- •2Сурак.Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік
- •3Сурак, Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •4Сурак. Ф.А. Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
- •5Сурак. Психологиялық тренинг принциптері
- •7СуракТоптық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •8. Топтық психотерапия және гипноз.
- •9Сурак.«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •10Сурак.Топтық психокоррекция ұғымы
- •17Сурак Тренерге қажетті сапалар
- •19Сурак.«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •20Сурак, Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •21Сурак «Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •22Сурак. Топтық тренинг парадигмасы
- •24Сурак.Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •25. Топтық психотерапия ұғымы.
- •26 Сурак.« Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •27Сурак«Жер сілкіну » тренингі
- •32) Тренингтің алтын заңдары
- •36.Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •«Сәлемдесу»
- •37Сурак Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •38Сурак. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •39. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •3.. «Ойлан тап!»
- •4.«Сөйлемді аяқтау»
- •41Сурак Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •43Сурак.Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •44СуракТопқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •49)Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары
- •53Сурак.Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •54Сурак,Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •55Сурак. Тренинг топтарының негізгі түрлері мен классификациясы
- •56. Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •58Сурак Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •59Сурак. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
- •60 Сурак.Тыныс алу жаттығулары
- •66)«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •68Сурак Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •69 Билет
- •70.Жалпы тренингтік әдістер
- •71Сурак.Тренинг топтарының жүргізушісі
- •72 «Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •75Сурак, Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
58Сурак Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
1. Тәжірибе көрсеткендей психолог ертелі-кеш тренинг таптың жүргізушісі болуды байқап көреді. Бұл жағдайда дайын схема немесе сценарийге жүгінуге болады.
Топтық тренинг жұмысының мазмұны тренердің тұлғасына байланысты. Осыдан шығатын қорытынды - әр тренинг тренердің құруына байланысты болады.
Негізі тренинг тақырыпты анықтаудан бастап құрылады. Ол, әрине, топ құрамына, уақытқа, нақты талқыланатын прблемаға байланысты болады.
Тренингті ұйымдастыру процесі көптеген еңбек көздерінен көруге болады. Тек ондағы ескеретін жағдай ол сол тренер құрған, қайталанбас нұсқасы болып табылады. Егер тәжірибеге сүйену керек болса, мына авторлық программалардан бастап танысқан жөн:
И.В.Бачков, А.Г.Лидере, Г.И.Марасанов, Б.М.Мастеров және т.б.
2. Тренингті кеңістікте ұйымдастыру туралы айтқанда қатысушыларадың қалай орналасатыны туралы көрсетіледі. Тренингті ұйымдастыруда көбінесе шеңбер болып отырады. Шеңбер қатысушыларды бір деңгейде орналастырып, барлығын бір-бәіріне бетпе-бет қарауға мүмкіндік береді., бірақ мысалы, бизнес-тренингтерде шеңбер қолданбауға болады.
Тренер тренингті ұйымдастыруда қатысушыларға қойылған мақсатқа байланысты кеңістікте өзгерістерді енгізуіне болады:
әр қатысушының ішкі әлемімен жұмыс жасай отырып, олардың кеңістікте ыңғайлы орналасуын қадағалайды.
Проблемаларды Қазір және осында жүзеге асыруы үшін кеңістікке арнайы жағдай туғызады.
3. Егер топтық тренингті ұйымдастырудың маңызды аспектілерін көрсетсек, мыналарды айтуға болады:
А) тренердің біліктілігі қойылған мақсат пен міндетке сәйкестігі;
Б) бөлменің барлық нормаларға сайц келуі (санитарлы, техникалық)
В) бір топта жұмыс жасай алатын адамдар тобының құрылуы
Г) тренинг бағдарламасының дұрыс құрылуы.
Ясвин В.А. білім беру саласындағы тренингті ұйымдастыруда «режим» түсінігін қолданды, яғни, әлеуметтік психологиялық тренинг үшін 1 аптаға созылатын (30 немесе 36 сағат) кіүніне 6 сағат сабақ өткізуге болады, бұл кезде оқытушылар каникул кезінде келеді және оқытушылармен 3 күндік демалыс күнінде 10 сағатқа созылатын тренинг-марафон жүргізуге болады. Оның ойынша, ең тиімдісі 30 сағат апталық тренинг және олар «кездесу топтары» болып айына 1 рет кездесіп тұра алады.
59Сурак. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
Санитарлы-гигиеналық нормалар.
Психологиялық талаптар мен техникалық жағдайлар мынаны көрсетеді:
бөлме қолайлы, дыбыстық оқшауланған, өзге адамдар кедергі жасай алмайтын, ауа айналып, тазартылып тұратын болу керек. Әр қатысушыға кем дегенде 5м2 келсе тиімді болады.
Қатысушыларға басқа да іс-шаралар ұйымдастырылған бөлмеге тренингті өткізуге болмайды.
10-15 минуттық үзілістер 1,5-2 сағат сайын болып тұру керек. Жұмысты аяқтау бағдарлама блогінің аяқталуына байланысты болады.
Ал егер балалармен жұмыс жасағанда мына ұсыныстарды қолдануға болады.Топқа ыңғайлы келетін жұмсақ кілем жайылу керек.
Жиһаздың трансформациялануы (орындықтар мн үстелдерді еркін ауыстыруға мүмкіндік).
Жиһаздың аз болуы
әр қатысушыға үстел мен орындық;
тақта (плакат пен флип-чарт ілу үшін);
түрлі түсті қарындаш (фломастар), әр қатысушыға бояу мен қылқалам;
қалың парақтар (А4 немесе А5);
картон карточкалар (9*12см);
мата немесе поролонды матрац;
тьүрлі ойыншықтардың жиынтығы;
Міндетті емес жиһаздар:
теледидар;
видео-аудиомагнитофон;
компьютер;
қабырғаға ілінген, жапқышпен жабылатын айна.
Сабақтың уақыты (жасқа тәуелді)
Әр тренинг сағатының ұзақтығы 35-45 минут (6-10 жастағы бала үшін), 3-4 сағат (11-16 жастағы бала үшін) бір 10 минуттық үзіліспен.
Жиілігі: аптасына 10реттен кем емес; 14-16 жастағы балаларға демалыс күндері тренинг-марофон ұйымдастыруға болады (күніне 6 сағаттан)
2. Ұйымдастуры жағдайында қатысушыларға да талап қойылады. Нақтылап айтқанда, ең маңыздысы топтың көлемі. Мамандардың айтуы бойынша ол қойылған мақсат пен міндетке сай болу керек, бірақ көбіне мына параметрлер оптималды болады: кем дегенде 3-4 немесе 30 қатысушыға дейін. Тұлғалық өсу тренингісінде 8-15 қатысады.
Қатысушыларға қойлатын келеси талап – тұлғалық дайындығы және мотивациясы. Негізгі талапқа сай тренингке қатысушының психологиялық денсаулығы: психологиялық орғанысы төмен, үйрену қабілеті жоғары, психологиялық дені сау адам тренинг мүшесі бола алады.
Қатысушылардың өз еркімен тренингке қатысуы кәсіби-этикалық талапқа жатады. Психолог тренингке шақырғанда тренингтің мақсаты жеткілікті түрде түсіндіріліп, мотивация тудыра алу қажет. Психологқа заң тұрғысынан да жауапкершілік артылады. Атап айтқанда, 14 жасқа толмаған бала тренингке қатысу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады.
Топқа қойылатын тағы бір талап - топтың құрамы. Мақсатқа байланысты топ гомогенді және гетерогенді, ал егер, жақын адамнан айырылған адамға қолдау көрсету мақсатында болса гомогенді болғаны дұрыс.
Тренигті өткізудің ерекшелігін айта отырып, топ қалыптасуының критериін көрсетуге болады.
Психотерапияда қолданылатын мінез-құлықтық тренинге қатысушыларды таңдау былай жүзеген асады:
психотерапияның негізгі курсын тиімді өту;
мінез-құлықтық тренингті өту үшін көрсеткіштің болуы;
қатысушылардың мотивациясы.
Лидере А.Г. топтық жұмыстың үш модусына негіздеп мынаны көрсетеді:
психотерапия өткен кезде қатысушыны таңдау принципіне дәрігердің жолдамасы керек.
Психологиялық оқыту тренингісіне қажетті принцип - өзге адамның шешімі (бастықтың, маманның);
Тұлғалық тренингте – қатысушының өзіндік шешімі маңызды.
Мәдениетаралық тренингке таңдау жасалғанда келесідегілер есепке алынады:
этикалық толеранттылық деңгейінің қалыптасуы – жағымды бекітілімнің болуы.
өз сыныбында жасөспірімнің жоғары социометриялық статусы – этносаралық өзараәрекеттік қалыптасқан дағдылар өзге мектепке барғанда да тұрақты болуы үшін.
