- •2Сурак.Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік
- •3Сурак, Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •4Сурак. Ф.А. Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
- •5Сурак. Психологиялық тренинг принциптері
- •7СуракТоптық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •8. Топтық психотерапия және гипноз.
- •9Сурак.«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •10Сурак.Топтық психокоррекция ұғымы
- •17Сурак Тренерге қажетті сапалар
- •19Сурак.«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •20Сурак, Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •21Сурак «Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •22Сурак. Топтық тренинг парадигмасы
- •24Сурак.Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •25. Топтық психотерапия ұғымы.
- •26 Сурак.« Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •27Сурак«Жер сілкіну » тренингі
- •32) Тренингтің алтын заңдары
- •36.Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •«Сәлемдесу»
- •37Сурак Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •38Сурак. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •39. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •3.. «Ойлан тап!»
- •4.«Сөйлемді аяқтау»
- •41Сурак Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •43Сурак.Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •44СуракТопқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •49)Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары
- •53Сурак.Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •54Сурак,Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •55Сурак. Тренинг топтарының негізгі түрлері мен классификациясы
- •56. Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •58Сурак Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •59Сурак. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
- •60 Сурак.Тыныс алу жаттығулары
- •66)«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •68Сурак Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •69 Билет
- •70.Жалпы тренингтік әдістер
- •71Сурак.Тренинг топтарының жүргізушісі
- •72 «Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •75Сурак, Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
7СуракТоптық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
Топ әлеуметтік психологияның негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Теория және практиканың пәні ретінде зерттеуге деген қызығушылық жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан басталды. Осы кезеңде психологияның практикалық және теориялық сферасында тренинг ұғымы ене бастады.
Адамдарға қосымша көмек ретінде шет ел психологиясында топтық тренингтер кең қолданыла бастады.
Алғашқы тренинг топтары жаратылыстану саласындағы бірнеше мамандардардың белсенді әрекетімен құрылды (Лиленд Брэдфорд, Рональд Липпитт, Кур Левин). Олар 1946 жылы іскер адамдар мен бизнесмендерді жинап, әртүрлі ситуацияларды онйату арқылы негізгі әлеуметтік заңдарды ашуға тырысты. Қойылған міндеттерді шешумен қатар олардың әрбіреуі кері байланыс көмегімен өзіндік ашылуға және өзіндік санасын түсінуге мүмкіндік алды. 1947жылы Бетел ()Мэн штаты) қаласында тренингтің ұлттық лабораториясы құрылды. Бұл тренинг топтары «Базалық іскерліктер тренинг топтары» деген атпен белгілі болды. Т топтарының негізгі міндеттері тұлғааралық қарым қатынастың негізгі заңдылықтарын, қиын ситуацияларда дұрыс шешімдер қабылдауды басқару іскерліктерін үйрету болып табылды. Кейіннен бұл топтар міндеттері бойынша бөлініп, категриялары анықталды:
Іскерлік топтары (жетекшілерді, іскер адамдарды даярлау);
Тұлғааралық қарым қатынас топтары (отбасы және жыныс мәселесі);
Сенситивтілік топтары (тұлғаның өсуі және өзіндік жетілуіне, шешім қабылдаудағы қиындықты жеіуге бағдарланған топтар).
Топтық психологиямен байланысты «топ эффектісін» пайдаланумен жүргізілген еңбектердің ішінде А.Адлер, К.Левин, Дж.Морено, Дж.Пратта, К.Роджерсті айтуға болады.
Тренинг жөнінде айтқан кезде тұлғаға тұтастай әсер ету, оның өзіндік санасын құрайшларға деген ықпалы туралы сөз қозғалады. Бұл ұстанымдар В.Т.Кондратенько, Д.И.Донский еңбектерінде орын алады.
Психологиялық мәселені осы жолмен шешудегі басымдықтар туралы Кьелл Рудестам былай дейді:
Ортақ мәселесі немесе күйзелісі бар адамдармен кері байланыс орнатуға деген мүмкіндіктер.
Мұнда өзге адамдардың құндылықтары мен қажеттіліктерін қабылдау жүреді.
Топта адам өзін қабылданатындығын және түсіністікке ие болатындығын, сенімге ие болып, өзгелердің өзіне сенімі артатындығын, қамқорлыққа толылықты, көмек пен өзгелерге көмек беруге болатындығын сезінеді.
Топта болып жатырған өзара байланысты бақылай отырып, қатысушылар өздерін өзгелермен ұқсастырады, өзіндік сезімдері мен мінез құлқын бағалау кезінде қалыптасқан эмоционалды байланысты пайдалан алады.
Топ өзіндік зерттеу, интроспекция, өзіндік ашылу процестерін жеңілдете алады.
Топ экономикалық басымдық береді, психологияық әдіс ретінде экономикалық жағынан тиімді болады.
Топтық тренингтің пәні, мақсаты және міндеттері
Тренинг бағдарламасын құру пәні мен мақсатын анықтаудан басталса, ол нақты міндеттерді құрауға мүмкіндік береді.
И.В.Бачков бойынша, тренинг мақсаты қатысушыларға қандай да бір іс әрекетті игеруіне көмектесу. Тренингке қатысушы: осы әрекетті жасағысы келуі, оны қалай жасайтындығын білуі, оны жасай алуы керек.
Тренингтің жалпы мақсаттарының ішінде мынадай негізгілерін бөліп көрсетуге болады:
Топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оны шешуге көмек беру;
Субъективті өзіндік сезінуін арттыру және психикалық денсаулықты бекіту;
Адамдармен үйлесімді тілдесу және тиімді қарым қатынасты орнату үшін тұлғааралық қарым қатынастың тиімді тәсілдерін механизмін, психологиялық тәжірибелерді зерттеу;
Ішкі және мінез құлық өзгерістері негізінде эмоционалды бұзылыстардың алдын алу және түзету үшін қатысушылардың өзіндік зерттеуі және өзіндік санасын дамыту.
Тренинг жұмысының міндеттері бұл аралық мақсат болып табылады яғни, негізгі мақсатқа жету жолында шешілетін нақты мәселелер болып табылады. Сондықтан, кез келген тренингтің мақсатын анықтау кезінде жұмыстың әрбір этапында шешуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылады.
И.В.Бачков әрбір тренингтің нақты мәселесі ретінде мыналарды көрсетеді:
Жаңа іс әрекетке деген позитивті қатынасты қалыптастыру және мотивациялау
Топ мүшелерінің белгілі бір көріністерінің жүйесін қалыптастыру
Нақты іскерліктерді қалыптастыру.
Тренингтің пәні психологиялық мәнін түсінумен тығыз байланысты. Ол маманның кәсіби дүниетанымының нәтижесі болып табылады. Психологиялық білімнің негізгі үш бағытына сүйенеді: гуманистік, мінез құлықтық, психодинамикалық. Тренингтің пәні ретінде қойлған мақсат немесе таңдалған мәселеге қатысты белгілі бір феномендер болып табылады. Осыған байланысты тренер және топ өз зейінін келесі мәселелерге шоғырландыра алады:
Мінез құлық паттерндері, белгілі бір жағдайларда нақты әрекеттерге;
Тұлғалық немесе топтық динамикаға;
Топ қатысушыларының белгілі бір жағдайларына;
Мінез құлықтың когнитивті аспектілері, нақты даңдылар
Қызмет пәні таңдалған мақсатпен тығыз байланысты. Жұмыстың пәні тренингтің атауында немесе әр сабақтың тақырыбында көрініс табады. Мұнда тренер жұмысының бағыты бейнеленеді.
