Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.46 Кб
Скачать

1 Билет

1.Дайындау  кәсіпорындарына қандай типтер жатады Қоғамдық   тамақтандырудың   дайындау   кәсіпорындары   жартылай өнімдер өндіруге, дайын тағамдар, аспаздық жэне кондитерлік бұйымдар дайынауға арналған.  Жартылай өнімдер, аспаздық және кондитерлік бұйымдар өндірісі  бойынша қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларына сәйкес дайындау кәсіпорындарының  негізгі типтері келесілер болып табылады: өндіру шикізатының көлемі ауысымына 15; 25 және 40 т болатын картылай    өнімдер   мен   аспаздық   бұйымдар   фабрикасы   -   қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын кешенді қамтамасыз ету үшін дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және  кондитерлік      бұйымдарды      орталықтан      өндіру      бойынша      жоғары механикаландырылған        өндіріс.        Өндірістік        процесс        үзіліссіз- механикаландырылған жолдарды, өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды және тауар қозғалысының алдыңғы қатарлы жүйесін қолдана отырып, өнеркәсіптік әдіспен жүзеге асырылады; арнайыланған цехтар - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын  қамтамасыз етуге арналған шикізаттың бір ғана түрінен (еттен, балыктан, құстан, көкөністен және картоптан) дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды орталықтан өндіру бойынша жоғары механикаландырылған жеке өндіріс; олардың куаттылығы және өндірістік процесі жартылай өнімдер мен аспаздык бұйымдар шығаратын фабрикалардың соған ұқсас цехтарына сәйкес келеді;  өндіру шикізатының көлемі ауысымына 3; 5 және 10 т болатын жартылай өнімдер мен аспаздық бұйымдар кәсіпорны - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамтамасыз етуге арналған дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдер, дайын тағамдар, аспаздық және кондитерлік бүйымдар жасау бойынша орталықтан өндіру кәсіпорындары.

2  Жобаның техникалық экономикалық негіздемесі Жобаға дейінгі кезеңде экономикалық және техникалық ізденістер жүргізіледі. Бұл кезеңде мына мәселелер зерттеледі: жоспарланған құрылыс ауданы; оның жаграфиялық орналасуы; қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының бар болуы; болашақта қоғамдық тамақтандыру қызметінің халыққа қажетгілігі; шикізат, сонымен қатар, отын, электр қуаты, су, газбен қамтамасыз ету көздері.Технико-экономикалық негіздеуде (есептеуде) құрылыстың сметалық бағасы келтіріледі және кәсіпорынның экономикалық тиімділігі мен шаруашылық қажеттілігіне жалпы баға беріледі, ТЭНнің (ТЭЕ) пайдалану мерзімі - 2 жыл, ал ірі және күрделі кәсіпорындар үшін 3 жылды құрайды.

3 Жоғары оқу орындарында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қандай типтері болады Жоғары оқу орындарының ауласында орналасқан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы орындардың жалпы саны күндізгі бөлімдегі студенттердің есептік санының 20%-ын құрау керек. Жеке кәсіпорындағы орындар санының (студенттердің % есептік санынын) арасында келесідей қатынас болады:

Асханалар: студентгер және қызмет етушілер үшін \ з

профессорлы-окытушылар кұрамы үшін і диеталык 13 1 2

Буфетгер: студенгтер үшін 3

профессорлы-окытушылар кұрамы және қызмет етушілер үшін 3 1

Барлыгы 20

Студенттердің есептік санын күндізгі бөлімде оқитын студенттердің ең көп мөлшерінен қабылдайды, оған сырттай оқитын студенттердің 10 %-ын қосады. Асханаларды жеке тұрған ғимараттарда орналастырады және оқу ғимараттары  жылы өткелмен жалғастырылады, буфеттер  оқу ғимараттарында орналасады. Жалпы білім беру мектептерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асханалар, кешкі мектептерде буфеттер жобаланады. Асханалар дайындау немесе негізгі кәсіпорындардан жеткізілетін жартылай өнімдермен жүмыс істегені жөн. Асхана бөлмелерінің белгіленуі жалпы мектептік болатын бөлме блоктарында бірінші қабатта орналастырылады және оқу ғимараты жылы өткелмен жалғасады.