Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

2 Билет

1Дайындамаларды жетілдіру  кәсіпорындарына қандай типтер жатады Дайын өнімдермен дайындау кәсіпорындарын жабдықтау кезінде өнімдердің сақталу ұзақтығын ұзарту керек. Сондықтан дайын өнімді 75-800С – тан 0-40С-қа дейін 1,5 сағат аралығында тез салқындату қажет. Бұндай салқындатулар сиымдылығы  100 кг-дық қарқынды суыту шкафтарында жүргізіледі. Осындай шкафтардың қажетті мөлшерінің есебін мына формула бойынша анықтаймыз: n=G/(E φ).мұндағы, G- салқындатылатын өнімнің массасы, кг; E- салқындату шкафының сиымдылығы, м3;  φ- ауысымдағы шкафтың айналымы. φ = T/tc,мұндағы, T – жұмыс істеу уақытының мерзімі, сағ;  tc – суыту мерзімінің ұзақтығы, сағ.Дайын тағамның 1 порция көлемі:V1=ξ/ρ, мұндағы , ξ - бір порцияның массасы, кг;  ρ - берілген тағамның тығыздығы, кг/дм3

. 2 Қоғамдық тамақтану кәсіпорнын жобалау және оларды орналастыр- ұстанымдары. Жобалау дегеніміз өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі, оны атқару нәтижесінде ғимараттар мен кұрылымдар (ғимаратгар) тұрғызу немесе қайта құрастыру үшін техникалық құжаттама жасалады. Жоба жасау - ғылыми зерттеулер мен оларды халық шарушылығына ендіру арасында орын алатын байланыстырушы бөлім.

Жоба дайындау процесіне жобалау, ізденіс және кешенді жоба - ізденіс мекемелерінің (институттар, трестер және құрастыру бюролары) жоғары білікті мамандары тікелей қатысады.

Жобалау жұмыстарының негізі бөлігін бас жобалаушы аталатын мекеме жүргізеді. Жобаның жеке бөліктерін жүзеге асыру үшін бас жобалаушы келісім-шарт негізінде мамандандырылған жобалау мекемелерін жұмысқа тартады.

Әр жобаланушы кәсіпорын бойынша жауапты тұлға бекітіледі - бас соулеткер немесе бас инженер, ол жобаның түрлі бөліктерін байланыстарады, жобаның аякталу мерзіміне, сапасына, техникалық деңшейіне, тиімділігі мен нормаларға мэйкес болуына жауап береді.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары ғимараттарының жобалары олардың даму жэне жүйелі орналасу схемаларын бекіту негізінде қүрылыстың І-ші  типтік жобалар, эксперименттік құрылыс жобалары, сонымен қатар, ірі кәсіпорындардың жеке жобалары, эдістемелік және нормативті кұжаттар дайындаумен айналысады. Кәсіпорын, ғимарат және құрылым қала ішінде орын алса, жобалаушы мекемеге әлеуметтік-жоспарлау тапсырма, сондай-ақ, бөлімшенің құрылыс жэне техникалық төлқұжаты беріледі. Техникалық төл құжатта құрылыс ауданында жүргізілген инженерлік және экономикалық ізденістердің нәтижелелері келтіріледі.

3Пансионаттарда, санаторияларды, демалыс үйлерінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қандай типтері болады Демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер (автотуристерге арналған қонакүйлер), кемпингтер (автотуристерге арналған лагерьлер), туристік базалар мен паналар және жазғы демалыс қалашықтары жанында асханалар қарастырылады. Демалыс үйлері асханаларының зал сыйымдылығы орын айналымы бір рет болатындай есеппен демалушыларды тағаммен 100% қамтамасыз ету керек; қалған демалыс мекемелеріндегі асханалардың зал сиымдылығы орын айналымы екі рет болатындай демалушылардың 50%-ына сәйкес келуі керек. Асханада өзіне-өзі қызмет көрсету қарастырылады, бірақ кейде тапсырысқа сәйкес даяшылармен қызмет көрсетіледі. Турбазаға қарасты асханаларда жорыққа шыгатын туристерге құрғақ азықты жіберу орны болу керек. Дсмалушылар үшін асханадан басқа буфеттер, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге арналған асхана жобаланады. Бүл асхана залының сыйымдылығы орындар айналымы терт рет болатындай жүмыскерлері ең көп ауысымда жұмыс істейтіндердің тамақтануын қамтамасыз ету есебінен анықталады.