- •2Сурак.Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік
- •3Сурак, Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •4Сурак. Ф.А. Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
- •5Сурак. Психологиялық тренинг принциптері
- •7СуракТоптық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •8. Топтық психотерапия және гипноз.
- •9Сурак.«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •10Сурак.Топтық психокоррекция ұғымы
- •17Сурак Тренерге қажетті сапалар
- •19Сурак.«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •20Сурак, Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •21Сурак «Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •22Сурак. Топтық тренинг парадигмасы
- •24Сурак.Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •25. Топтық психотерапия ұғымы.
- •26 Сурак.« Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •27Сурак«Жер сілкіну » тренингі
- •32) Тренингтің алтын заңдары
- •36.Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •«Сәлемдесу»
- •37Сурак Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •38Сурак. Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас.
- •39. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •3.. «Ойлан тап!»
- •4.«Сөйлемді аяқтау»
- •41Сурак Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •43Сурак.Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •44СуракТопқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •49)Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістемелік астарлары
- •53Сурак.Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •54Сурак,Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •55Сурак. Тренинг топтарының негізгі түрлері мен классификациясы
- •56. Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •58Сурак Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •59Сурак. Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар.
- •60 Сурак.Тыныс алу жаттығулары
- •66)«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •68Сурак Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •69 Билет
- •70.Жалпы тренингтік әдістер
- •71Сурак.Тренинг топтарының жүргізушісі
- •72 «Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •75Сурак, Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
1-билет. Тренинг – психокоррекцияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның мағынасы, кәдімгі спорт саласында жиі қолданылатын «тренировка» (жаттығу) дегенді білдіреді. Айырмашылығы дене қимылдарының жаттығуы емес, психологиялық жаттығулар деген ұғым, «психотренинг» деп аталуы сондықтан. Тәжірибе саласындағы психолог көбінесе нақты ұжыммен жұмыс істейді. Сол ұжымдағы психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының сипатымен өлшенеді. Осыдан келіп, психологтың топтық қызметі пайда болады. Ұжымның еңбек көрсеткіші жоғары нәтиже беруі үшін ұжымда он психологиялық ахуал тудыру шарт. Психолог осы мақсатта ұжым мүддесі үшін топпен және жеке клиентпен (ұжым мүшесі) жұмыс істейді.Тренинг, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында қолданылатын топтық жұмыс формасы болып табылады. Оны жүргізуші психолог уақытша «тренер» (жаттықтырушы) ролін атқарады. Құрамдық ерекшелігіне қарай тренинг «психологиялық тренинг», «топтық тенинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» деп те атала береді.Психотренингтік топ, ұжымның ішкі өмірін бейнелейтін және қолдан жасалатынн қарым-қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады Топтағы өзара әрекеттер барысында топ мүшелерінің жеке бастық құндылықтары және оларға қажеттіліктер сезіледі. Топта жеке тұлға өзін басқаларды қабылдаушы, оларға сенім артушы, көмек көрсетуші және өзі де басқалармен қабылданушы ретінде сезіне алады.Әлеуметтік – психологиялық тренинг-топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген, арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болып табылады. Тренинг барысында жеке тұлғаның дамуы мәселесі барынша табысты шешіледі, коммуникативті (ауызша хабар алмасу-сөйлеу) дағдылары жетіледі, сондай-ақ топ мүшелері жеке басында бұрыннан қалыптасқан таптаурындарды (стереотип) қайта қарау, жөндеу мүмкіндіктеріне ие болады. Берілген оқу пәндерінде тренингтің міндеті, атқаратын қызметі, мақсатқа байланысты түрлері, тренинг өтетін орын, тренингтік залдың жабдықталуы, тренингтердің өту уақыты, ерекшелігі, тренерге қойылатын талаптар, типтік оқу бағдарламасына сәйкес беріледі.. Осы жолда үлкен жетістіктерге жету үшін маңызды шарт – үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға қажеттілікті сезіну.Тренинг жұмысының міндеттері бұл аралық мақсат болып табылады яғни, негізгі мақсатқа жету жолында шешілетін нақты мәселелер болып табылады. Сондықтан, кез келген тренингтің мақсатын анықтау кезінде жұмыстың әрбір этапында шешуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылады.
И.В.Бачков әрбір тренингтің нақты мәселесі ретінде мыналарды көрсетеді:
Жаңа іс әрекетке деген позитивті қатынасты қалыптастыру және мотивациялау
Топ мүшелерінің белгілі бір көріністерінің жүйесін қалыптастыру
Нақты іскерліктерді қалыптастыру.
Тренингтің пәні ретінде қойлған мақсат немесе таңдалған мәселеге қатысты белгілі бір феномендер болып табылады. Осыған байланысты тренер және топ өз зейінін келесі мәселелерге шоғырландыра алады:
Мінез құлық паттерндері, белгілі бір жағдайларда нақты әрекеттерге;
Тұлғалық немесе топтық динамикаға;
Топ қатысушыларының белгілі бір жағдайларына;
Мінез құлықтың когнитивті аспектілері, нақты даңдылар
2Сурак.Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік
Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады. Тренингтің әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың және тренердің көмегімен өз қорқыныштарын түсінуге, ішкі кедергілерді жеңе алады, басқа адамдар оны қалай қабылдайтынын жақсы түсіне алады. Бұл одан кейін де өзінің жағымды қасиеттерін неғұрлым эффективті қолдануға, қабілеттердің неғұрлым шынайы бағалауын қалыптастыруға, өзіндік қателіктер және кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді.
Тұлғалық өсу тренингінің мақсаты - өзіндік шешім қабылдай алуға үйрету,қмірге позитивті қатынасын қалыптастыру, жауапкершілік және тәртіптілік дағдысын орнату, сенімділікті дамыту,ұжымшылдыққа үйрету,өмірлік міндеттерді шешуге үйрнту б.т.
Тұлғалық өсу трнингі тек дені сау тұлғаға айтылады.Тұлғалық өсу форматында мынадай субьективті жұмыстар жүргізіледі:
- мақсат қою-тапырманы шешу- жақсы тәсіл табу- нәтижені бақылау- дамыту- дағдыны қалыптастыру- ептілікті өңдеу- қызығушылықты тұрақтандыру;
Тұлғалық өсу тренингтері бірнеше түрге бөлінеді:
Тұлғаны табиғи өсуге итермелейтін тренингтер- сауықтыру мақсатында жүргізіледі. Тұлғалық өсудің дамуына тигізетін кері әсерлерді жоюға бағытталған. Бұл түрде психотерапевтік тренингтерді жатқызуға болады. Белсенді тұлғалық өсу тренингі- адамдардың белгілі бір дағдыларды үйренуіне бағытталған. Мұндай тренингтер адамға өз бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен шешендік өнерін шындайды. Нәтижесінде адамның өз -өзіне сенімділігі артады.
3Сурак, Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
Қатынасушылар шеңберге тұрады. Әрбір қатынасушы бір ұлт өкілі бекітіледі; Француз, Ағылшын, Грузин, Орыс, қазақ, Үнді, Испан, Неміс, Украин т.б.Бұл ойын қатынасушыларды жандандырып, күлкіге әкеледі. Рольдер қабыоланғаннан кейін, әрқайсысы зейінін шоғырландырып, өз ұлт өкіліне еніп, сол ұлттың биін билеп, өлеңін айтуы тиіс. Бастапқыда бәрі айтып және тыңдайды, содан кейін қосылып бірге өлең айтып билейді. Біріккен қимыл қозғалыс, жалпы би, бір-біріне жақындасып топтың бірігуіне қажетті фактордың бірі. Сонымен қатар бұл белсенді қозғалыс жаттығуы. Ең маңыздысы – дәстүрден тыс, сериотиптен тыс әрекет ету.
4Сурак. Ф.А. Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
Флюид (жануар магнетизмі, месмеризм) – неміс дәрігері және астрологы Фридрих Месмердің теориясы. Қазіргі таңда бұл теория ғылымда қабылданбаған. Месмердің ойынша, флюид- бұл адамдардан бөлініп шығатын магниттік энергия. Жануар магнетизмі барлық тірі және өлі ағзаларға беріледі және кез келген қашықтықта әрекет ете алады, белгілі бір дыбыстар мен айна арқылы көбейіп жиналуы мүмкін деп саналған. Месмердің пікірінше, флюидтің біркелкі таралмауы организмде ауруға шалдықтыруы мүмкін, ал флюидтің гормониялық қайта бөлінуі арқылы ауруды емдеуге болады. Месмер: «жануар магнетизмі (флюид) ең алдымен сезім арқылы беріледі. Тек сезім ғана бұл теорияны түсінуге мүмкіндік береді». Ол дәрігер флюиді науқасқа қолының жанасуы арқылы берледі деп түсіндірді. 1776 жылы Месмер жануар магнетизмін медициналық мақсатқа қолданды, соның нәтижесінде қазіргі таңдағы гипноздың бастамасына жол ашты. Кейбір жазужылар өз еңбектерінде жануар магнетизмін қолданған. Олар: Эдгар Аллан, Артур Конан Дойл, Джон Харвуд.
