Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.46 Кб
Скачать

3 Билет

1Дайындама кәсіпорындарына өндірістік бағдарламасы Жартылай өнімдер, аспаздық және кондитерлік бұйымдар өндірісі  бойынша қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларына сәйкес дайындау кәсіпорындарының  негізгі типтері келесілер болып табылады: өндіру шикізатының көлемі ауысымына 15; 25 және 40 т болатын картылай    өнімдер   мен   аспаздық   бұйымдар   фабрикасы   -   қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын кешенді қамтамасыз ету үшін дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және  кондитерлік      бұйымдарды      орталықтан      өндіру      бойынша      жоғары механикаландырылған        өндіріс.        Өндірістік        процесс        үзіліссіз- механикаландырылған жолдарды, өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды және тауар қозғалысының алдыңғы қатарлы жүйесін  қолдана отырып, өнеркәсіптік әдіспен жүзеге асырылады; арнайыланған цехтар - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын  қамтамасыз етуге арналған шикізаттың бір ғана түрінен  дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды орталықтан өндіру бойынша жоғары механикаландырылған жеке өндіріс; олардың куаттылығы және өндірістік процесі жартылай өнімдер мен аспаздык бұйымдар шығаратын фабрикалардың соған ұқсас цехтарына сәйкес келеді;  өндіру шикізатының көлемі ауысымына 3; 5 және 10 т болатын жартылай өнімдер мен аспаздық бұйымдар кәсіпорны - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамтамасыз етуге арналған дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдер, дайын тағамдар, аспаздық және кондитерлік бүйымдар жасау бойынша орталықтан өндіру кәсіпорындары. Олардағы өндірістік процесс сериялы түрде шығарылатын машиналар мен механизмдердің, функционалды сыйымдылыктардың, жылжымалы сөрелер мен контейнерлердің қолданылуымен ерекшеленеді.

2 Қоғамдық тамақтану кәсіпорнын өндірістік кәсіпорында, әкімшілік мекемелерде және оқу орындарында жобалау. Студенттердің есептік санын күндізгі бөлімде оқитын студенттердің ең көп мөлшерінен қабылдайды, оған сырттай оқитын студенттердің 10 %-ын қосады. Асханаларды жеке тұрған ғимараттарда орналастырады және оқу ғимараттары  жылы өткелмен жалғастырылады, буфеттер  оқу ғимараттарында орналасады. Жалпы білім беру мектептерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асханалар, кешкі мектептерде буфеттер жобаланады. Асханалар дайындау немесе негізгі кәсіпорындардан жеткізілетін жартылай өнімдермен жүмыс істегені жөн. Асхана бөлмелерінің белгіленуі жалпы мектептік болатын бөлме блоктарында бірінші қабатта орналастырылады және оқу ғимараты жылы өткелмен жалғасады. Таңертеңгі ас бірінші ауысым оқушылары үшін екінші және үшінші үзіліс кезінде, түскі ас пен түстен кейінгі ас ұзартылған топ окушылары үшін сабақтан кейін, түскі ас екінші ауысым окушылары үшін сабаққа дейін қамтамасыз етілетіндей етіп асхана залдарының сыйымдылығы қабылданады. Тамақты түтыну ұзақтығы 15 мин. Жалпы білім беру мектептеріндегі асхананың сыйымдылығы 1000 оқушыға 350 орын деп есептеледі. Бүл жағдайда екінші (қысқа) үзілісте таңертеңгі асты окушылардың бір тобы, ал екінші (ұзақ) үзілісте екі топ тамақтанады.Кәсіптік-техникалық оқу орындарының және арнайы оқу орындарының оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асханалар жобаланады.

3. Кинотеатр мен театрларда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қандай типтері болады Қоғамдық тамақтандыру кэсіпорындарын жобалауда техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) келесі бөліктерден құралады. 1. Жүйе дамуының есепті нормативтарына сәйкес кәсіпорын салу қажеттілігін негіздеу. Коғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау үшін мына мәселелер жан-жақты зерттеледі: жоспарланған кұрылыс ауданы, оны мекендейтін халық саны; жобаланып отырған кәсіпорын аумағында жумыс атқаратын мекемелер жүйесі. Қажетті орын саны түрлі көлемдегі қалалардың 1000 түрғынына арналған орын нормалары негізінде есептеледі. Өнеркәсіп өндірістер, мекемелер мен оқу орындыры маңында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау кезде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жүйесінің үйымдастыру-экономикалык сипаттамасы, жүмыскер (оқушы) саны, ауысымдар бойынша жумыс істеу тәртібі және т.б. келтіріледі. Қажетті орындар санын 1000 жұмыскердің (оқушының) орын нормативін ескере отырып есептейді. Ауданның сипаты мен құрылыс орнын тандау. Құрылыс орнын таңдау кезде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын орналастыруға крйылатын жалпыталаптарды ескеру қажет: қоғамдық тамақтандыру кэсіпорындарын түтынушыға жақындату, оларды көпшілікхалық жүріп- түратын жерде орналастыру; неғүрлым аз уақытта тамақ сатып алуды қамтамасыз ету; аспаздық өнімдермен қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне халық сұранысын қанағаттандыру.