6)
Барлық инерция моменттерінің өлшемі – ұзындықтың бірлігі төртінші дәрежеде.
Е
гер
элементарлық
dA
ауданының өзара параллель
өстерге қатысты координаттары
келесі тәуелдікпен
байланысты болса
онда жазық қиманың өзара параллель өстерге қатысты инерция моменттерінің арасында келесі тәуелдік орындалады:
(2.7)
Егер бастапқы өстері x, y – орталық өстер (салмақ центрінен өтетін) болса,онда (2.7) келесі түрге келеді:
(2.8)
Е
гер
x, y
өстері бастапқы x,
y өстерін
координат басына қатысты
бұрышына
бұрылуымен туса, онда
қиманың жаңа өстерге қатысты инерция
моменттері тең:
(2.9)
Егер жазық қиманың берілген өстерге қатысты центрдентепкіш инерция моменті нолге тең, ал өстік инерция моменттері экстремалды мәніне жетсе, ондай өстер қиманың бас инерция өстері деп аталады.Қиманың әр нүктесінен өзара перпендикуляр екі бас инерция өсі өтеді.
Бас инерция өстерінің жағдайы келесі өрнекпен анықталады:
(2.10)
Бас инерция моменттері келесі өрнекпен анықталады:
